Педагог мамандығының ерекшеліктері
Әрбір адамның белгілі мамандыққа иелігі оның іс-әрекеті мен ойлау бағыты ерекшелігінен кӛрінеді. Е.А.Климов ұсынған жіктеу бойынша, педагогикалық мамандықтың пәні басқа адам болып табылатын мамандықтар тобына жатқызылады. Бірақ педагогикалық мамандықты басқа мамандықтардан оның ӛкілдерінің ойлау бағыты, борыш пен жауапкершілігін сезіну арқылы анықтайды. Осы сипаттарына байланысты педагогикалық мамандықты ерекшелейді. Оның басқа «адам-адам» құрылымды
мамандықтардан айырмашылығы – ол ӛзгертушімен қатар, басқарушы сипатқа ие. Оның мақсаты тұлғаны қалыптастыру және ӛзгертумен қатар, педагог оның интеллектуалды, эмоционалды және дене даму процестерін басқаруы тиіс.
Педагогикалық мамандықтың басты мазмұны – басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу. Оның басты міндеті – қоғамдық мақсатты түсіну және басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа қол жеткізуге бағыттау.
Мұғалім мамандығында қарым-қатынас жасау іскерлігі кәсіби қажетті қасиет болып табылады.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның объектісі мен нәтижесінде. Объектісі – адам, ол жай адам емес, оның денелік мәні емес, дамып келе жатқан адамның рухани ішкі ӛмірі. Адам - табиғаттың қайталанбас құбылысы. Мұғалім мамандығының тағы бір ерекшілігі - оның балалармен әрдайым қатынаста болуы. Педагогикалық еңбектің құралдары да ерекше. Ол бірнеше компоненттерден құралады: еңбек (белгілі бір мақсатқа бағыттау әрекеті ретнде); еңбек құралы; еңбектің пәні. Педагогикалық еңбек жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық еңбек - бұл мәдениетті меңгерген адам және мәдениетті меңгеруші адамның арасындағы ӛзара әрекет.
Мұғалім білім беруші ғана емес, ол жоғары құлықты тұлға. Оның бойында ар, намыс, мейірім деген сияқты қасиеттері болуы тиіс.Кез келген педагогтар оқушылар үшін де, ата-аналар үшін үлгі ӛнеге болуы тиіс. Ӛткен ғасырдың кӛрнекті ғалымы, философ, педагогы Джон Локк мұғалім ӛнегесі жайында былай деп жазған׃
«Оның жүріс-тұрысы ӛзінің сӛздерімен сәйкес келуі тиіс».
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі – ол табиғатынан гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипатқа ие.
Педагог мамандығының гуманистік қызметі. Педагогикалық мамандықтың екі әлеуметтік қызметі қалыптасқан: бейімдеушілік және гуманистік («адамды қалыптастырушы»). Бейімдеушілік қызметі қазіргі әлеуметтік-мәдени ситуациялардың нақты талаптарына сәйкес оқушыны, тәрбиеленушіні бейімдеумен байланысты болса, ал гуманистік – оның тұлғасын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталған.
Педагог мамандығының ҧжымдық сипаты. «Адам-адам» құрылымдық топтағы мамандықтардың нәтижесін тек бір адам ғана жасаса (мысалы, сатушы, дәрігер, кітапханашы),
педагогикалық мамандықта әрбір педагогтың, жанұяның немесе басқа ықпал ету кӛздерінің үлесін шектеу мүмкін емес. Осыдан педагогикалық мамандықтың ұжымдық сипатта екендігін кӛре аламыз. Педагогикалық қызметтегі ұжымдық бастамалардың заңды артуына байланысты педагогикаға педагогикалық қызметтің жинақталған субъектісі ұғымы енгізілуде. Бұндағы жинақталған субъект дегеніміз кең мағынада мектептің немесе басқа білім беру орнының педагогикалық ұжымы. Ал тар мағынада, бұл оқушыға немесе оқушылар тобына тікелей әсер етуші педагогтар тобы.
Мҧғалім қызметінің шығармашылық сипаты. Педагогикалық қызмет кез-келген қызмет сияқты тек сандық мӛлшерге емсе, сонымен қатар, сапалық қасиеттерге ие. Мұғалім еңбегінің мазмұны мен ұйымдастырылуын тек оның ӛзінің қызметіне деген шығармашылық қатынас деңгейін анықтау арқылы ғана дұрыс бағалауға болады. Педагог қызметіндегі шығармашылық деңгейі оның қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында ӛз мүмкіншіліктерін қолдану деңгейін кӛрсетеді.
Педагог тұлғасының шығармашылық потенциалы оның әлеуметтік тәжірибесі, психологиялық-педагогикалық және пәндік білім қоры, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа идеялар, іскерлік пен дағдылары, жаңа формалар мен әдістер негізінде қалыптасады.
Педагогикалық шығармашылдықтың кӛріну саласы педагогикалық қызметтің негізгі компоненттер құрылымымен анықталады және оның барлық жақтарын қамтиды: жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру және нәтижені талдау.
Педагогикалық ғылыми әдебиетте педагогикалық шығармашылық – бұл ӛзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешу процесі деп түсіндіріледі.
Педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын тек педагогикалық міндеттерді шешумен анықтауға болмайды, себебі шығармашылық әрекет тұлғаның танымдық, эмоциональды- еріктік және мотивациялық-қажеттілік компоненттерінің бірлігінде бейнеленеді. Сонымен қатар, педагогтың шығармашылығ оның коммуникативті міндеттерді шешуінде кӛрінеді.
Шығармашыл педагогқа мына қасиеттер тән: белсенділік, дербестік, ойлаудың бәсеңдігін арттыру қабілеті, жаңаны сезіну
және оны тануға ұмтылысы, мақсатқа бағытталуы, ұқсастықтар кеңдігі, байқампаздық, кәсіби есте сақтау.
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС
Жаттығу: «Екі жақты кҥнделік» (Слайд 4)
Бірінші бӛлікке не жаздыңыз?
Жҧмысты талқылау:
Келесі сабаққа «Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы» тақырыбына шағын эссе жазып келіңіздер.
Дәріс тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесімен таныстыру және білім берудің жаңа нәтижелерінің мәнін түсіндіру және оны қамтамасыз етудің жолдарын айқындау.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің құрылымы, оның даму перспективасын анықтау;
Мұғалімнің құқықтары мен міндеттерін анықтай білу;
050103-«Педагогика және психология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты мазмұнымен танысу;
ҚР 2011-2020 жж Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мазмұнына;
Білім беру жүйесіндегі ӛзгерістердің туындау себептерін талқылау;
Қарастырылатын мәселелер:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына жалпы сипаттама.
Мұғалімнің құқықтары мен міндеттері.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің құрылымы, оның даму перспективасы.
050103-«Педагогика және психология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты
ҚР 2011-2020 жж Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына жалпы сипаттама.
Достарыңызбен бөлісу: |