жылқы, әсіресе, құлын, жүқпалы анемияға шалдығады. Ремиссия кезінде
қанда вирустың титрі өте төмен болады немесе мүлде болмайды.
Ауру қоздырушысының негізгі тасымалдаушысы сона болып есептеледі.
Бұл жэндік вирустың механикалық тасымалдаушысына жатады. Маса мен
шіркейдің амения вирусын тасымалдаудағы маңызы оншама емес.
Жұқпалы анемияның жіті өткен кезінде вирус сыртқы ортаға жануар-
лардың эр түрлі экскременттерімен бөлінеді. Сондықтан
ауру және сау жыл-
қыларды бірге ұстағанда вирус' қажалған немесе сызаттанған тері арқылы
жұғуы мүмкін. Әйтсе де аурудың жанасу арқылы берілу қаупі оншама емес.
Жүқпалы анемия негізінен жаздың күні қан сорушы жэндіктер шыққан
мезгілде байқалады. Ал аурудың қысты күні байқалуы созылмалы өткен дерт-
тің асқынуынан немесе қан қүю, вакцина егу сияқты эрекеттердің нәтиже-
сінде болады. Бүл індет көбінесе түрақтанған
инфекция ретінде балшықты,
сазды жерлерде, орманды далаларда, өзенді, нулы, қан сорушы жәндіктері көп
алқаптарда кездеседі. Бастапқыда бірер малда ғана байқалған ауру біраздан
кейін жалпы білінуі мүмқің. Әдетте індет басталған соң 20-30 күннен
кейін
ауруға шалдығу көрсеткіші ең жоғары деңгейге жетеді. Жүқпалы анемияньщ
таралу қарқыны жоғары да, өшуі баяу өтеді.
Далалы жэне шөлейт аймақтарда жүқпалы анемия эдетте кең тарал-
майды. Мүндай жерде індеттің шығуы ауру жылқыны әкелуден болады. Жыл-
қылардың арасында симптомсыз анемия вирусын алып жүру кең таралған.
Ондай жануарлардың қанынан биопрепараттар (гипериммунды қан сарысуы,
буаз биенің қан сарысуы) даярлап, пайдалану індетті таратуға себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: