Оқулық. Алматы, 518 бет


Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет284/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дауалау және күресу шаралары. 
Ринопневмония байқалған шаруашы- 
лықта шектеу қойылып, биелерге айғыр қосуға тиым салып, қолдан ұрықтан- 
дырады. Ол үшін сүйық азотта сақталған ауру басталғанға дейінгі мерзімде 
алынған немесе сау шаруашылықтан экелінген шэует пайдаланылады.
Ауру шыққан кезде табындағы барлық ауырған немесе ыстығы көтеріл- 
ген биелерді бөліп алып, құлындағанға дейін оқшаулап үстайды. Ауырған 
құлындарды ерекше күтімге алып, енесін саумайды. Жазғы ыстықта көлеңкелі 
жерде, қыста жылы қорада үстайды. Тастанды төл мен шуын, көңді жем- 
шөптің қалдығын өртеп жібереді.
Ауруға қарсы тірі өсінді вакцина, аламан тышқанға (хомяк) бейімделген 
вирустан даярланған өлтірілген вакцина қолданылады. Биелерді айғырдан 
шыққан соң 1-3 ай өткенде, екінші рет 6-7 айлығында егеді. Қүлындар мен 
айғырларды еккеннен соң 3-4 ай аралартып, қайталап егеді.
Шаруашылықтан шектеуді, егер буаздығының екінші жартысындағы 
биелер болмаса, ең соңғы аурудың білінгенінен 2 ай өткенде алады. Бүның ал- 
дында жылқы қораларын, әбзел-саймандарын, көлік жабдықтарын түгелдей 
мүқият дезинфекциялайды.
Атаулар мен ұғымдар
Ринопневмония, Rhinopneumonia equorum, жылқы герпесвирустарының
1-типі (ЖГВ-1), 2-типі (ЖГВ-2), 3-типі (ЖГВ-3). Herpesvirus equi. Ринопнев- 
монияға қарсы тірі өсінді вакцина, аламан тышқанға бейімделген өлтірілген 
вакцина.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Ринопневмонияның респираторлық түрін құлындарда сақаудан, аборттық 
түрін биелерде сальмонеллезден, жыныстық түрін айғырлар мен биелерде 
сальмонеллез бен қара қапталдан (случная болезнь) қалай ажыратып, диаг- 
нозын анықтайтынына талдау жасаңыз.
362


Жылқының делбесі немесе жүқпалы энцефаломиелит 
(Encephalomyelitis
enzootica equorum,
инфекционный энцефаломиелет лошадей) - орталық жүй- 
ке жүйесі мен ішек-қарынның зақымдануымен, дененің сарғаюы жэне жоғары 
өдім көрсеткішімен сипатталатын, жіті өтетін ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет