I l l тарау. Паразит ж әне иесі арасындағы түрлі байланы стар
Факультативті және жалған паразитизм
Факультативті (фр. facultatife, лат. facultatis- міндетті емес, ерікті, мүмкіндік).
Бір күйден (еркін тіршілік ететін форма) паразиттік тіршілікке біртіндеп бейімделу арқылы екінші күйге (паразитизм) өтуді факультативті паразитизм деп атайды. Табиғатта еркін тіршілік ететін организмдер кездейсок жағдайларымен өзіне лайықты ие табылған жағдайда тікелей паразитизмге өтуін факультативті пара- зитизмге мысал бола алады.
Мысалы, сүліктердің ішінде еуропалык Glossosiphonia complcmata үсак омырткасыздармен коректенетін еркін тіршілік ететін жыртқыш. Limnatis nilotica ірі омырткалы жануарларға шабу- ыл жасай отырып, уакытша канын сорумен ғана шектеледі.
Қандалалардың ішінде Reduvius туысының өкілі әртүрлі на- секомдармен коректенетін, еркін тіршілік ететін жырткыш бо- лып табылады, алайда, Reduvius personatus жырткыштыкпен коса, кейде адамдарға да шабуыл жасап. канын сорады. Кейбір жүмыр күрттардың арасында да факультативті паразитизм байкалады. К.И. Скрябин Донбас каласында топыракта тіршілік ететін Rhabditis кұрттыц екі түрін жэне олардын жұмырткаларын, дернәсіл жэне ересектерін адамның ішегін зерттеу барысында тапкан.
Жұмыр күрт Aloionema appendiculatum топырақта еркіи тіршілік етеді. Алайда, Aloionema дернәсілі бір себеппен Агіоп afer-дің ішегіне түсіп, онда өседі, тіпті, мөлшері калыпты күйінен де екі есеге асып үлкейеді, жыныстык жетілгеннен кейіи көбею үшін сыртка шығады, ал ішекке түспеген жағдайда, олар топыракта еркін гіршілік ете алады.
Паразитизмнің шығу тегі туралы эртүрлі көзкарастарға байланы- сты факультативті паразитизм көптеген сүрақтарға жауап береді.
Еркін тіршілік ететін организмдер паразиттік тіршілікке көшуі мынадай себептерге байланысты: егер олардың кұрылымында паразиттік тіршілік етуге мүмкіндік туғызатын кандай да бір ерекшелік, мысалы, иесінің аскорыту сөлінен корғайтын ерекше корғаныш жабынының болуы немесе шірінділерде тіршілік ететің жануарлар анаэробты жағдайда тіршілік ете алатыны, демек, жану-
25
арлар оттегі мүлде болмайтын ортада яғни иесінің ішегіндегі ортаға олар тез бейімделіп тіршілік ете алатыны.
Еркін тіршілік ететін организмдердің паразитизмге өтуіне мүмкіндік туғызатын кейбір жағдайлар да болуы кажет. Бэрінен бұрын факультативті паразит пен болашак иенің арасындағы қатынастың күшеюіне жағымды жағдайлар эсер туғызады. К.И. Скрябиннің топыракта тіршілік ететін Rhabditis кұрттың дэл Донбас қаласында адамның ішегінде табуы себебі, онда терең жерасты шахталарында күнделікті жүмысшы адамдар (шахтерлер) еркін мекендейтін Rhabditis күрттардың бар жерімен тығыз байланысты болады, сондыктан бұл кұрттарға паразиттік жағдайда өту жолы ашылады жэне шахтадағы біркелкі температура мен жеткілікті ылғалдылық Rhabditis-тын өмір сүруіне, дамуына колайлы фактор болып табылады.
Медицина саласынан өрбіген азды-көпті болса да факультативті паразитизм түсінігімен катарлас «жалған паразитизм» түсінігі жүреді. Бұл атаудың мағынасы еркін тіршілік ететін организмдердің кездейсок баска жануардьщ денесіне түсіп, сол жерде біраз уакыт өмір сүруі. Мысалы, шыбындардың бірнеше түрінің (үй шыбыны, ет шыбыны, сыр шыбыны Руорһііа) дернәсілдерінің калыпты тіршілігі эдетте, көң, ки, өлекседе, ірімшікте, сонымен катар олар ішектің ас корыту сөлінің эсеріне төтеп бере алатын касиетке ие жэне белгілі бір уакыт аралығында оған жат ортада өмір сүріп, тіпті, кездейсок немесе уакытша иесіне зиян келтіреді.
Дэнді-дақылдардьщ, ірімшіктің жэне баска да азык-түліктердің зиянкестері болып табылатын тироглифоидты кенелер, тағам аркылы адамдардың ас корыту жүйесіне түсіп, сол жерде біраз бөгеліп, ішек ауруларын туғызады. Жалған паразитизмнің факультативтіден айырмашылығы тек оның сирек эрі кездейсоқтығында болса керек.
Жоғарыда айтылғандай факультативті паразитизм әдеттегі па разитизмге өтпелі кезең ретінде болып, облигатты (нағыз) жэне міндетті облигатты паразитизмге өтуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |