Екінші бөлімнің тақырыптарын бекітетін сұрақтар 1. Ақпаратты қабылдау стереотипінің неше сатысы бар?
2. Хабар-ошар дегеніміз не?
3. «ҚазАқпарат» агенттігінің сайтында қандай жанрлар кең тараған?
4. Радиодағы ақпараттық бағдарламаның қандай түрлері бар?
5. Репортаждың тілі мен стилінде екі бастама дегенді қалай түсінесің?
6. Фоторепортаж дегеніміз не?
7. Телерепортаждың түрлері, өзіндік ерекшелігі туралы не білесіз?
8. Комментарийі жоқ репортаж қалай жасалады?
9. Арнайы репортаж табиғаты қандай болады?
10. Есеп жанрының түрлері, жанрлық белгілері қандай?
11. Сөз сөйлеу композициясының негізгі талабы, пішіні қандай?
12. Сөз сөйлеудің техникалық тәсіліне не жатады?
13. Сұхбат жанрының қандай түрлері бар?
14. Баспасөз, радио, теле сұхбат жанрының ұқсастығы, айырмашылығы.
15. Журналистің сұхбаттағы басты қаруы не?
16. Сараптамалық радиосұхбаттыңқандай басты міндеті бар?
17. Радиода сұхбатқа қандай монтаж жасау әдіс-тәсілдері бар?
18. Телевидениедегі проблемалық сұхбат қалай жасалады?
19. Экрандық сұхбаттың қандай түрлері бар?
20. Анкеталық сұхбаттың мақсат, міндеті неде?
21. Ақпараттық жанрдың қандай түрлері бар?
22. Проблемалық сұхбаттың табиғаты туралы не білесің?