К. Ә. Дәуітбаева, Г. К. Сатыбалдиева, Ж. С. Омарова
ПАРАЗИТОЛОГИЯ
ОҚУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен
Алматы. 2011
ӘОЖ 576.8 (075)
КБЖ 28.083 я 7
Д22
Пікір жазгандар:
Биология ғылымдарының докторы Ж. М. Жаткаибаева; Биология ғылымдарының кандидаты К. К- Қайруллаев; Биология ғылымдарыиың кандидаты В. К. Есімов; Биология ғылымдарының кандидаты С. М. Шалгымбаева.
Дэуітбаева К. Ә. жэне т.б.
Д 22 Паразитология: Окулык. К. Ә. Дәуітбаева, Г. К. Сатыбалдиева, Ж. С. Омарова. - Алматы, 2011.- 296 б.
ISBN 978-601-80220-3-6
Окулык кіріспеден, паразитологияның кысқаша даму тарихы жэне торт бөлімнен турады: паразитизм, оньщ таралуы жэне пайда болуы; паразиттердің курылысының жэне тіршілік циклінің бейімдеушілігі; паразитофауна жэне орта; паразит жэне иесі арасындағы өзара карым- қатынастары.
Окулык биологиялык, медициналык, мал дэрігерлік, агрономиялық, зоотехникалык жоғары оку орындарының студенттеріне, магистранттары- на, оқытушыларына, сондай-ақ биология, медицина, ветеринария саласын- да кызмет ететін мамандарға арналған.
ӘОЖ 576.8 (075)
КБЖ 28.083 я 7
ISBN 978-601-80220-3-6
© К. Ә. Дәуітбаева жэне т.б., 2011
© ҚР Жоғары оку орындарының кауымдастығы, 2011
АЛҒЫ СӨЗ
Биологиялық білім беру саласында паразитология ғылым ретінде ерекше орын алады. Себебі тірі табиғатта паразиттер кеңінен таралған, олар -адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттік немесе инвазиялық ауруларының коздырғыштары.
Паразиттер адам денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге өте кауіпті. Паразитизм мәселелерін биология, медицина, ветеринария, агрономия, паразитология, вирусология, бактериология, т.б. гылым салалары зерттейді.
Білікті мамандарды даярлау үшін ана тілімізде жазылган окулықтардың кажеттілігі күннен-күнге өсіп келеді. Өкінішке орай, паразитология пэнінен элі күнге дейін казак тілінде жарык көрген окулықтар жок деседе болады.
Осы жағдайларды ескере отырып, орыс тілінде жазылган В.А. Догельдің «Общая паразитология», Р. С. Шульц пен Е.В.Гвоздевтің
«Основы общей гельминтологии» (1-4 том) кітаптарын жэне баска да Ресей, Қазакстан ғалымдарының еңбектері мен паразитология ғылымының соңғы жетістіктерін басшыльщка алып, сабак өткізу тэжірбиелерін сыннан өткізіп, тиімді формаларын пайдаланып оқулыкты окырмандарға үсынып отырмыз.
Окулык кіріспеден, паразитологияның қысқаша даму тарихы жэне торт бөлімнен тұрады. Паразиттердің систематикасы, суреттері негізінен жоғарыда аталган В.А.Догельдің «Общая паразитология» кітабынан жэне баска да авторлардың әртүрлі окулыктарынан алынған.
Окулықтың «Алғы сөзін», «Кіріспесін», «Паразитологияның қыскаша даму тарихын», бірінші бөлімін жэне 20 тарауын К.Ә.Дәуітбаева, екінші бөлімін Ж.С.Омарова жэне үшінші, төртінші бөлімдерін Г.К.Сатьібалдиева жазган.
Ұсынылып отырған еңбектің кемшіліктері жоқ деуден аулакпыз, сондықтан окырмандар тарапынан үсыныс-пікір білдіреміз деушілерге авторлар ризалық танытып, ілтипат білдіреді.
3
КІРІСПЕ
Паразитология (гр. para - жанында, silos - коректену, logos - ілім, ғылым) - паразиттердің пайда болу жолдарын, паразит пен иесінің өзара карым-катынасын, паразиттердің кұрылысын, биологиясын, экологиясын, тірпгілік циклін, таралуын. сондай-ақ адамдардың, жа- нуарлар мен өсімдіктердің паразитті ауруларын, олардан арылу жэне паразиттік ауруларға карсьт күрес шараларын, сақтану жолдарын зерттейтін ғылым.
Паразиттердің алуан түрлерін зерттей отырып, олардың кұрылыс ерекшеліктеріне, даму цикліне жэне эртүрлі зерттеу максаттарына, одістеріне карай паразитология бірнеше салаларға бөлінеді: про тистология - паразиттік тіршілік ететін қарапайымдыларды; гель минтология - паразиттік тіршілік ететін кұрттарды; карционология
- паразиттік тіршілік ететін шаянтэрізділерді; арахноэнтомология - кенелерді жэне паразиттік тіршілік ететін насекомдарды зерттейді.
Паразитология зерттеу объектісіне карай медициналык пара зитология - адамның паразиттерін зерттейтін; ветеринариялық (малдэрігерлік) паразитология - үй жэне кәсіптік маңызы бар жануарлардың паразиттерін; агрономиялык немесе фитопаразито логия - өсімдік паразиттерін зерттейтін салаларға бөлінеді.
Паразит дегеніміз - бір организмнің екінші организмге коныстанып, сол организмді корек жэне тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организм.
Жануарлар әлеміндегі паразиттер аркылы адам, жануарлар мен өсімдіктер организмінде пайда болған ауруларды паразитарлық не месе инвазиялық (nar.invasio-cny, кіру, шабуыл) аурулары деп атай- ды.
Аурулардың аталуы эрбір паразит түрдің туыс атымен атала-
ды жэне “оз” немесе “ё” жалғаулары қосылады, мысалы, Ascaris lumbricoides - адам аскаридасыиан болған ауру аскаридоз, Enterobius vermicularis - балалар острицасы - энтеробиоз, Piscicola geometra - балык сүлігі - писциколёз, Balantidium coli - кірпікшелі инфузория
- балантидиоз аурулары деп аталады.
4
Паразиттер факультативті (жалған) жэне облигатты (нағыз) болып бөлінеді. Мысалы, жұмыр құрттардың Aloinema туысына жататын кұрттын кейбір түрлері бір себеппен жануардың ішегіне түскенде, онда өсіп, паразиттік тіршілікке көшеді, ал ішектен сыртқа түскен жағдайда олар топырақта еркін тіршілік ете алады. Сонымен, бұл жағдайда паразитизм тек факультативті түрде болады. Факультативті паразитизм өте сирек кездеседі.
Облигатты немесе нағыз паразиттер табиғатта кең таралған,
олардың тіршілігі басқа организмге тікелей байланысты, тіршілік ету циклінде міндетті түрде иесінің денесіне коныстанып, оны қорек жэне тіршілік ортасы ретінде пайдаланады. Тірі организм (адам, мал, өсімдік) - паразиттің өмір сүруі үшін өте қолайлы мекен. Иесінің организмінде паразиттің аймактануына (қоныстануына) сэйкес, оларды екі категорияга бөледі: сыртқы паразиттер немесе эктопа- разиттер - иесінің терісінде, желбезектерінде, баска жабындарында мекендейтін, мысалы, биттер, бүргелер, масалар. шіркейлер, кене- лер, сүліктер, т.б.; ішкі паразиттер немесе эндопаразиттер - иесінің клеткаларында, үлпаларында, ішегінде, ішкі куыстарында тіршілік ететін паразиттер, мысалы, трипаносомалар, безгек плазмодиясы, бауыр сорғышы, аскаридалар, эхинококк, бидай нематодасы, т.б.
Коп жағдайда эндопаразиттер өздерінің тіршілік ету циклында екі: негізгі жэне аралық иені пайдаланады. Денесінде паразит ере- сек түрінде дамитын (жыныстык жетілген кезеңінде) болса, онда жа- нуар паразиттің негізгі (тұракты) иесі, ал дернэсілі дамитын болса, ол аралық иесі. Мысалы, бауыр сорғыш - Fasciola hepatica мүйізді ірі кара малдар мен койлардың жэне адамның бауырында ересек гүрінде паразиттік тіршілік етеді. Олар паразиттің негізгі иелері. Ба уыр сорғыштың дернәсілдері (мирацидия, спороциста, редия, церка- рия) улулардың (Lymnae) денесінде дамиды, сондыктан ұлулар бау ыр сорғыштың аралык иесі болып саналады. Жалпақ таспа кұрттың
Diphyllobothrium latum-ның негізгі иесі адам, бірінші аралык иесі
циклоп (шаянтәрізділер), екінші аралық иесі - балык.
Көп жағдайда жұкпалы аурулардың коздырғыштары бір орга- низмнен екінші организмге таратушылар аркылы жүғады. Әдетте, мүндай тасымалдаушы қызметті кансорғыш буынаякты жәндіктер: кснелср, масалар, соналар, шіркейлер, биттер, бүргелер тағы баскалары аткарады. Бүндай жүқпалы ауруларды трансмиссивті ау- рулар немесе індетті кесел деп атайды. Трансмиссия (лат. transmissio- гасу, ауыстыру, таратушы) - тасымалдаушы деген мағынаны
5
білдіреді. Трансмиссивті ауруларды тасымалдаушылар: биттер - адамға бөртпе сүзек пен кайталама сүзекті, ал ешкі, койға-топалаң, кебенек, жылкыға-жамандат, сиырға-қарасан, түйеге-ақшелек ау- руларын жүктырады; бүргелер-оба инфекциясын; масалар - без- гек ауруын; соналар қараталақ, жамандат, акшелек; москиттер тері жэне висцеральды лейшманиозын; иксода кенелері - кене энцефа- литын, кырым қанды безгегін, бөртпе сүзек жэне тағы басқаларын жүктырады. Табиғатта трансмиссивті аурулардың «ошағы» бар. Ол - тасымалдаушылардың мекен ететін ортасы. Мысалы, «үйкы ауруы» Африкада көп тараған, өйткені сол жакта осы ауруды таратушы це це шыбыны (Glossina palpalis) мекендейді. ал це-це шыбыны жок аудандарда «үйкы ауруы» кездеспейді.
6
ПАРАЗИТОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ
Қаркынды дамып келе жаткан ауылшаруашылык, балыкшаруа- шылык, ветеринарлық, медициналық өндірістік кажеттілігіне байланысты XVIII ғасырдың 2 жартысында Ресейде адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразит организмдер туралы ғылыми мэліметтер пайда бола бастады жэне паразитологияның ғылыми ретінде қалыптасу мен дамуы да жүрді.
Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразиттерін, олардың туғызатын ауруларын, эпизоотологиялык жағдайларын зерттеу- де ғалымдардың коскан үлесі өте зор. Ғалымдардың ұзак жылдар бойы жүргізіп келген көптеген зерттеулері мен тәжірбиелерінің, геориялык жетістіктерінің нәтижесінде паразитология ғылымының жеке салалары өркендеп дами бастады.
Паразитологияның, эсіресе, гельминтологияның ғылыми ретінде дамуына академик К.И.Скрябин (1878-1972) үлкен үлес коскан. Ол ғылымда гельминттердің (трематодалар.цестодалар, нематодалар) 200-ден астам жаңа түрін ашып, олардың морфологиясын, биоло- гиясын, филогениясын, экологиясын. эпизоотологиясын, эпидеми- ологиясын зерттеп сипаттама берген, гельминтологиялык зертте- улер эдісін ұсынып, гельминттердің қосымша иелері туралы үғым енгізген, гельминттерді толык жою (девастация) теориясының негізін салған, дегельминтизация принциптерін бағдарлаған. Сөйтіп ол Ресейде гельминтология мектебінің негізін калаған. К.И.Скрябин 1907-1911 жылдары Әулие атада (казіргі Тараз) мал дәрігері болып жұмыс істеген. Тараз каласында К.И.Скрябин атындағы мұражай бар.
К.И.Скрябиннің шэкірті жэне оның жолын куушы көрнекті гельминтолог P.C.Шульц (1896-1973) гельминтоз аурулары- на карсы организмнің корғаныш кабілетін жэне одан пайда бо- латын иммунитетті, гельминтоз ауруларының эпидемиология- сын зерттеді, эхинококк ауруларына карсы күресу шараларын ұсынды. В.П.Подъяпольская (1892-1975) гельминтоз ауру түрлерін зерттеп, оларға карсы күресу шараларын, адамның гельминтоз ауруларының эпидемиологиялык классификация жүйесін белгіледі. Г.Г.Смирнов (1895-1973) гельминттер мен олардың иелерінің карым- катынастарын зерттеуде көп еңбек сіңірді.
7
Көптеген ғалымдардың еңбектерінің арқасында паразитоло- гияның бір саласы - протозоология өркендеп дами бастады. Солар- дың ішінде протозоология ілімінің негізін салушылардың бірі - Л.С.Ценковский (1822-1887). Ол кірпікшелі инфузориялардың даму циклдерін сипаттап жазды және жұкпалы топалаң ауруын зерттеп, оған карсы вакцинды ойлап шығарды. В.Я.Данилевский (1852- 1939) жануарлардың кан паразиттерін зерттеп, адамның безгек ау руын коздырушы безгек плазмодиясы екенін жэне безгек ауруын адамнан адамға масалар тарататынын дәлелдеді. В.Г. Гнездилова (1898-1958) карапайымдылардың арасындағы ішек ауруларының қоздыргыштарын алғаш рет зерттеп ашты жэне бір организмде эртүрлі паразиттердің өзара карым-қатынастык заңдылықтарын аныктауға ден койды.
Арахио-әнтомология ілімінің негізін салушылардың бірі - көрнекті ғалым Е.Н.Павловский (1884-1965).
Академик Е.Н. Павловский трансмиссивті (тасымалдаушы) аурудың «табиғи ошағы» теориясын ұсынып, адам мен үй жануар- ларының осы ауруларымен күресудің ғылыми негізін жасады. Негізгі ғылыми еңбектері жалпы жэне жеке паразитология, әсіресе, арахно логия мэселелеріне арналган. Е.Н.Павловский адам, мал аурулары коздырғыштарын тасымалдайтын эктопарзиттердің фаунасын, био- логиясы мен экологиясын зерттеді, кене аркылы жүғатын энцефа лит. шірксй аркылы жүгатын кызба, лейшманиоз сияқты паразиттік жэне трансмиссивтік ауруларды зерттеген, сөйтіп ол паразитология жэне энтомология мектебінің негізін салды.
Е.Н.Павловский Қазакстанға жіберілген арахно-энтомология экспедицияларға басшылык етті. Оның үсынысымен Қазакстан паразитологтарының коғамы қүрылып, Қазакстан мен Орта Азия ре- спубликаларында аурулардың табиғи ошактары жэне паразитология мәселелеріне арналған конференциялар өткізілді.
В.Н.Беклемишевтың (1890-1962) басқарумен безгек ауруларының тасымалдаушыларына (безгек масаларына) зерттеулер жүргізіліп, тасымалдаушыларға карсы күресу шараларының колдану негізінде безгек ауруларының жойылуында зор жетістіктер болды.
Трансмиссивты ауруларды жэне ауруларға карсы күресу ша- раларды зерттеуде П.А.Петрищева (1899-1973), П.П.Перфильев (1897-1977), В.П. Дербенева-Ухова (1899-1973) сынды ғалымдар көп еңбек сіңірді. П.А.Петрищева көптеген эксгіедицияларға қатысып. маусымдық энцефалит, геморрагиялық безгек, лейшмани-
8
оз ауруларының табиғи ошактарын зерттеп, оларды жою жолдарын аныктады. П.П. Перфильев москиттерді немесе үнсіз масаларды, В.П. Дербенева-Ухова шыбындарды зерттеп, оларға карсы күресу шараларын ұсынды.
Паразитология ілімінің тарихында тұңғыш рет жаңа экологиялық паразитология бағытын қалыптастырған жэне оны дамытқан көрнекті ғалым - В.А.Догель (1882-1955). Ол бір-бірімен байла- нысты: экологиялык паразитология; протистология; салыстырма- лы анатомия саласында жұмыс істеді. Негізгі ғылыми еңбектері:
«Омырткасыздардың салыстырмалы анатомиясы» (1938); «Жалпы протистология» (1951); «Жалпы паразитология» (1962). 1934 жылы
«Омырткасыздар зоологиясы» окулығы бірінші басылым ретінде басылып шықты. Оның көмегімен біздің елде балықтарды зерттеу жұмыстары іске асты. 1930 жылы В.А.Догель Арал теңізіне экспе- дициямен келіп, балыктарда кездесетін паразит кұрттарды зерттеді. 1934 жылы «Арал теңізі балыктарының паразиттері», 1938 жылы Каспий теңізі балыктарын зерттеп «Каспий теңізінін балықтарының паразиттері» атты монографияларын шығарды. Қазакстанда ихтиопаразитологиянын дамуына көп үлес косты.
В.А.Догель 1941-1946 жылдары Алматыда түрған. Қазак мемлекеттік университетінде (казіргі Қазақ үлттык университеті) кафедра меңгерушісі, биология факультетінің деканы (1941-1944) болған. Омыртқасыз зоологиядан, жалпы паразитологиядан сту- денттерге лекция окыған. ҚСР ҒА-ның Қазак филиалы Зоология институтының алғашкы директоры (1944-1946) кызметін аткарған. ҚСР ҒА-ның Зоология институтында карапайым теңіз жәндіктері зертханасының меңгерушісі (1946-1955) болып еңбек еткен. ҚСР ҒА-ның корреспондент-мүшелігіне сайланған. Қазакстанның еңбек сіңірген еңбек кайраткері (1944) атағын алған.
Паразитологияның дамуына жэне паразиттерді жан-жақты зерт- теулер жұмыстарына академия мен оның көптеген филиалдары, гылыми-зерттеу институттары, университеттер, эртүрлі ғылым са- лалары, ғылыми практикалык мекемелері үлкен жүмыс аткарды.
Қазакстан Республикасында паразитология ғылымы 1930 жыл- дан дами бастады. Бұл саладағы зерттеулер ҚСР ҒА-ның Зоология институты, Қазак мал-дәрігерлік гылыми-зерттеу институты құрылуымен катар өрістеді.
Республикада паразитология ғылымының дамуына Е.В.Гвоздев, Р.С.Шульц, А.И.Агапова, Е.Т.Сидоров, С.Н.Боев, И.Г.Галузо, В.Я.ІІанин,
9
К.Б.Сыбанбаев, Т.Н.Досжанов, А.М.Дубицкий, Ж.М.Жатканбаева, Б.Ш.Шэйкенов, К.Акышева, т.б. ғалымдар үлкен үлес косқан.
Е.В. Гвоздев (1918) - ҚР Ұлттык Ғылым Академиясының академигі, Қазакстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткері, Зоология институтының директоры, ҚР ҒА-ның вице- президент! жэне бірінші вице-президенті.
Е.В.Гвоздевтің басшылығымен Қазақстан жабайы жануарла- рының, балықтардың, күстардың. кеміргіштердің, коянтәрізділердің паразиттерінің фаунасы жоспарлы түрде зерттелді. 18 жыл бойы Республиканың көптеген су коймаларында (Іле, Сырдария, Сарысу. Жайык өзендері, Зайсан, Маркакөл, Қорғалжын көлдері, Қостанай облысындағы су қоймалар жэне т.б.) балықтар паразиттерінің фа унасы жан-жакты зерттелінді. Көптеген экспедицияға Е.В.Гвоздев өзі катысып, материалдар жинап, оны еңдеуге де белсенді ат- салысты. Балкаш Іле бассейні мен Маркакөлдің балықтарынан моногенойлердің бірнеше жаңа түрлерін аныктап ашып, көптеген ғылыми еңбектер жазды.
Ертіс бойында түратын адамдардың описторхоз дертіне жиі шалдығатыны байкалғаннан кейін Е.В.Гвоздевтің басшылығымен осы жердегі жэне Қазакстаннын баска аймактарындагы балықтардың описторхоз ауруын таратуға себепті болатындығын анықтау жөнінде зерттеулер колға алынды.
Балкаш Іле бассейінінде жерсіндірілген балыктардың паразиттері зерттелініп, Республика сукоймаларында бағалы кәсіптік балыктар өсіруге корытынды жасалынды.
50 жылдардын басында Е.В.Гвоздевтің катысуымен Оңтүстік Қазакстан аудандарындағы суда және суға жакын жерлерде тіршілік ететін кұстардың гельминттер фаунасын зерттеу максатында бірнеше экспедиция ұйымдастырылды. Е.В.Гвоздев, сонымен, бірге балыкпен коректенетін қүстардың казтәрізділер мен шалшыкшылардың гельминттерін зерттеу жүмыстарына да басшылык етті.
60 жылдары Е.В.Гвоздев Қазакстан жерінде бұрын соңды зерт- телмеген шакылдактардың гельминттер фаунасына көп көңіл бөлді. Осы хайуанаттардан ол:сорғыш, таспа, жүмыр кұрттардың сегіз жаңа түрлерін аныктады.
Профессор Р.С.Шульцпен бірлесе отырып, ол «Жалпы гель- минтологияның негіздері» атты үш томдык еңбекті жазуға кірісті. Оның бірінші томы 1970 жылы, кейінгілері 1972 жылы (екінші том), 1976 жылы (үшінші томы) жарык көрді.
10
И.Г.Галузо жануарлардың жүқпалы аурулары жөніндегі Е.Н.Павловский ілімін одан эрі дамытып, мал ауруларының табиғи ошактылығы жөнінде теориялық тұжырым жасады, тейлериоз, без- ноитиоз ауруларының коздырғыштарының тіршілігін, табиғаттағы айналым жолдарын, айналаға таралуын зерттеді, токсоплазмозды аныктау, одан сактану әдістерін тапты. Негізгі ғылыми еңбектері кансорғыш жэне котыр кенелер мен кейбір карапайым жэндіктер (трипанозома, кокцидия, токсоплазма) фаунасына, экологиясы- на және биологиясына арналған. Негізгі еңбегі - «Қазакстанның кансорғыш кенелері».
Ғұлама зоолог жэне паразитолог В. А. Догельдің шэкірті
А.И.Агапова сүйрікқанат (остролучка) балығының паразитофауна- сын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, паразитолог ретіндегі алгаш кадамы осыдан басталды.
Жалпы жэне экологиялык паразитологияға көңіл боле отырып, А.И.Агапова кен профильды паразитолог болды, оның ішінде ихти- опаразитолог ретінде кең танылды. Осы салада кажымай еңбек етті. В.Я.Панин паразитолог, гельминттердің систематикасын, морфо- логиясын, биологиясын зерттеген. Негізгі еңбегі - «Қазакстаннын
түяқты жануарларының гельминттері» 1-2 т.
Т.Н.Досжановтың ғылыми жүмысы жылы канды жануарлардың эктопаразиттерінің экологиясын, таралуын жэне олардың адам мен жануарларға тигізетін зиянын зерттеуге багытталған. Негізгі еңбектері -«Қазакстанның кансорғыш шыбындары (Diptera Hippoboscidae)», «Қазакстанның шыбындары (жигалки)».
Ғалымдардың жетекшілігімен паразиттердің аса зиянды гүрлерінің тіршілік сатылары зерттеліп, кейбір трансмиссивті ауруларының табиғи ошағы, зооноздардың эпидемиялык жэне эпизоотологиялық механизмдері аныкталып, кауіпті індет тарататын паразиттерді жоюдың биологиялық эдістері іздестірілді.
Паразиттердің салдарынан болатын организмдегі өзгерістерді зерттеудің медициналык, малдэрігерлік, фитопатологиялык жэне экологиялык ілімдер үшін маңызы зор.
11
I БӨЛІМ. ПАРАЗИТИЗМ, ОНЫҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУЫ
Достарыңызбен бөлісу: |