Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет282/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Табиғи жағдайда вирус жылқының денесіне тыныс жолдары 
арқылы енеді. Ол алдымен танаудың кілегейлі қабығының эпителийінде өсіп- 
өнеді. Инфекцияның бастапқы осынау ошағынан ауру қоздырушысы қанға 
өтеді де, сол арқылы ішкергі тыныс мүшелеріне, жатырға, орталық жүйке жү- 
йесіне тарайды. Вирустың көбеюі оған қарсы иммундік реакцияларды туды- 
рады да, қанда, кілегейлі қабықтардың секреттерінде антиденелер пайда бола- 
ды. Бүл антиденелер сырттан енетін инфекциядан қорғағанымен, іштегі ин- 
фекцияның өрбіп, асқынуына төтеп бере алмайды. Сондықтан буаз бие жа- 
тырындағы үрық дертке шалдығады. Бүл процеске антиген мен антидененің 
қосылысынан пайда болған иммундік кешендердің де себепкерлігі бар. 
Организмнің иммундік қорғанысында жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықта- 
рында қалыптасқан орны шектелген иммунитеттің маңызы жоғары да, гумо- 
ральдік антиденелердің жануардың жазылуына септігі онша емес.
Өтуі мен симптомдары. 
Ринопневманияның жасырын кезеңі 3-7 күн. 
Ауру кэдімгі өткенде ересек жылқының жоғарғы тыныс жолдары қабынып, 
ыстығы 39-40°С кейде 41°С-қа жетіп, жануар жабырқап, күйзеледі. 2-3 күн 
өткенде тыныс жолдарының катарлы қабынуы қайтып, дененің ыстығы ба- 
сылады.
Малдың күтімі жақсы болса ауру жеңіл өтіп, катар процестері онша 
білінбейді, тек дененің қызынуы ғана байқалады. Күйі нашар жылқылардың 
жүтқыншақ сөл түйіндері ұлғайып, кейде фарингит жэне көмейдің ісінуіне 
байланысты жануар ентігіп тыныс алады. Сирақтарындағы тарамыс қынапта- 
ры қабынып, пододерматит байқалады. Ауру аса зілді өткенде миокардит бай- 
қалып, жүректің қызметі бұзылады. Орталық жүйке жүйесі мүкістеніп, жа- 
нуар селқостанып, аяғын тэлтіректеп басады, жақтың, құйрықтың, сфинктр- 
дің жүйкелері салынады. Ауру басқа вирустық немесе бактериялық инфек- 
циялармен асқынса пневмония байқалады.
Ринопневмонияның респираторлық, аборттық, жыныстық жэне жүйкелік 
түрі болады.
Респираторлъщ түрі.
Қүлындар мен жас жылқыларда ауру респиратор- 
лық түрде байқалып, күтімі жақсы болғанда, зілсіз өтеді. Негізінен жоғарғы
359


тыныс жолдары зақымдап, дененің ыстығы шамалы көтеріледі. Кэрі жылқы- 
ларда табиғи калыптасқан иммунитеттің эсерінен аурудың бұл түрі сирек 
байқалады.
Құлындар ауруға енесінің құрсағында шалдығып, элсіз болып туады да, 
уыз еме алмайды. Танауының, ауызының кілегейлі қабықтары мен конъюнк- 
тивасын қан кернеп немесе сарғыш тартады. Туған құлындардың кейбірі 1-1,5 
күнде өліп қалады, тірі қалғандарында ауру қосалқы бактериялық инфекция- 
мен асқынады. Дененің ыстығы қайталанатын қызба түріне ауысады. Танау- 
дан аққан сұйық сора қоймалжың іріңді түрге ауысады.
Ересек жылқыларда ауру дененің сәл қызынуымен, танаудан аздап сора 
ағумен ерекшеленеді. Мұндай жағдай ескерусіз қалып, оның себебі, суыққа 
шалдығу, жемшөптің сапасыздығы, шаң-тозаңның әсері дегендей қорытынды- 
мен шектеледі.
Аборттъщ түрі.
Буаз биелер ауруға шалдыққанда, олар буаздықтың 
екінші жартысында іш тастайды. Инфекцияның басталуында дене қызынып, 
тыныс жолдары зақымданады. Көбінесе бұл белгілер онша білінбейді. Бұндай 
бастапқы реакциядан кейінгі аурудың симптомсыз өшкін кезеңі басталады
бие іш тастағанға дейін аурудың симптомы байқалмайды. Аборт сыртқы бел- 
гісінсіз кенеттен болады да, іш тастаған бие онша күйзеліске үшырамайды, 
жемшөп жеуі қанағаттанарлық, дененің ыстығы, тыныс алуы, тамыр соғысы 
қалыпты жағдайда болады.
Инфекция зілді өткенде іш тастайтын бие қиналып, терлеп, кейде сирақ- 
тары салданып, жатып қалады. Кей жағдайда іш тастаған бие өліп қалуы мүм- 
кін. Кейбір биелердің құлыны өлі туады немесе төл шала жансар туып, 1-3 
күн ішінде өліп қалады.
Жыныстъщ түрі.
Биенің жыныс мүшелеріне ауру қоздырушы герпес 
вирус айғырдан шыққан кезде немесе гематогендік жолмен қан арқылы келе- 
ді. Бүл инфекцияның себепкері ринопневмонияның қоздырушысы ЖГВ-1 
ғана емес, герпес вирустың үшінші типі ЖГВ-3 де бие мен айғырдың сыртқы 
жыныс мүшелерінде қолдыраған бөріткендер ретінде байқалатын ауруға шал- 
дықтырады. Соңғы вирус коитустық (шағылысу) экзантеманың қоздырушысы 
аталады. Бүл ауру кезінде пайда болған сызаттар мен ойылымдар терінің те- 
реңдегі қабаттарын да қамтиды.
Жүйкелік түрі.
Жылқының герпес вирус инфекциясы кезінде аурудың 
ақырындағы жіті энцефаломиелит ретінде байқалады. Бүл клиникалық симп- 
томдар вирустың тікелей эсерінен немесе ауру кезінде пайда болатын иммун- 
дық антиген-антидене кешенінің эсерінен болатындығы дэл анықталған жоқ. 
Жүйке симптом кешені іш тастаған биелердің 1-2%-ында кездеседі. Оның 
белгілері жақ жүйкесінің салданып, жақ еттері босаңсып, тілі мен еріндерінің 
салбырауы, сирақтарының, әсіресе, артқы сирақтарының салдануы. Жылқы- 
ның сауыр терісінің сезімталдығы жойылып, аяғы ақсап, жүре алмай қалады. 
Ауру зілсіз өткенде бүл белгілер бір күнде немесе бір аптада басылады. Ауру 
зілді өткенде жылқы денесі түгелдей салданып, өліп қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет