Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


) Мына тұжырымдамалардың қайсысы микроэкономикаға



Pdf көрінісі
бет21/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

2) Мына тұжырымдамалардың қайсысы микроэкономикаға 
және макроэкономикаға жататындығын анықтаңыздар:
а) үкімет бағаларды реттеу саясатын жүзеге асырады;
ә) ұзақ уақыт бойы құрғақшылықтың салдарынан Қазақстанның 
орталық аймақтарында егін шықпай қалды;
б) Қазақстанда минималды жалақы деңгейі 20 000 теңгені құрайды;
в) бюджет тапшылығын жою инфляцияны төмендетудің бір жолы 
болып табылады;
г) салықтарды төмендету елдегі іскерлік белсенділіктің жандануы-
на мүмкіндік береді;
ғ) шәкіртақының мөлшері студенттің жанұясының орташа 
табысына немесе студенттің жеке табысына тәуелді болып келеді;
д) ұлттық ақша бірлігінің айналымға жіберілуі және оның 
айналымдылығы сыртқы экономикалық қызметті ырықтандырудың, 
экономиканың ашықтылық дәрежесінің элементі болып табылады.


25
6. Тест тапсырмалары:
1. Экономикалық теориядағы бірінші мектеп:
А) Классикалық саяси экономия В) Меркантилизм С) Физиократизм 
D) Маржинализм Е) Марксизм
2. Экономикалық теория нені зерттейді?
А) Адамның табиғатқа, затқа қатынасын
В) Адамның қоғамға қатынасын
С) Өндіргіш күштерге қатынасын
D) Қоғамдық өндірістегі адамдар арасындағы қатынастарды
Е) Адамдардың қарым-қатынастарын
3. Институционализм бағытының негізгі өкілдері кімдер?
А) Дж. Кейнс, Р. Харрод. В) А. Маршалл, Л. Вальрас, А. Пигу. 
С) У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо D) Т. Веблен, У. Митчел, 
Д. Гэлбрейт Е) К. Менгер, У. Джевонс.
4. Экономикалық теориядағы талдау әдісі – бұл:
А) Біртұтас құбылыстарды жекеленген құрамдас бөліктерге бөліп, 
олардың әрбіреуін зерттейтін тану әдісі
В) Құбылыстың жекелеген бөліктерін біртұтас біріктіруге 
негізделген тану әдісі
С) Белгілі құбылыстың қасиеттерін белгісіз құбылыстарға 
ауыстыруды көрсететін тану әдісі
D) Модельдерді зерттеу негізінде қалыптасқан ғылыми қоры-
тындылар мен шешімдер
Е) Зерттеу объектісінде бастыны белгілеуде және мәнсіз кездейсоқ, 
өткінші, жекелеген құбылыстардан тазартып, олардағы берік, 
тұрақты, типтік қасиеттерді тауып, зерттеу әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет