70
Соңғы уақытта білім берудің мазмұнын жасауда жаңа тұрғы
кең таралған. Ол болашақ маманның еңбегінің сипаты мен
мазмұнын зерттеудің негізінде жасалады. Осы зерттеулер
нәтижесінен педагогтың кәсібилігіне қойылатын талаптар
белгіленеді. Бұл педагогтардың профессиограммасын жасауда
қолданылады.
Педагогика курсының мазмұны стандартта, бағдарламада,
оқулықтарда жинақталған. Ол негізгі курстан, таңдау курстарынан
құралған.
Біздің еліміздегі жоғары кәсіби
білім берудің мемлекеттік
стандарты жоғары кәсіби білімнің құрылымын, жоғары білім
құжаттарын, білім бағдарламалары мен оны жүзеге асырудың
жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды, студенттің оқу
жүктемесінің нормативін, жоғары оқу орнының академиялық
бостандығын,
білім
бағыттарына
қойылатын
талаптарды,
мемлекеттік бақылау ережелерін орнатады.
Жоғары білім беру
стандарты- жоғары оқу орны түлегінің білімі мен біліктеріне
қойылатын қажетті талаптардың минимальды жүйесі. Осы
талаптардың орындалу кӛрсеткіші жоғары оқу орнының түлегін
жұмысқа алушыға толықтай кепілдік бере алады. Сондықтан
стандарт оқу орнының орналасу аумағына қарамастан түлекті
қажетті сипаттамамен (мінездемемен) қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік стандартта ұлттық жоғары білім беру жүйесін
европалық және халықаралық білім кеңістігіне енуге мүмкіндік
беретін Болонский декларациясының маңызды сипаттамалары
қарастырылған. Стандарт кредиттік білім беру жүйесіне
негізделген, ал ол ӛз кезегінде ұлттық оқу бағдарламаларын
халықаралық мойындауды қамтамысыз ету мақсатын, білім
алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының мобильділігіне
жағдай туғызуын, білім сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді.
Кредиттік жүйе ӛзбетті білім
алу деңгейін жетілдіру мен
шығармашылық тұрғыдан жекелей игеруге, білім траекториясын
таңдау мен білім кӛлемін кредитпен ӛлшеуді қамтитын білім беру
жүйесі деп есептелінеді. Стандарт үнемі ӛзгеріп отыратын нарық
жағдайында түлектердің жоғары мобильдігін қамтамасыз ететін,
мамандық моделінің құзырлығына негізделген. Маманның аталған
моделі жоғары оқу орны түлегінің қажетті компетенттілігінің
сипаттамасын, ол қандай кәсіби қызметтерді орындауға дайын болу
71
керектігін, және де ол нақты қызметтерді
орындауға қаншалықты
дәрежеде дайын болу керектігін кӛрсетеді.
Білім беру бағдарламасы жалпы білім беру және кәсіби білім
беру болып жіктеледі, оның әрқайсысына тән циклге біріккен
пәндер тізімі болады: жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық
пәндер циклі (БП), мамандандырылған пәндер циклі (КП), оқу
жұмысының басқа түрлері (тәжірибе, әскери дайындық). Әрбір
цикл міндетті және таңдау пәндерінен тұрады.
Жалпы білім беру
пәндері (ЖБП) білім бағдарламасы мазмұнының 25%, базалық
пәндер (БП) жалпы білім беру бағдарламасының 50%,
мамандандырылған пәндер 25% құрайды. Жалпы білім беру
пәндері (ЖБП) тізімінде міндетті пәндер мен таңдау пәндері нақты
кӛрсетіледі. Бакалавр білім үдерісінің аяқталуының негізгі
критерийі студенттің 128 кредит немесе 5760 академиялық сағат
кӛлеміндегі теориялық сағат оқуы. Магистрлік бағдарлама
бойынша дайындау елімізде 1995 жалы эксперимент түрінде
енгізілді. Оқу жоспарын жоғары оқу орны ұсынып, бекітіп отырды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді кӛтеру
тұжырымдамасына және ГОСО РК 5.03.02.-2004 сәйкес
магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім болып
есептелінеді. Мамандарды дайындау екі бағытта жүзеге асады: оқу
уақыты 1 жыл болатын профильдік және ғылыми-педагогикалық –
2жыл. Сонымен қатар магистратура бағдарламасы оқудың ғылыми-
методологиялық бағытын айқындап,
кәсіби дайындығының
тереңдігін қамтамасыз ету керек. Профилдік магистратурада
магистрант кем дегенде 30 кредит, ал ғылыми-педагогикалықта -60
кредитті игеруі керек. Мемлекеттік стандартқа сәйкес әрбір кредит
академиялық кезеңдегі магистранттың жұмасына 1 академиялық
сағат аудиторлық жұмысына тең, әрбір академиялық сағатта 2 сағат
ӛзбетті жұмыс болады. Теориялық дайындық екі пәндер циклін
қамтиды: оқу бағдарламасының 40% қамтитын базалық пәндер
(БП) және мамандандырылған пәндер (КП) қамтиды. 20%
магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына тиесілі. Базалық
пәндердің
міндетті
компоненті
стандартпен
белгіленеді.
Қорытынды мемлекеттік аттестацияда кешенді емтихан мен
магистрлік диссертацияны қорғау қарастырылған. Яғни аталған
стандарт бойынша таңдау пәндері мен ӛзбетті жұмыстың кӛлемі
артады.