183
өзi қосты. Осыдан бастап
оның ағартушылық және
педагогикалық қызметi басталды.
1864
жылы қазақ балаларына арналған интер-
наты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгiт
жұмыстарының нәтижесiнде оқуға 16 бала жазыл-
ды. Кейiнiрек бұл мектептердегi
оқушылардың саны
арта бас тады. Халық ағартушысы жүргiзген үгiт жұмыстары нәтижелi
болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды:
«Аш қасқырдың қойға
ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кiрiстiм және менi
өте қанағаттандыратыны – бұл балалар әлдеқандай үш ай дың iшiнде
оқу ды, тiптi жазуды үйренiп алды».
1879
жылы Ы. Алтынсарин
Торғай облысы мек-
тептерiнiң инс пекторы болып тағайындалды. Оның
еңбегiнiң арқасында бiлiм беру саласы қазақ да-
ласында кең орын алды. Атап айтқанда,
облыстың
бар лық уездiк қалаларында училищелер ашу қолға
алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел
аралап шықты. Халықтан қажеттi қаржы жинастырды. Соның нә ти-
жесiнде барлық уездерде екi сыныптық орыс-қа зақ училищелерiн ашты.
Оларды мұғалiмдермен және оқушылар мен то лық қамтамасыз еттi. Ол
мектептердiң
жабдықталуына, олардың жанында шағын кiтапханалар
ұйымдастыру ға ерекше мән бердi.
Қазақстанда қыз балаларға бiлiм берудiң басталуы да Ы. Ал тын-
са риннiң есiмiмен байланысты. Аса көрнектi
халық ағартушысының
басшылығымен қыз балаларға арналған бiрнеше мектептер ашылды.
Олардың жанында интернаты болды. Ы. Алтынсарин мектептi халық
ағар ту iсiнiң маңызды бір буыны деп санады.
Достарыңызбен бөлісу: