Оқулық. Алматы, 518 бет


Патөлөгиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет283/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патөлөгиялық-анатомиялық өзгерістер 
негізінен кілегейлі қабықтарда 
байқалады. Бүл процестер қарқы нды катарлы қабыну, қанталау, бөріткен
360


түсу, ойылым пайда болу арқылы сипатталады. Септицемия кезінде жүрек 
етінде, бауырда, бүйректерінде эр түрлі дэрежеде паренхималық дегенерация 
орын алады. Мононуклеарлы макрофагтар жүйесінде пролиферация процес- 
тері болады.
Шашыранды менингоэнцефалит белгілері байқалып, омыртқа маңындағы 
жүйке түйіндерінде (ганглияларда) лимфоциттер мен нейтрофилдер шоғырла- 
нады.
Тастанды төлде геморрагиялық диатез байқалады. Көкірек жэне құрсақ 
қуыстарында біршама қанды сарысу болады.
Ми қабықтары домбығып, іріңсіз энцефалит белгілері білінеді.
Балау. Клиникалық белгілері бойынша ринопневмонияны анықтау қиын- 
дық тудырады. Оның белгілері басқа вирус ауруларына, эсіресе тұмауға ұқ- 
сас. Ринопневмонияға күдік биелердің буаздығының екінші жартысында өзіне 
тэн белгілермен іш тастауынан туады. Түпкілікті диагноз зертханалық зерт- 
теулердің нәтижесінде қойылады.
Зертханалық балау вирусты бөліп алып, серологиялық реакциялармен 
айқындауға негізделген. Зерттеу үшін ауырғанына 1-3 күн болған жылқының 
танауынан аққан сора, тастанды жэне өлген қүлынның ішкі үлпершек ағза- 
лары, жүйкелік түрі кезінде ми мен жүлын пайдаланады. Ринопневманияның 
вирусын патматериялдан бөліп алу үшін торша өсіндісінде өсіреді. 2-3 күн 
өткенде герпесвирустарға тән дөңгелектенген көп ядролық торшалар немесе 
симпластар түзіліп өзгеше цитопатогендік эсер байқалады. 4-5 күн өткенде 
торшалардың жалаң қабаты мүлдем ыдырайды. Вирусты айқындау үшін 
телімді қан сарысуымен гемадсорбция реакциясы немесе гемадсобцияны 
тежеу реакциясы қойылады.
Ретроспективалық диагноз қою үшін жылқының қан сарысуын бейтарап- 
тау реакциясымен, комплемент байланыстыру реакциясымен, гемагглютина- 
цияны тежеу реакциясымен тексереді. Қажет жағдайда бүл реакцияларда қан 
сарысуын 2-3 апта аралатып барып қайта тексеру арқылы телімді антидене- 
лердің титрінің өзгеруін анықтайды. Егер 25-30% жағдайда титрі 4 есе немесе 
одан жоғары артса диагноз дүрыс деп есептелінеді.
Ринопневманияны түмаудан, реовирустық инфекциядан, жүқпалы ане- 
миядан, сальмонеллезден ажырату қажет. Ол үшін аурудың клиникалық, 
патологоанатомиялық жэне індеттік ерекшеліктері ескеріледі, қорытьінды 
түжырым зертханалық зерттеудің нэтижесіне сүйеніп жасалады.
Емі. Телімді арнайы дәрмектер жоқ. Аурудың бастапқы кезеңінде дене 
қызуы 40,5°С-қа жетсе ыстықты басатын дэрілермен емдейді. Танау қуысы 
мен өкпенің зардаптануы біліне бастаса антибактериялық ем қолданылады. 
Жас қүлынға ауру тумай түрып немесе туа салысымен жүғады. Ондай төлге 
ерекше күтім және антимикробтық ем қажет. Мүндай шара қолданылмаса 
ауру асқынып, пневмония, ішектің атониясы, қуықтың қабынуына әкеп 
соғады. Уақыттылы жэне тттүғыл жүргізілген ем нәтижелі болады. Әдетте ауру 
мал эбден жазылып кетеді, кей жағдайда жүйке жүйесі зақымдануының 
салдары байқалады.
361


Иммунитет. 
Ауырып жазылған қүлында иммунитет қысқа уақытқа ғана 
сақталады да, бір жасқа толғанда ондай төл қайталап ауруы мүмкін. Уыз 
арқылы қалыптасқан иммунитет біртіндеп өше келе 2-3 айға жетеді. Ауырған 
ересек жылқыда иммунитет 3-6 ай ған сақталады. Жалпы алғанда аурудың, 
респираторлық түріне қарағанда, аборттық түрінен кейінгі иммунитет ұзақ 
уақыт сақталады.Ринопневмония кезіндегі иммунитетте гуморальдік жэне 
торшалық факторлардың маңызы бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет