Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет174/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері қандай?
2. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері қандай?
3. Макроэкономикалық саясаттың негізгі құралдары қандай?
4. Ұлттық экономикада табыстар мен шығындар айналымы қалай 
жүреді?
5. Ұлттық шоттар жүйесі дегеніміз не?
6. Жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнімнің арасында қандай 
айырмашылық бар?


202
7. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер қандай?
8. Жалпы ішкі өнімді есептеудің қандай әдістері бар?
9. Елдегі бағалар деңгейі жалпы ішкі өнімнің қарқынына қалай әсер 
етеді?
10. Бағалар индексі дегеніміз не?
Тәжірибе сабағының жоспары: 
Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, 
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап 
беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы 
жүргізілуі тиіс. 
Мақсаты:
экономикалық теорияның макроэкономикалық 
бөліміне, ондағы қаралатын негізгі мәселелерге, сондай-ақ, негізгі 
макроэкономикалық көрсеткіштерді қарастыру. Ол үшін тәжірибе 
сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
10.1. Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсат-
тары, құралдары, талдау ерекшеліктері;
10.2. Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың 
шеңберлі айналымы;
10.3. Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық 
көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері;
10.4. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі.
Студенттің өзіндік жұмыстары
Мақсаты: 
тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік 
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен 
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей 
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.
1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет