Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір- бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Тіл- адамның іс-әрекет процесінде таным, ақпараттық және коммуникативтік қызметті атқаратын кез келген физикалық табиғаттың таңбалау жүйесі.
Тіл- адамның жан дүниесінің көрінісі. Ол тұлғаны калыптастырады. Педагогикалық іс-әрекеттерді саралау бойынша, егер сабақ ашық-жарқын және бейнелі сөз мәнерімен көркемделмесе, оқу-тәрбие мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмайтындығы анықталды. Педагогтың тіл мәнерінің дамуы білім беру және тәрбиені күшейту үшін өте маңызды. Мұғалімде жақсы дамыған вербалды есте сақтау қабілеті, тіл мәнерін дұрыс таңдау және адаммен тіл табысу барысында дұрыс бағыт таңдай білу, нәтижесін сезе білу дағдысы болуы керек. Вербалды тіл табысу кезінде оның мәдениеттілігі мен эрудициясы біршама роль атқарады.
Тілдегеніміз – адам қоғамының рухани өмірінде обьективті өмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-қатынас қызметін атқаратын
белгілері жүйесі және ой қаруы болып саналады. Тіл мағыналы сөздерден және сол бойынша сөйлемдер жасалынатын ережелер жиынтығы синтаксистен құралады. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы болады. Тілдің сөздік қорында осы тілде сөйлейтін адамдар қауымдастығының айналадағы дүние туралы білімі сақталады.
«Тіл – ой музейі» деген теңеу тегіннен тегін емес. Тіл жазбаша және ауызша сөйлеу арқылы іске асады. Тіл рухани иәдениет құбылысы ретінде, өзін жасаған қоғам құрып кеткен соңда өмір сүре отырып, жоғалған цивилизация мәдениетінің аса құнды ескерткіші бола алады. Тілдік хабарларды құрайтын құралдар фонемалар және графемалар. Осы әлеуметтік тұрғыда жасалып, қалыптасқан дыбыстар мен графикалық белңілерден адамзат тәжірибесін жеткізуші сөздер құрылады.
Сөйтіп тілде бізден бұрынғы ұрпақтар жасаған аса бағалы өмірлік қазына жинақталады.
Педагогикалык шеберліктің маңызды бөліктерінің бірі - сөз мәнері мәдениеті болып табылады. Сөз мәнері педагог үшін оку материалын тарату және тәрбиелік өзара қарым-қатынас құралы болып саналады.
Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік жөніндегі оқу Ежелгі Грецияның және Ежелгі Римнің ораторлык өнер тәжірибесі мен теориясында пайда болған, ал Ресейде оны М. В. Ломоносов ашқан. Жазушылар, заңгерлер, ғалымдар, педагогтар сөз мәнеріндегі шеберлікті өз салаларына карай бейімдейді. Я. А. Коменский педагогтың оқушы назарын өзіне аудара алатындай деңгейдегі сөз мәнері болуы қажет деп санады. Ол мұғалім тілі оқушыға түсінікті, нақты, әрі тартымды болуы керек деп- жазды. Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік педагогтың рухани байлығының, ойлау мәдениетінің маңызды көрсеткіші және тұлғалык калыптасу кұралы болып табылады.
Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.
Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді. Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс қолданудың емле мен белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, оның ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал әрекеттерді қамтиды.
Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі
сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.
Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады. Сөз дұрыстығы қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады. Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы.
Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.
В. А. Сухомлинский: ‘’Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...”- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: ‘’Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек’’.
«Сөз мәдениеттілігі» немесе «тілдік мәдениет» сөз тіркестері үш мағынада қолданылады: Сөз мәдениеттілігі - сөз өнеріндегі коммуникативтік жетілдіру үшін көрсететін қасиеттері мен белгілері; Сөз мәдениеттілігі -адамның сөз мәнерін тіл табысу максатында дұрыс колдануын камтамасыз ететін білімділігі мен дағдыларының жиынтығы; Сөз мәдениеттілігі - сөз мәнері және оның коммуникативті сапалы жүйесі жөніндегі лингвистикалык білімдер жиыны.
Сөз мәнерінің коммуникативті сапасы оқушыларға сөз мәде- ниеттілігі ретінде әсер етсе, біз оның құрылымын коммуникативті әсері жағынан қарастырамыз.
Сөз бен тіл бірге қолданылады, бірақ олар бір емес. Тіл
жалпылама қабылданған мазмұны бекітілген сөз мәнері тэжірибесінде өңделген тілдік белгілер жүйесі. Сөз - жекелеген тұлғалардың тілді накты тәжірибеде колданатын тілдік іс-әрекеті.
Тіл мен сөз мәэнері бір-бірін өзара толықтырып отырады. Егер тіл - сөйлесу кұралдарының жүйесі болса, сөз мәнері - осы жүйені таратушы. Сөз мәнері тіл ережелері бойынша жүзеге асады. Тілдің маңызды қоғамдық функциялары мыналар:
Күнделікті тіл табысу - сөйлесу стилі;
Хабарлама-іскерлік және ғылыми стиль;
Әрекет ету - публицистикалық және көркем-беллетристикалык стиль.
Педагогтың сөз мәнері тек оқыту міндеттерін ғана шешпейді. В. А. Сухомлинский мұғалімнің педагогикалық шеберлігі сөздің тәрбиелік мағынасын аша білу дағдысына тікелей байланыста анықталады деп санайды. Педагог кадрларды даярлаудың маңызды шарты- барлық сала бойынша студенттерде тілге деген ұқыпты карым-қатынасқа тәрбиелеуді қалыптастыру. К. Паустовский былай деп жазған: «Әр адамның өз тіліне деген байланысы бойынша оның мәдениеттілік деңгейін ғана емес, сонымен бірге азаматтық құндылығы жөнінде де пікір айтуға болады. Отанға деген шынайы махаббат өз тіліне деген махаббатсыз қалыптаспайды».
Тілде және сөз арқылы әр адамның өз Отанының, өз халқының өткен және осы жағымен байланысы анықталады. Сондықтан үнемі сөз мәнеріне, ана тілдің тазалығына мәнерлеп сөйлеу мәдениетіне көңіл аудару қажет.
2. Сөйлеу әрекетінің мәдениеттілігін анықтайтын сөз сапаларының төмендегідей 23 түрін айқындайды. Олар мыналар: сөздің дұрыстығы (мінсіздігі), тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқын- дылығы, жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылымилығы, идеялылығы, ықпалдылығы, сендірімділігі, тұтастылығы.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегеніміз – айтайын деген ойымызды
еркін жеткізу, сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді − диалектілерді, варваризмдерді араластырмай сөйлеу халқымыздың асыл сөз қазыналарын тиімді пайдаланып, жатық, анық сөйлеу, әдеби тілде сөйлеу.
Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы – тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әрі қимыл-қозғалысы арқылы жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану әрі оларды дұрыс байланыстырумен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.
Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:
Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына, ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет.
Оқушылардың тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш, тұтықпа, кей дыбыстарды дұрыс айтпау және т.б.) жою мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс жасау қажет.
Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу – оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі.Өйткені сөйлеу мәдениеті– мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мысалы, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі.
Мұғалімдер мен ата-аналар, оқушылар, бір сөзбен айтқанда барша жұртшылық осы айтылғандардан тиісті қорытынды шығарып, өздерінің сөйлеу мәдениетін, әсіресе ана тілінің кәусәрінен мол сусындап жетілдіріп отыруды естен шығармаулары тиіс.
Педагогтың сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөз мәнеріне шеберлігі, стилистикалық ойды нұсқаны тандай білу, ойын анық және айқын жеткізе білу дағдысы.