121
Контексттік мәзірге мысал 2-ші суретте кӛрсетілген.
2-сурет
Контексттік мәзір командаларының тобында әдетте Шығу деген команда
болады, сол арқылы активті командамен жұмысты аяқтаса болады.
Анықтама ақпаратты алу
AutoCAD-та жұмыс істей отырып пайдаланушы анықтаманың бірнеше түрін
ала алады.
Windows астында жұмыс жасайтын басқа да
бағдарламалардағы сияқты
AutoCAD-тың мәзір жолының соңғы бӛлімі Анықтама (Справка) деп аталады.
Бұл бӛлімнен Анықтама пунктін таңдасаңыз экранда анықтамалық режим терезесі
ашылады (3-сурет).
Бұл терезедегі құрылымдық анықтамалық ақпарат Пуск мәзіріндегі Windows
жайлы анықтамаға ұқсас. Бұл терезе AutoCAD команданы күту
режимінде
болғанда және команда орындалып жатпаған жағдайда F1 пернесін басу арқылы
шақырылады. Егер Сіз кез келген команданы орындап отырып,
тек сол команда
жайында анықтама алғыңыз келсе F1-ді басыңыз.
3-сурет
122
2-зертханалық жұмыс. Мұқаба бетті жасау.
Мұқаба бетті жасаудың бірінші этапы – бұл А4 пішімді контур және МЕСТ
2.301-68-ге сәйкес сызба алаңының рамкасын сызу.
Сызбаны сызбас бұрын ӛзімізге қажетті сызықтардың түрлерін қабаттар құру
арқылы жасап аламыз. Бізге екі түрлі сызық түрі қажет.
Оның бірі сызба
алаңының рамкасы және А4 форматын сызуға арналған сызықтар. Меню жолынан
Достарыңызбен бөлісу: