32
7-сурет. Адамның діңгек жасушасы желісін жасау
(Ш. Уолкер. Биотехнология /Путеводитель, 2008.)
Жасуша желілеріне тиісті ерекшеліктерінің бірі – олардың «ойыннан шығу»
қабілеттіліктері болуы себепті, ғалымдардың пікірі бойынша оларды ауық-ауық
жаңа жасушалармен ауыстырып тұру қажет. Бұл пікір басқа да жасушалар
желілерін, атап
айтқанда, адам фибробластарын қоректік ортада көп мерзімде сақтау
барысында жасалынған. Мүмкін, ескіріп қалуы себепті көбею қабілеттіліктерін
жоғалта бастаған жасушаларды, жаңа эмбриональды жасушалармен тұрақты түрде
ауыстырып тұру қажет болатын шығар. Өйткені, ұзақ уақыт бойына жасанды
қоректік ортада өсіріліп келінген басқа жасушаларда
мутациялық өзгерістер
жиналып қалуы себепті, оларда көбею қабілеттіліктерінің төмендей бастағаны
байқалады.
Адамның діңгек жасушаларының желісі өте əлсіз болып келеді, сондықтан
оны құру табандылық пен үлкен тəжірибені талап етеді. Олар мамандандырылған
жасушаларға айналуға бейім келеді. Қазіргі кездегі
белгілі технология бойынша,
тышқанның эмбриональды фибробластары бар, құрамына сиыр қаны сарысуы
қосылған, арнайы қоректік ортада адамның діңгек жасушаларының мамандану
үдерісі жүрмейтіні анықталған. Құрамында осындай адам ағзасына жат заттары бар
33
қоректік ортада көбейтілген діңгек жасушаларын адамдарға терапиялық мақсатта
қолдану, өте үлкен күмəн туғызытын нəрсе. Өйткені мұндай жағдайға жол берілсе,
адам жасушасы тышқан немесе сиыр ағзасында болуы мүмкін əртүрлі
зиянды заттар
немесе вирустармен ластануы мүмкін. 2007 жылы ғалымдар діңгек жасушаларын
өсіру үшін қолданылатын қоректік ортадағы хайуандардың компоненттерін
адамдардың сондай элементтерімен алмастыруды ұсынған еді. Алайда, қазіргі кезде,
адамдардың жинақталған діңгек жасушалары желісінің, басқа да бөгде заттармен
ластану мүмкіндіктері əлі де сақталуда деген қауіп туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: