қы тұмауының арасындағы байланыстың қосымша дәлелі ретінде қарастыруға
болады.
Дерттенуі.
Дем алған кезде тыныс жолына түскен вирус үшін кілегейлі
қабықтар инфекция қақпасы болып табылады. Қоздырушы кілегейлі қабық-
тың
цилиндрлі эпиделийіне еніп, өсіп-өнгенде бүл торшалардың ыдырауына
әкеліп соқтырады.
Вирус тек қана жоғарғы тыныс жолдарында ғана емес өкпе ағзасында да
орын тебеді. Сондықтан да негізгі патологиялық өзгерістер өлген жануардың
өкпесінен табылады.
Торшалардан босанып шыққан вирус эпителий
ұлпасының жаңа телім-
дерін зақымдайды да, кілегейлі қабықтың мол ауқымына дерт жайылады.
Қабынған ұлпалар ыдыраған кезде улы заттар жиналып, қан мен сөлге өтіп,
көптеген
ағзаларда, оның ішінде жүрек етінде, бауырда, бүйректерде, қан
тамырларында дегенеративтік процестер басталады. Бұл процестердің, жалпы
дерттің өрбу дәрежесі макроорганизмнің төзімділігіне,
оның қоздырушы
микробқа қарсы түру қабілетіне байланысты.
Организмнің иммундік қорғанысында интерферонның түзілуі айтарлық-
тай рөл атқарады. Ауру жеңіл өткенде зақымданған мүшелердің қызметі тез
қалпына келеді. Организмнің төзімділігі нашар болғанда коктар, микоплаз-
малар, пастереллалар жэне басқа микроорганизмдердің эсерінен қосалқы ин1
фекция өрбиді.
Достарыңызбен бөлісу: