Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет81/97
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#95538
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97
Байланысты:
umkdfile(78615) (1)

Аннотация
«Аннотация» латын тілінен аударғанда «annotatie» - «ескертпе» деген мағына береді, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама» [88,385-б]. Бұл жанр туралы да әртүрлі тұжырымдар бар: «Аннотация сол шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді» [89,124-б],-дейді профессор Тұрсынбек Кәкішев. Осындай анықтаманы академик Мұхаметжан Қаратаев пен профессор Тауман Амандосов та айтқан. Сайып келгенде, аннотацияға мынадай сипаттама беруге болады: «Аннотация – бір ғана шығарманың қысқаша мазмұны»[90,45-б].
Аннотацияның кітапқа жазылатын еңбектің бірінші бетінде берілетін өте шағын түрі және баспасөзде басылатын шығарманың қысқаша мазмұнымен бірге қосымша пікір, үгіт-насихат жасауға құштар авторлардың мақаласы кездеседі. Бұл жердегі басты мәселе – автор қалам тартуының басты мақсатын айқындап, әр жанрдан бір жұлып ала-құла жасамай өз білімін жанрлық ерекшелікке бұруы тиіс. Демек, шығарманы немесе кітапты талдай ма, сынай ма, аннотация жазады ма, жоқ әлде жарнама жасай ма қашан да сыншының қаперінде сараланған жинақы ой айту мақсат етілуі керек.
Аннотацияға қойылатын талаптардың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни, аннотацияға бірдей талап қойылмайды. Кітаптың алғашқы бетіне берілетін аннотация мен баспасөз беттеріндегі аннотацияның өзара айырмашылығы бар. Қазақ баспасөз беттерінде аннотациялар көп кездеседі, және ол үлкен өзгеріске ұшыраған түрде кездеседі. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінің 2005 жылғы № 3(24) санында «Бәрекелді!» айдарымен жаңа жарық көрген кітаптардың суретімен бірге кітаптың авторы кім, қай баспадан шыққандығы, кітап мазмұнынан қысқаша сипатталған түрде ақпарат береді. Мұны жарнамаға да жатқызуға да болады, бірақ қазіргі баспасөз бетіндегі аннотацияның негізгі көрінісі осындай. Мысалы, «Қос ішек» (топтама жинақ). Құрастырушы Таңдай Кенеев. Алматы, Қаз ҰТУ Баспа орталығы, 2004 ж. «Бұл жинақта Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің 70 жылдық тарихындағы ұрпақтар сабақтастығының үлгісі, инженер мамандығы мен шығармашылықты домбыраның қос ішегіндей бірдей алып жүрген азаматтардың еңбектерін ұсынады»,- делінген. Ал жалпы, аннотацияның үлгісі әдеби кітаптарда немесе шығармаларда төмендегідей мысалмен анықталады. Т.Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» кітабына мынадай аннотация жазылған: «Бұл оқу құралында қазақ әдебиеті сынының тарихына, жанрлардың сипаттамасына баса назар аударылып, сыни ой-пікірлердің шығу, даму, қалыптасу кезеңдеріне жан-жақты талдау жасалған. Әдеби сынның эстетикалық мұраты, оның әдебиеттану ғылымымен байланысы, әдеби мұраны игеру мәселелері туралы парасатты тұжырымдар айтылған.
Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ әдебиетшілерге арналған»,-делінген. Жалпы аннотация жанрының шапшаңдық, шағын көлемді, нақтылық қасиеттерін рецензия өзіне дарытқан. Рецензия баспасөз бетіне лайықты сын жанры болса, аннотацияны баспасөзге емес, оқулықтар мен ғылыми еңбектерге жазылатын баспасөз жанрларының түріне жатқызған жөн.
Аннотацияның басты қызметі кітапқа қысқаша сипаттама беру десек, кейде аннотация жазушылар кеңейтіп жазу барысында басқа жанрға ауысып кетіп жатады. Ал бұл дегеніміз кітапқа жазылатын аннотацияның кемшіліктері баспасөзде жазылатын аннотацияның жетістіктеріне айналады. Бұл туралы сыншы Д.Ысқақұлының «Сын жанрлары» атты еңбегінде нақты сарапқа салады. Баспасөз бен кітаптың алғашқы бетінде жүретін аннотацияның аражігін айырып, тиімді пайдалану кез-келген сыншыға қойылатын талаптардың бірі. Демек, баспасөз беттерінде жүретін аннотациялар көпшілікке арналып, кейде рецензияға айналып кетіп жатады. «Ана тілі» газетінің әр санында әдебиет, тарих, тіл саласында шыққан жаңа кітаптармен таныстыра отырып, аннотацияға орын беріп отыруды үрдіске айналдырған.
Аннотация мен рецензиядан басқа баспасөз бетінде үнемі халыққа жаңалық, ақпарат жеткізіп отыратын, көпшілікті әдеби-мәдени хабармен қанықтыру қызметін атқарушы әдеби хабар немесе әдеби сын жанрының ең икемді, шағын жанры. Басқа сын материалдардан бұрын халыққа әдебиет айдынында жарық көріп жатқан жаңа туындылар мен мәдени жаңалықтарды газет арқылы жеткізуді мақсат ететін ыңғайлы жанрлар. Зерттеушілердің айтуынша, алғашқы қазақ баспасөзінің «Айқап», «Дала уалаятының газеті», «Түркістан уалаятының газеттері» беттерінде әдеби хабар түріндегі ғалым Т.Кәкішевтің айтуындағы «жарнама-сындар» жарық көрген. Қазір бұл «жарнама-сын» «Қазақ әдебиеті» газетінде «Баспалар, басылымдар» айдарымен және газеттің «Кітап әлемі» қосымшасы арқылы жиі беріледі. Ал бұған дейін аталмыш газеттегі әдеби хабар «ҚӘ хабарлайды», «Қазақстан жазушылар одағында» атты айдарлармен беріліп келді. «Қазақ әдебиеті» газетінің 1993 жылғы 29 қазанындағы санында «Баспалар, басылымдар» айдары төрт кітаптың жарыққа шыққандығын хабарлайды: «Атамұра – Қазақстан» баспасы демограф Мақаш Тәтімовтің «Қазақ әлемі» атты зерттеу кітабын жарыққа шығарды». Көріп отырғанымыздай, әдеби хабарлама өте шағын, әрі оның басты міндеті – хабар беру. Бұл жанрды «Қазақ әдебиеті» газетінің беттерінен ұдайы көреміз. Және өзінің жанрлық сипаты жағынан басқа жанрларға қарағанда тез ерекшеленетін қасиеті бар. Жоғарыда айтылып кеткен «Бәрекелді» айдарындағы жаңа кітаптар туралы ақпарат әдеби хабарлама жанрына тән ерекшеліктермен көрініс табады.
1994 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби хабарлама «Күн сынап» деп аталатын арнайы бетке басылып келген. Мысалы, 1994 жылғы 11 наурызда жарық көрген газеттің №10 санында «Күн - сынап» бетіне «Ақын мерекесі алдында», «Халық мұрасына қамқорлық», «Жүлдегерлер анықталды», «Шығарма арқауы – шытырман оқиға» сияқты бірнеше хабарламалар берілген. Онда елдегі әдебиет пен мәдениет шеңберінде болып жатқан жаңалықтар қысқаша баяндалды. Бұл жанрдың негізгі міндеті сол - әдебиет айдынынан ақпарат тарату. Сондықтан әдебиет сынының ең қарапайым, әрі маңызды жанры әдеби хабарлама өз қасиетін жоғалтпаған.

Эссе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет