Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет274/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дертенуі. 
Денеге енген инан вирусы макрофаг торшаларында көбейеді 
де көп мөлшерде вириондар мен вирустың антигендері түзіледі. Оған жауап 
ретінде антиденелері түзіледі. Дерт процесі нэтижесінде макрофагтар жэне 
бірқатар басқа да торшалар зақымданады. Вирустың тікелей торшаға эсер 
ететін цитолиздік белсенділігі төмен, ал зақымдану қан айналымында ұзақ 
уақыт болатын антиген-антидене иммундық кешенінің эсерінен болады. 
Эритроциттерге жабысқан вирус пен антиденелер қосылып, бұл иммундық 
кешендер комплемент жүйесін іске қосып, гемолизге әкеп соқтырады. Нэти- 
жесінде аурудың негізгі клиникалық көрінісі анемия пайда болады. Анемия- 
ның бүдан басқа да себебі бар. Ол дене қызуының салдарынан және макро- 
фагтарда вирустың көбейуіне байланысты гемопоэздің бэсендеуі. Сүйек ма- 
йының гипофункциясы, сонымен қатар, темірдің жетімсіздігінен де туындай- 
ды. Сонымен, бұл инфекция кезіндегі анемия тамырдың ішіндегі жэне сыр- 
тындағы эритроциттердің гемолоизге үшырауының жэне сүйек майының қан 
түзу қызметінің нашарлауының салдары.
Өтуі мен симптомдары. 
Аурудың жасырын кезеңі орта;есеппен 10-30 
күн, кейде 5 күннен аспауы немесе 3 айға дейін созылуы мүмкін. Жүқпалы 
анемияның негізгі белгілері: дененің қызынуы, гастроэнтерит, жүректің элсі- 
реуі жэне тыныстың тарылуы. Белгілердің біліну ерекшеліктеріне және қар- 
қынына қарай аурудың аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы жэне жасы- 
рын түрлері болады.
349


Аса жіті өтуі
сирек байқалады. Аурудың бүл түріне диагноз қою қиын- 
ға соғады да, уланудан, жіті өтетін вирустық немесе бактериялық аурулардан 
ажырату мүмкін бола бермейді. Жүқпалы анемияның аса жіті өтуі індет алғаш 
байқалғаңда кездеседі. Оның жасырың кезеңі қысқа, деңенің қызуы үнемі 
жоғары деңгейде болып; жүректің қьізметі нашарлап, тыныс жиілеп, гемор- 
рагиялық энтерит байқалады. Ауру бірнеше сағагтан екі тэулікке дейін созы- 
лып, өліммен аяқталады.
Ж іті өткенде
дененің қызуы көтеріліп 40-41°С-қа жетеді. Жануар күйзе- 
ліп, кейде аздап қозынады. Конъюнктиваны, танау мен ауыздың кілегейлі қа- 
бығын қан кернейді. Жүректің соғысы жиілеп, ауру өршіген кезде тамыр со- 
ғысы минутына 100-ге жетеді. Жүрек қызметінің бұзылуынан үйек тұсында, 
ұмасы мен сирақтарында сүйықтық іркіліп, домбығу байқалады. Ауырған 
жылқы басын төмен салып, қүйзелісті жағдайда болады. Жүргенде ентігіп, 
жүрегі қатты соғып, сүріне береді.
Әдетте тышқаншық тиіп, іші өтіп, кейде нәжісіне қан араласады. Жем- 
шөпті дұрыс жегенімен жьілқы тез арықтайды. Ауру дами келе көзге көріне- 
тін кілегейлі қабықтары бозарып, ісінеді, ұсақ-ұсақ қанталаулар байқалады. 
Әсіресе, көздің үшінші қабағы мен тілдің астының қанталауы жиі ұшырасады. 
Көз конъюнктивасы алабұртып, осы ауруға тэн патагностикалық жағдайда 
болады
Ауру жіті өткенде анемия тез өрбиді. Эритроциттердің саны Імл-де 3-2 
млн., кейде 1 млн-ға дейін кемиді, қан сүйылып, нашар ұйыйды, эритроцит- 
тердің шөгуі (ЭШЖ) жьшдамдайды. 15 мин-та 70-80 бөлікке жетеді, артерия- 
лық қан қысымы төмендейді.
Аса ауыр жағдайда бүйрек зақымданып, несеп шамадан тыс бөлініп, түсі 
қоңыр-қошқылданып 5-10%-ға дейін белок болады.
Дененің қызуы үнемі жоғары болып, тек кейбір күндері ғаңа төмендейді. 
Жіті өткен анемия 3-15 күнге, кейде бір айға дейін созылады.
Жітіден төмен өтуініц
белгілері аурудың жіті өткен түрінің жалғасы 
сипатты. Инфекция жіті өткенде бірнеше рет ұстамасы білінген соң, клини- 
калық белгілері өшкінденіп, субклиникалық түрге ауысады. Дененің ыстығы 
қайтып, жүрек қызметі қалпына келіп, жануардың қоңы көтеріле бастайды. 
Бүл кезең бірнеше күннен бірер аптаға дейін созылады да, одан кейін аурудың 
үстамасы қайталанылады.
Ремиссия кезінде жылқы сау болып көрінеді. Бірақ, мүқият тексергенде 
жүрек қызметінің кемістігі, күш түскенде тез шаршайтындығы байқадады да, 
жануар тершең жэне сүріншек келеді. Ондай жылқыны емдеу немесе күту 
аурудың қайталауына экеп соғады. 2-3 ай ішінде ауру 1-2-ден 10 ретке дейін 
қайталануы мүмкін. Рецидивтің 3 айдан асуы сирек қүбылыс. Қайталанған 
кезде аурудың жіті өткен кезіндегі белгілері байқалады. Бұл кезде жылқының 
несебі мен нәжісінде қан болады. Анемия жітіден төмен өткенде жылқы өледі 
немесе ауру созылмалы түрге ауысады.
350


45-сурет. Жітіден төмен өткен жүцпалы анемия кезінде үлек
түсыныц домбыгуы.
Созылмалы өтуі
көбінесе жұқпалы анемия ұзақ уақьіт байқалған ща- 
руашылықтарда кездеседі, кейде аурудың жаңадан шыққан жерінде де ұшы- 
расады. Анемия созылмалы өткенде оқтын-оқтын дененің ыстығы көтеріліп, 
арасында ремиссия ұзаққа созылады. Аурудың қайталануы мен оның арасын- 
дағы ремиссия бірнеше сағаттан 5-6 күнге, кейде 2-3 аптаға созылады. 
Дененің қызынуы таңертең немесе кешке ғана байқалуы мүмкін. Қызбаның 
ұстамасы кезінде жүректің қозынуы күшейіп, жылқы жүдеп, қаназдық бай- 
қалады, кейде тышқаншық тиіп, ішек-қарынның қызметі бүзылады.
Дененің қызынуы бірнеше күннен бірер айға дейін байқалмай, мүндай 
ұзақ ремиссия кезінде жылқының күші қалыпты жағдайдағыдай көрінеді. 
Бірақ та, жануар тез болдырып, күш-қуаты бара-бара төмендеп, арықгай бас- 
тайды. Егерде күтімі жақсы болса ондай жылқыны мінуге, тіпті ипподром- 
дағы жарысқа қосуға да болады. Сондықтан азфудың мұндай түрін балау 
қиынға соғады да, асқынған немесе жіті өткен кездерін ескертп қана диагноз 
қою мүмкін болады. 

Созылмалы анемиямен ауырған жылқының қарынының =
секрециялық 
қызметі нашарлап, сөлінде бос түз қышқылы азайып, қышқылдығы төмен- 
дейді. Бүдан басқа клиникалық белгісі ретінде көздің түбінің ноқатты немесе 
жолақты қанталауын ескерген жөн. Аурудың мүндай түрі бірнеше жылға 
созылуы мүмкін. Жануар әбден жүдеп барып немесе аурудың үстамасы бай- 
қалған кезде өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет