Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет123/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
296
Қазақ этнопедагогикасының негізін қалау шы-
лардың бірі, педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор – Әдібай Табылдыұлы Табылдиев. 
Ол беделді ғалымдардың қатарында қазақ этно-
пе дагогикасын дамыту, оның идеяларын өскелең 
ұр пақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне енгізуге, пе да-
гогикалық кадрларды дайындауға үлес қосты. 
Ә.Т. Табылдиевтың «Қазақтың халықтық педа-
го гикасы және тәрбиесі» атты монографиясы мен 
өзге де ғылыми еңбектері республикада қазақ 
этно педагогикасының ғылыми бағыт және оқу пәні ретінде дамуына ар-
налған. Ол 7 монография мен 5 оқулық жазды, соның ішінде «Ұлттық 
тәрбие иірімдері», «Қазақ этнопедагогикасы», «Қазақ этнопедагогикасын 
оқытудың әдістемесі», «Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбиесі» 
еңбектерінің маңызы зор. 
1998 жылы оның басшылығымен «Қазақ этнопедагогикасын оқыту 
әдістемесінің ғылыми негіздері» тақырыбы бойынша әдіснамалық се ми-
нар-кеңес ұйымдастырылып өткізілді. 2002 жылы өзінің «Қазақ этно пе-
дагогикасы пәнін оқытудың әдістемесі» оқу құралы үшін ҚР БжҒМ-ның 
Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері болды. Әдібай Табылдыұлы 
– КСРО және Қазақ КСР халыққа білім беру озаты. 
Көбесов Ауданбек – педагогика ғылымдарының 
докторы, профессор. 1932 жылы Жамбыл облысы, 
Талас ауданы Қызыл таң ауылында дүниеге кел-
ген.1952 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің «матема-
тика» мамандығын үздік бітіріп шықты.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уни-
вер ситетінде профессор (1977), математиканы оқы-
тудың әдістемесі кафедра меңгерушісі (1977–1982) 
және жоғары математика және оқу әдістеме кафед ра- 
сының профессор қызметтерін атқарады (1994).
1963 жылы Мәскеуде КСРО ҒА тарих, жаратылыстану және техника 
институтының арнайы Ғылым кеңесінде кандидаттық диссертациясын, 
ал докторлық диссертациясын Ташкент қаласындағы Низами атындағы 
педагогикалық институтының диссертациялық кеңесінде қорғады (1990).
Іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, соның ішінде негі зінен 
ғылым тарихы, педагогика, математиканы оқытудағы әдістеме мәсе-
лелерімен айналысты. 300-ден аса ғылыми және танымал ғылыми жұмыс-
тар дың авторы. 200-ге жуық еңбегі әл-Фарабидың зерттеулері мен танымал 
ғылыми-педагогикалық мұраларына арналған.


297
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Айтмамбетова Балия Рахметқызы (1925 ж., Ал-
маты қаласы) көп жылдар Абай атындағы Қазақ 
педагогикалық институтының педагогика кафедра-
сында доцент, профессор қызметін абыроймен 
атқарды. Ғалым педагогика әдіснамасы туралы да 
өз ойларын жас зерттеушілермен бөлісіп, ғылыми 
еңбектер ұсынған болатын. Кафедрадағы жас оқы-
ту шыларға тәжірибелі тәлімгер бола білді.
Б.Р. Айтмамбетова профессор А.А. Бейсенбаева- 
мен авторлық бірлестікте «Қазақстан мектебі» жур-
налындағы «Әдіснама тұрғысынан» атты мақалада көптеген зерттеуші 
ғалымдар педагогикаға және барлық қоғамдық ғылымдарға қоғамдық 
құбылыстарды меңгерудің негізгі әдіснамалық ұстанымдары ортақ екен-
дігін ескеріп, мынадай негізгі қағидаларды ұсынды:
– барлық нақты-тарихи қоғамдық құбылыстарды меңгерудің жан-
жақты байланысы мен бағыныштылығы;
– бір ғылым мен екінші бір ғылым заңдылықтарының сәйкессіздігі 
(зерттеу нысаны мен зерттеу пәні жақын болса да);
– жалпы педагогикалық құбылыстардың диалектикалық бірлігі;
– тәрбие мен өмірдің бірлігі;
– педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы мен өзара 
бағыныштылығы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей ұстаным-
дарды басшылыққа алу қажет:
– педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттас қан-
дығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объективтік заңдары, 
қарама-қарсылықтары және себепті-салдарлы байланыстарына орай жаса-
лады әрі дамиды;
– құбылыстарды даму барысында зерттеу;
– бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерт-
теу;
– зерттеу үдерісінде қалаған ғылыми мәселенің шешімі бірін-бірі 
толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен 
шығармау;
– зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;
даму үдерісін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын 
оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік 
даму ретінде қарастыру;
– сынақталушыға білім-тәрбие үдерісіне зиян келтіретін, адамгер-
шілік-инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу 
(Қазақстан мектебі. – 1993. – № 3. – С. 20-24).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет