Ринопневмонияның вирусы ауру жылқының қанында, танаудан аққан
сорада болады да, жануар пысқырған кезде аэрозоль ретінде ауаға шашырай-
ды. Буаз биенің шаранасында вирус мол шоғырланады да, іш тастаған кезде
сыртқы ортаға бөлінеді. Тастанды төл, шу жэне шарана негізгі жүғу факторы
болып табылады. Вирустың айғыр шәуітімен берілетіндігі толық дәләлденген
жоқ.
Ауру қоздырушысының бастауы ауырған, жасырын кезеңдегі жэне вирус
алып жүретін жылқылар. Ринопневмония жаңадан байқалған шаруашылық-
тарда ауру өте жиі өтіп, барлық бейім жануарлар түгелдей дерлік ауырып бол-
май басылмайды. Буаз биелердің көпшілігі іш тастайды. Іш тастаған биелерде
иммунитет қалыптасады да, кейінгі 2-3 жылда іш тастау өте сирек ұшырайды.
Буаз бие негізінен 5-11 айлығында, әсіресе, 10 айлығында құлын тас-
тайды. Ауру тұрақтаған шаруашылықта ринопенвмония 2-4 жылда қайталана-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: