Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет3/123
Дата25.09.2022
өлшемі9,29 Mb.
#150652
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
шеберлик
2-тапсырма Коучинг (2), Практика 2. Ғылымның табиғаты. Іргелі зерттеулер, СӨЖ-1, Педагогикалы арым- атынас шеберлігі Жоспар 1, 11 тапсырма, 8-тапсырма. МФТ
Курс мақсаты: Болашақ педагог-психолог студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру. Студенттер бойында психологиялық сауаттылықтың, компоненттіліктің, жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттерін дамуына үлес қосу.

Курстың міндеттері:


  • педагогикалық шеберлік мазмұнын түсіну;

  • педагогикалық қызметтің мазмұнын ашу;

  • педагогикалық мамандықтың перспективалық мүмкіндіктерін көрсету;

  • жанашыл педагогтар идеясын, оқыту формасын пайдалану.

Курсты оқып болғаннан соң сіздер:


  • курстың методологиялық, теориялық, практикалық негізі;

  • педагогикалық шеберлік элементтері;

  • оқыту технологиясы;

  • педагогикалық техника, өзін-өзі басқаруды игеру;

  • мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау- ды меңгересіздер.

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ




  1. дәріс. Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны


Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде. Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері. Педагогикалық шеберлік компоненттері. Мұғалімнің кәсіби білімнің ерекшеліктері. Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске асыру. К. С. Станиславскийдің педагог дайындауда театрлық жүйенің принциптері. Көрнекті педагогтар шеберлігі. Мұғалімдер дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберлік негізін қалыптастыру.


  1. дәріс. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті


Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде. Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби педагогикалық қызмет. Педагогикалық қызметтің ерекшеліктері мен қиыншылықтары. Кәсіби қызметтің мәні мен құрылымы. Мұғалімнің жеке басы оның кәсіптік қызметінің өзекті факторы ретінде. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі педагогтың жеке басының кәсіби қасиеті. Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтивтік бейімділік жергілікті үлгіленген, жүйелі үлгіленген қызмет пен мінез-құлық. Шеберлік педагогтың қызметінің ең жоғары деңгейі ретінде




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет