Жасырын өтуі
көп жылдар бойы жылқының
симптомсыз вирус алып
жүруінің нәтижесі. Аурудың ара-тұра редициві клиникалық белгілерінің кө-
мескі білінуі салдарынан байқаусыз қалуы мүмкін.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
Жұқпалы анемиядан өлген
жылқының өлексесін сойғанда өлітиюге тән өзгерістер байқалады. Ең алды-
мен кілегейлі жэне сірі қабықтарда, үлпершек мүшелерде, көптеген ноқатты,
дақты, жолақты қанталаулар көзге түседі. Көздің, ауыздың, танаудың кіле-
гейлі қабықтары, тері асты шелі бозғылт түсті, кейде сарғыш тартады. Сөл
түйіндері, әсіресе,
көк бауыр мен бауырдың, ұлғайып, түсі қара-қошқылда-
нып, болбырап, кескен жері бұдырмақтанып тұрады. Ауру созылмалы өткенде
көк бауыр аздап ұлғайып, іріміктеніп, тілгенде ақшыл-сұрғылт бүртіктер
көрінеді. Бауыр анемия жіті өткенде ұлғайып, шеті кернеліп тұрады. Ауру
созылмалы
өткенде көлемі қалыпты, кейде аздап атрофияға шалдығып, бөлік-
тері айқын көрінеді. Егер
жылқы ауру асқынған кезде өлсе, бауыр өте ұлға-
йып, тілгенде мускат түсті болады (бөліктерінің шет жағы сұрғылт-сары, ал
ортасы қызғылт-қоңыр).
Жүрек әдетте оң қарыншаның кеңуінен ұлғаяды, қаны сұйылады. Гисто-
логиялық тексеру үшін 10% формалин ерітіндісіне салып, қалыңдығы 2 см
аспайтын бауырдың, көк бауырдың, жүректің, бүйректің кесінділерін алады.
Барлық мүшелерде мононуклеарлық фагоциттер жүйесінің
белсенділік реак-
циясы байқалады. Бүл клеткаларда гемосидерин қорданылады. Әсіресе, бауыр
мен көк бауырдағы өзгерістер өзгеше болады, бауырдың капиллярларында
гистиоциттер, макрофагтар, лимфоидты торшалар шоғырланады. Макрофаг-
тар мен Купфер клеткаларында гемосидерин болады. Созылмалы процесс
кезінде бауыр торшалары өліеттенеді. Жіті анемия кезінде көк бауырдың
қызыл
пульпасы қанға толы болады, гемосидериннің мөлшері қалыпты жағ-
дайда, созылмалы анемия кезінде гемосидерин азайып, кейде мүлде жоғалып
кетеді. Бүйрек пен жүректің қан тамырларының айналасында гистиоциттер
мен лимфоидты торшалар шоғырланады.
Балау.
Жұқпалы анемияға диагноз індеттанулық, клиникалық, гемото-
логиялық, патоморфологиялық тексерулердің нэтижесінде қойылады.
Соңғы
жылдары серологиялық тэсілдер кеңінен қолданыла басталды.
Індеттік ахуалды анықтау үшін аймақта, нақтылы шаруашылықта бұрын
жүқпалы анемияның болғандығы, ауру қоздырушысының бастауы жэне бері-
лу тетігінің болу мүмкіндіктері, маусымдылық жэне климаттық жағдайлар,
қан сорушы жәндіктердің құрамы қарастырылады. Байқалған аурудың клини-
калық ерекшеліктері, ауруға шалдығу жэне өлім көрсеткіштері ескеріледі,
өткен жылдары жылқылардың ауру жэне өлу себептері анықталады. Жүқпалы
анемиямен жылқы жазда жэне күзде
ғана жаппай ауырады, ал бірен-саран
жылдың кез келген маусымында байқалады. Ауру малдың жасына қарамайды.
Клиникалық тексеру кезінде аурудың өту ерекшеліктері, дене қызуының
құбылмалылығы, кілегейлі қабықтардың қанталауы, аппетит сақталғанына
қарамай жылқының тез арықтауы, артқы аяқтарының салдануы, домбығу бел-
гілері ескеріледі. Ауырған жылқының жүрек қызметінің қозуы өлшенеді. 50 м
352
жерге жүгіртіп алғанда 0,5 мин ішінде 5 сек.
сайын тамыр соғысын сана-
ғанда, апдыңғы сан соңғысынан 2,5-3 есе көп болады.
Гемотологиялық тексеру кезінде гемоглобин анықтапады, эритроциттер
мен лейкоциттер саналады, эритроциттердің шөгу жылдамдығы өлшенеді.
Сау жылқының эритроциттер саны 5-9 млн. болса, анемия кезінде 4 млн. тө-
мен болады, гемоглобин 45 Сапи бірлігінен 30-18-ге төмендейді. Лейкоцит-
тер саны өзгермейді, an лимфоциттер 25-35% орынына 60-75% болады (6-7
айлық сау қүлындарда да кейде 60%-ға жетуі мүмкін). Эритроциттердің шөгу
жылдамдығы апғашқы 15 мин. 70 бөлікке, ал 1 сағат өткенде 80 бөлікке жетуі
жұқпалы анемияға тэн құбылыс деп есептеледі.
Жүқпалы анемияға лабороториялық тексеру
комплемент байланыстыру
реакциясы (КБР), иммунофлуоресценция реакциясы (ИФР), диффузиялы пре-
ципитация реакциясы (ДПР), гемаглютинацияны тежеу реакциясы (ГАТР)
арқылы ауру қоздырушы вирусқа қарсы антиденелерді анықтауға негізделген.
Бүл эдістердің ішіндегі ең сенімдісі ДПР. Оның көмегімен антиденелер ауру
жүққан соң 15-20 күн ішінде айқындалады. Экспортқа шығатын, халықаралық
жарыстарға қатысатын жылқылар осы тәсілмен тексеріледі.
Ерекше жағдайда жүқпапы анемияға биосынама қойылады. Ол үшін
ауруға күдікті мапдың қанын сау жылқыға, әдетте қүлынға жіберіп, 90 күн
бойы бақылайды. Егер ауруға тэн клиникалық белгілер байқалса немесе ДПР
оң нәтиже берсе диагноз расталды деп есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: