326
Массасы 25 гнан кем өлшендіні, сондайақ ұнтақ жармасы, жүгері
мен сұлы үлпектерінің өлшендісін орташа үлгіден қолмен алады. Жарма
ның басқа түрлеріне өлшенділерді бөлгіште алуға рұқсат етіледі.
Қоспаларды анықтау.
Жарманың бөлініп алынған өлшенділерін талдаудың алдында ұрылған
дәндер мен ұнтақ мөлшерін анықтау үшін 101кестеде келтірілген елек
-
терден өткізеді.
101-кесте
Ұрылған дәндер мен ұнтақ мөлшерін
анықтауға арналған елек
саңылауларының өлшемдері
Жарма
Ұрылған
ядролар
(електің өтімі)
Ұнтақ (електің өтімі)
Тары
1,5
056
Қарақұмық
1,6х20
08
Күріш
1,5 (қалдық)
1,5
Сұлы
2,0
063
Арпа
–
056
Бидай
–
063
Жүгері
–
1,5
Жарманың барлық түрі
–
Ұсақталған асбұршақты саңылаулары 2,5 мм елек өтімімен және
саңылаулары 1,5 мм елек кетімімен бөледі, ал ұсақ жарма саңылаулары 1,5
мм елек өтімімен және саңылаулары 1,0 мм елек кетімімен және ұнтақты
саңылаулары 1,0 мм елек өтімімен бөледі. Іс жүзінде барлық жарма
-
ларды зертханалық елеуіштерде минутына 120 айналу қозғалысымен
3 мин аралығында елейді. Тек қарақұмық, ұнтақ және жүгері жармала
-
рынан басқалары. Бойлық саңылаулы електерді қолданғанда өлшендіні
қайтарымды үдемелі қозғалыспен (тербелу амплитудасы 10 см) қолмен
елейді. Сонымен, бүтін жарманы (ядрицаны) 3 мин аралығында, ал май
-
да жарманы (проделді) 1 мин аралығында 110120 қайтарымды үдемелі
327
қозғалыспен елейді, ал ұнтақ және жүгері жармаларын зертханалық
елеуіштерді 10 мин аралығында минутына 180200 айналу қозғалысымен
елейді. Елеу кезінде елекке диаметрі 1 смге жуық, қалыңдығы 0,3 см
және массасы 0,4 гға жуық 5 резеңкелі дөңгелектер салынады.
Електе қалған қалдықтар мен кетімдерді өлшейді. Сосын елек кетімі
мен өтімін бөледі, барлық қоспалар фракцияларын қолмен бөледі:
1. Шөпшалам қоспасы:
минералды – құм, ұсақ жұмыр тас, топырақ бөлшектері, егеуқұм,
кен
және қоқыс;
органикалық – масақты қабыршақ, түсті қабықтар, сабақ, сыпырғыш
және қылқандар бөліктері;
шөпшаламды тұқымдар – барлық жабайы және мәдени өсімдіктердің
тұқымдары;
зиянды – қара күйе, қастауыш, түлкіқұйрықты ақмия, түрлітүсті
шегіршін;
ерекше ескерлетін қоспа – қарамықша.
2. Бүлінген дәндер – шіріген, көгерген, көмірленген және анық
өзгерген түсі
бар дәндер;
3. Қауыздалмаған дәндер – түсті қабықтар, жемісті (қарақұмық) не
-
месе тұқымды (асбұршақ) қабықтардан ажыратылмағандар;
4. Ұнтақ – 101кестеде көрсетілген електермен елеуде өткен жарманың
майда
бөлшектері;
5. Ұрылған дәндер – 101кестеде (2бағана) келтірілген електерден
өткен ядро бөліктері және ұнтақты бөлу үшін қабылданған (3бағана)
електерде қалғандар.
Перлов және арпа (ячневая) жармаларында қоспаларға недодир
(толық қауыздалмаған) жатқызылады. №1 және №2 перлов жармасында
недодир болып ядро бетінің төрттен бірінен көп түсті қабықшалардың
бороздкадан тыс қалдықтары бар ядролар саналады. Ал №1 арпа (яч
-
невая) жармасында түйіршік жиегіне шығып кеткен түсті қабықшалар
қалдықтары болып табылады.
Недодирді бөлек массасы 10 г өлшендіде органолептикалық түрде
әр ядроны 510 есе үлкейткіш әйнекпен үлкейту арқылы немесе ядро
-
ларды марганецқышқылды калийдің 2%дық ерітіндісімен бояу арқылы
анықтайды. Бұл үшін массасы 10 г жарма навескасын метал електе
марганецқышқылды калийдің 2%дық ерітіндісіне 1 минутқа түсіреді,
сосын оны 0,5 мин аралығында су ағынында жуады. Жарманы сүзгіш
қағазда кептіреді және қарайған ядрода анық көрініп тұрған қабықтары
бар дәндерді ажыратады. Ядроларды айнада қарастырады. Недодирді
328
және қалыпты өңделген жарманы кептіргеннен кейін өлшейді. Недодир
мөлшерін пайызбен белгілейді.
Күріште қоспаларға сапалы дәндерге қосылған шамалардан асатын
сарғайған және жабысқақ дәндерді жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: