71
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
Педагогика тек жаңа фактілермен толықтырылатын жағдайда ғана
да ми алады. Оларды жинақтау мен түсіндіруде теориялық қағидалардың
жи ын тығына тәуелді зерттеудің ғылыми-негіздемелік әдістері керек. Оны
ғы лым тануда «әдіснама» деп атайды. Әдіснама белгілі бір зерттеудің маз-
мұ нында, оның материалында, авторлық ойдың дамуында болады. Ғылым-
ның алға жылжуы оның әдіснамалық бағытына да байланысты болмақ.
Әдіснама зерттеуді ұйымдастыруда оның нысаны мен пәнінің ерекшелігіне
сәйкес келетін жалпы қағидаларды әзірлеуді бағамдайды.
Әдіснамалық ұстанымдардың құрылымы мен мазмұны Б.Г. Ананьев,
В.И. Андреев, В.И. Беляев, Ю.К. Бабанский, Б.С. Гершунский, В.И. Загвя-
зинский, Б.Т. Лихачев, В.М. Полонский, М.Н. Скаткин, В.А.
Сластенин,
Я.С. Турбовской, В.С. Шубинский және т.б. психолог, педагог ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған. В.И. Загвязинский педагогикалық зерттеудің
негізін қалаушы қағидалардың арасынан партиялық, ғылымилық қағи да-
ларын, логикалық пен тарихилықтың бірлігі қағидасын, тұжырымдамалық
бірлік қағидасын, нақты мен міндеттінің байланысы қағидасын, сонымен
қатар зерттеу жұмысы мен тәжірибелік оқу-тәрбие жұмысының бірлігі
қағидасын атап көрсетеді. Автор тұжырымдамалық бірлік қағидасының
құрылымындағы педагогикалық үдерісті зерттеудегі жүйелілік және
тұтастық ұстанымдарының мәнін қарастырады [84; 85].
Ю.К. Бабанский
таптық-партиялық тұғырды, логикалық пен тари хи-
лықтың бірлігі қағидасын, диалектикалық жүйелі-құрылымдық тұғырды,
іс-әрекеттік тұғырды, педагогикалық құбылыстардың заңдары мен заң-
ды лықтарын анықтау тұжырымдамасын негіздеді. Ал партиялық қағида,
таптық-партиялық тұғыр педагогиканың әдіснамалық негіздемесінің идео-
логияландыруын көрсетеді. Нәтижесінде
педагогикалық құбылыстардың
мәнін бұрмалайтын идеологиялық парадигмалар кең қолданыла бастады,
дегенмен сол жылдары мұндай тұғыр кеңінен қолданыста болды [21; 22].
Педагогика пәні оқу құралының авторлар ұжымы В.А. Сластенин,
С.А. Смирнов, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов педагогикалық зерттеудің нақты-
әдіснамалық қағидаларын әзірледі, «жүйелік», «тұлғалық», «іс-әре кеттік»,
«диалогтық», «мәдениеттанымдық»,
«этнопедагогикалық», «антро по ло-
гия лық» сияқты тұғырлардың мазмұнын ашты. Сол себепті В.И. Гинецин-
ский педагогиканың құрылымын педагогикалық аксиология, антрополо-
гия, мәдениеттану, микроәлеуметтануды қамтитынын көрсетті. Бұл, әрине,
әдіс намалық ұстанымдарды табысты қолданудың нәтижесі болып табыл-
ды [59].
Білім беру үдерісі – педагогикалық болжамның
әдіснамалық қа ғи да-
ларын зерттеу пәні болды. Б.С. Гершунский «әдіснамалық ұстаным» ұғымын
теория мен тәжірибенің мақсатына жетуге, білім беруде стратегиялық
шешімдердің вариативтілігі мен көп өлшемді бағалауына, білім беру са-