Болашақ педагогтарды жалпы педагогикалық дайындаудағы бӛлімнің маңызы, мақсаты, міндеттері
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-адамгершілік ӛзгерістер біздің қоғам ӛміріндегі білімнің барлық жүйесін ӛзгертуге әкеліп отыр. Сондықтан барлық педагогикалық жоғары оқу орындарының басты міндеті болашақ педагогтарды педагогика ғылымының теориялық негіздерімен қаруландыруы болып табылады.
Педагогтың кәсіби даярлығының тиімділігі, кӛбінесе, теориялық-әдістемелік қалыптасуының жаңа мазмұнымен анықталады. Студенттердің болашақ педагогдік мамандығының басты бағыттарын анықтауына, соның ішінде олардың оң кәсіби ынтасының қалыптасуына педагогика пәнінің «Тәрбиелеу теориясы» бӛлімі зор ықпал етеді.
Тәрбие теориясы қоғам талабымен және мүдделерімен ӛте тығыз байланысты. Педагогика ғылымында «тәрбие» терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріліп келді. Тәрбиелеу теориясы – тарихи тұрғыда құрылып ХІХ ғасырда түбегейлі қалыптасқан педагогика ғылымының бӛлімі. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт (1776-1841жж.) тәрбиелеу теориясын оқыту теориясына пара-пар қылып педагогиканың құрамдас бӛлігі ретінде бӛліп қойды. Уақыт ӛте тәрбиелеу теориясының шешуге тиісті мәселелерінің шеңбері анықтала басталды.
Кӛптеген жылдар тәрбиеге «тұлғаның дамуын басқару» деген анықтама берілді. Сонымен қатар білім беру және тәрбие ісі тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылады. «Тұлғаның қалыптасуы» – тұлғаның шынайы шындықпен ӛзара әрекеті барысындағы ӛзгерске түсу үрдісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы ӛзгерістердің пайда болуы. «Тұлғаның қалыптасуы» ұғымына білім алушының қоғамда ӛздігінен ӛмір сүруге қабілеттілігі, ӛзінің тағдырына ӛзі үкім ете білуі және ӛзінің мінез- құлқын жӛнге сала білуі, сондай-ақ әлем мен ӛзінің қарым- қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген және құндылық атаулыны тұрақты таңдай алатын деген сияқты дамудың шартты түрдегі жетістіктері енеді.
Адамның қабілетін, қоршаған ортаны оның санасында қалыптастыруда мақсат ететін болғандықтан, тәрбие психологиялық салаға да қатысты. М.Жұмабаев «Түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сӛз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толғанарлық болса, білім алушының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы», – деп жазды.
Тәрбие жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бӛлшегі болғандықтан, оны мәдениеттанымдық тұрғыдан оқып, үйренуге де тура келеді. Олай болса, бұл үрдіс білім алушыға ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраны меңгертіп, сол арқылы осы заман мәдениетіне енуіне кӛмек береді деп түсінуіміз керек. Білім алушының оны игеруі барынша қысқа мерзімде атқарылуға тиіс. Нәтижесінде, тәрбие ісі жалпы адамзаттық ізгіліктік бағытта жүргізіліп, жеке бас бостандығын, ар-ожданын қорғауға бағытталуы керек.
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші роль атқарады. Жан-жақты дамыған тұлға ақыл-ой дамуы, жоғары дәрежедегі жалпы орта білімі, дене және ақыл-ой еңбегіне психологиялық және практикалық даярлығымен, адамгершілік, эстетикалық және денелік дамуының бірлігімен, әртүрлі материалдық және рухани сұранысымен сипатталады. Әлеуметтік кӛзқарас тұрғысынан қарағанда тәрбие қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып, бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ ӛміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.
Тәрбие – мақсатты үрдіс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты ӛмір жағдайына сай болған жағдайда ғана оның нәтижесі дұрыс болады. Педагог тәрбие мақсатын ӛз қалауы бойынша анықтай алмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің саяси бағыт бағдарымен тығыз байланыста болады.
Тәрбие – біртұтас үрдіс. Адам жеке тұлға ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып дамыту жеке емес, керісінше бір мезгілде барлық адамдар үшін бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі үрдіс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ кезеңді қажет етеді. Адам білім алушысы
туғаннан бастап есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол ӛзін-ӛзі тәрбиелеу үрдісімен жалғасады.
Тәрбие – кӛпжақты үрдіс. Жасӛспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу үрдісі қоғамның барлық мүшелерінің: отбасының, оқу орыны пен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын ортақ міндеті. Дегенмен ата-аналар мен жұртышылық әрекетін қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың білім алушы тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастыруда педагогтың орны ерекше. Бұл үрдістің орталығы – оқу орыны.
Уақыт ӛткен сайын бұл міндеттердің шеңбері ӛзгеріп, жетілдіріліп, жаңарып толықтырылды. Бүгінде тәрбие туралы түсінікке білім алушының жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толық қанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және оқу-тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы еніп орнығуда.
Болашақ ұстаздарға білім алушыларға қажетті тәрбие беру ӛнерін меңгерту арнаулы кәсіби орта және жоғары педагогикалық оқу орындарында жүзеге асырылады. Педагогикалық оқу орындарының студенттеріне тәрбие беру ӛнерін меңгертудің алғашқы кезеңі педагогика курсын оқып-үйренуден басталады. Тәрбие беру ӛнерін меңгерту кезеңі кӛп сатылы, соның ішінде тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің алатын орыны ерекше.
Оқу орыны жағдайында бұл жауапты жұмысты жүзеге асыру педагоглеріне жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, педагоглерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен кәсіби шеберлігіне байланысты. Тәрбие жұмысына оқу орынының педагогикалық ұжымы мен білім алушылардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты жұмылдыра білу қабілетін меңгерудің маңызы ерекше.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай ӛзіндік ерекшеліктері бар, ӛйткені тәрбие – қоғамдық құбылыс. Қоғамның материалдық жағдайының ӛсуімен, идеологиясының ӛзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері мен мазмұны, ұйымдастыру тәсілдері жаңа жағдай мен талаптарға сәйкес жаңарып толығып отырады. Адам жеке тұлға болғанымен қоғамнан
тыс ӛмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз – адамдардың тіршілік етіп ӛмір сүруі үшін қажетті топтасқан ортасы.
Бүгінде біздің қоғамда ӛркениеттілікке бағытталған «Білім беру туралы» Заңында азаматтық қоғам орнатуда ӛскелең ұрпақтың оқу және тәрбие мәселелерінің сұрыпталған қатаң ғылыми негіздегі тың жүйесі қалыптасқан. Еңбек нарқының осы заманғы жағдайларында еліміздің ӛркениетті демократиялық реформалар курсына кӛшу кезеңінде оның ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан, құқығы мен бостандығын тани отырып, тәрбиенің мақсаты мен міндетіне жаңаша қараған жӛн. Бүгінде оны тәрбие үрдісінде басшылыққа алу барлық әлеуметтік мекемелердің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.
Тәрбие қоғамның пайда болуына сәйкес туындап отыратындықтан оның мақсаты мен жүйесі әрбір қоғамның саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады. Сонымен қатар тәрбие мақсатын таңдағанда және тұжырымдағанда табиғаттың, қоғамның, адамның дамуының объективті заңдылықтарына сүйену керек. Тәрбие мақсаты қоғам дамуының сұранысымен анықталады және ӛндіріс тәсіліне, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына, педагогикалық теория мен практиканың дамуының жеткен деңгейіне, қоғамның, оқу орындарының, педагог пен білім алушылардың мүмкіндігіне тәуелді.Жоғарыда айтылғандарға назар аударсақ, тәрбиенің мақсаты шығармашылық қасиеті және басқа да ӛзіне тән қасиеттері жан-жақты дамыған, бәсекелестікке бейімі бар, нарықтық экономикаға бағдарланған, Отаны алдыңда ӛзінің жауапкершілігін сезіне білетін, ӛзінің жеке басының жетістігін бағалайтын, ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттің диалектикалық тұтастығы негізінде ӛзін-ӛзі дамытуға және ӛзін-ӛзі жетілдіруге даяр тұратын тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Тәрбиенің жоғарыда аталған мақсатын жүзеге асыру тұлғаның қажеттілігі мен қабілетін, ӛзіндік тәрбиесін, ӛзін-ӛзі дамытуын, ӛздігінен жетілуін мақсаттылықпен іске асыруға ықпал етуді талап етеді. Сонымен, тәрбие мақсаты дегеніміз жастарды ӛмірге әзірлеу барысында жүргізілетін, алдын- ала ойластырылған тәрбие жұмыстарының нәтижесінде олардың жеке басының дамуын қамтамасыз ету.
Тәрбиенің мазмұны, ұйымдастырылу формалары және әдістері сол мақсатқа бағынады. Мақсат тәрбиенің жалпы ұмтылысын кӛрсетеді. Оны практикада жүзеге асырғанда ол нақты міндеттердің
жүйесі ретінде болады. Я.А.Коменский «тәрбие мақсаты және міндеттері, оның маңызы және жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталуы керек» деген пікірде болған. Мақсат және міндеттер тұтас және бӛлік, жүйе және оның компоненттері ара қатынасы ретінде болады. Кейде тәрбие мақсатын – тәрбиенің шешетін міндеттерінің жүйесі деп атайды. Тәрбие мақсатына мынадай міндеттер кіреді: ақыл-ой (интеллектуалдық), денелік, еңбек, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық (эмоционалдық), құқықтық, экономикалық, экологиялық тәрбие. Ақыл-ой, дене, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, т.б. тәрбие тұтас педагогикалық үрдіске тоғысып тәрбиенің басты мақсатын орындауға, яғни жан-жақты және
үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Сонымен, қоғамның тарихи дамуы тәрбиенің мақсатын қалай болса солай шығаруға болмайтынын кӛрсетіп отыр. Тәрбиелеу мақсатын таңдап белгілегенде және тұжырымдағанда табиғаттың, қоғамның, адамның дамуының объективті заңдылықтарына сүйену керек. Тәрбиелеу мақсаты қоғамның дамуының сұранысымен анықталады және ӛндіріс тәсіліне, әлеуметтік және ғылыми- техникалық прогрестің қарқынына, педагогикалық теория мен пратиканың даму деңгейіне, қоғамның, оқу орындарының, педагог пен болашақ маманның мүмкіншілігіне тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |