Тест тапсырма
1. Мұғалімнің өзін–өзі ұстауын, қарым–қатынас жасай
білуін қамтамасыз ететін педагогикалық шеберліктің элементі
қалай аталады
А)кәсіптік білім
Ә)гуманистік бағыт
Б)педтехника
В)педагогикалық қабілет
2. Басқаны тыңдай білу, сұрақтар қоя білу, сөзімен
қызықтыра білу. Осының бәрі мынаған жатады :
А)сөйлеу мәдениетіне
Ә)педагогикалық қарым – қатынас мәдениетіне
Б)жауап жоқ
3. А. С. Макаренко тәрбиешінің жеке басына нақты талаптар
қойған. Олар:
А) Баламен сөйлесе білуі
Ә) Даму заңдарын түсіну
219
Б) Білімін жетілдіру
В) Мамандығын жақсы көру
Г) Беделді болу
4. Шебер тәрбиеші болудың себебі
А) Ғылымның дамуы
Ә) Адамды өмірге дайындау қасиеттілігі
Б) Тәрбие мақсатының өзгеруі
В) Тәрбие маңызының артуы
Г) Өз ісін терең білуі
5. Шебер тәрбиешінің негізгі қасиетінің бірі. Ол:
А) Педагогикалық әдептілік
Ә) Бала психологиясын білу
Б) Жас ерекшеліктерін білу
В) Балаларды сүю
Г) Балаларды қадірлей білу
6. Тәрбиешінің шеберлігі нені қажет етпейді
А. Талантты
В. Педагогті жоғары оқу орындарында тәрбиелеу
С. Педагогті үйрету
Д. Теорияларды меңгерту
Е. Өз мамандығын жақсы көру
220
4. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
№1. Педагог шеберлігі, оның компоненттері:
Тәжіррибелік тапсырма:
1. Болашақ мектептің мұғалімі қандай болу керек?
2.Мұғалім кәсіби бейнесін жасау:
Рангілеу
Бастауыш мектеп
мұғалімі
Ағылшын тілі
мұғалімі
Тарих пәні мұғалімі
1
Оқытушылық
қабілет (әрі
оқытушы, әрі
тәрбиеші)
2
Қоғамдық
жауапкершілік
3
Тәртіптілік
4
Әділдік
5
6
7
8
9
10
3. Г. Г. Воробьев «Школы будущего...» еңбегінде мұғалімнің үш
қыры – тәрбиеші, ұйымдастырушы, дәріскер болуы керек дейді.
Сіздер қалай ойлайсыздар?
4. Егер дәрігерлерше «Гиппократ анты» секілді мұғалім ант
беретін болса, қандай ант берген болар едіңіз? Ұстанымыңыз?
5. Бұл мамандықты таңдаған себебің?
6. «Менің сүйікті мұғалімім» тақырыбына эссе жазыңыз.
7. Мұғалімнің таныстыру қағазын толтырыңыз.
8. Бала көзімен: мұғалімнің 20 қасиеті (рет-ретімен, бірінші
орынға қандай қасиетін қояр едің? Екінші орынға ше?)
9. Мұғалімге дәл сипаттама беретін төмендегі адамдардың
қайсысы деп ойлайсыз?
1. жақсы оқитын балалар:
2. Үлгермеуші оқушылар;
3. «Орташа» оқушылар;
221
4. Әріптестері;
5. Ата-аналары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Синица И. Е. Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік. –
Алматы, 1987.
2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. –М., 1989.
3. Молдағалиев Б. А. Мектеп мұғалімінің анықтамалығы. –Орал,
2005.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларға жазбаша анықтама
беріңіз. Көрнекі педагогтардың шеберлігіне мысал келтіргенде,
көрнекі педагогтардың аты-жөні, еңбегінің атауы, шыққан жылына
сілтеме жасауды ұмытпаңыз.Педагогикалық шеберлік элементтері
компоненттерін кестеге түсіріңіз.
№2. Шеберлік – педагог қызметінің биік деңгейі ретінде
Тәжірибелік тапсырма: Ұстаздық шеберліктің көрінісі,
профессиограммасын атап, мысал келтіріңіз. Ұстаз туралы
халықтың, кейбір ұлы адамдардың қанатты сөздеріне талдау. Бүгінгі
ұстаздық қызметтің мақсаты мен міндеттерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мұхамбетжанова Ә. М. Мамандыққа кіріспе. – Орал, 2005
2. Шахуров Р. Х. Педагогтың шығармашылық өсуі. – М:, 1995.
3. Мудрик А. В. Мұғалім: шеберлік пен шабыт. – М., 1986.
Әдістемелік нұсқау: Профессиограма ұғымының мәнін бірнеше
әдебиеттер бойынша анализ жасаңыз.Өзіндік талдау жасау керек.
Ұлы адамдардың қанатты сөздерін кестеге түсіріңіз. Бүгінгі
ұстаздық қызметтің мақсаты мен міндеттерін белгілі құжаттар
негізінде анықтаңыз.
№3 Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық
қызметтегі қалыптасуы
Тәжірибелік тапсырма: Мұғалімнің жеке басы ұғымының мәнін
ашыңыз. А. С. Макаренконың мұғалімнің жеке басына қойылатын
талаптарын анықтаңыз.
Педагогикалық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен
іскерліктерге сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз:
- мақсаттылық;
- зерттеушілік;
222
- құрастырушылық;
- танымдық;
- қарым-қатынас;
- реттеушілік;
- ұйымдастырушылық;
- бақылау-бағалау:
- болжау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Макаренко А. С. Ұстаздық дастан.-М., 1989.
2. Рубинский Л. И. Мамандыққа кіріспе. Аударған Т. Айнабекова.
Алматы, 1991
3.Абдуллина О. А. Мұғалімнің кәсіптік білім беру жүйесіндегі
жалпы педагогиканың дайындығы. – М., 1990
Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларға жүйелі жазбаша
жауап дайындаңыз. А.С. Макаренконың мұғалімнің жеке басына
қойылатын талаптарын талдап, өзіндік пікіріңізді қосыңыз.
№4 Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері
Тәжірибелік тапсырма: К. С. Станиславскийдің актерлік
шеберліктің ішкі және сыртқы техникаларына талдау жасаңыз.
Қарым-қатынастағы вербальды емес құралдардың рөлін ашыңыз .
Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнеріне қойылатын
талаптарды анықтаңыз. Жас мұғалімдердің тәжірибесіндегі
кедергілер және оны жеңу жолдары
Мақсаты: Өзінің не вербальдық ерекшелігін түсіну көмегі;
жеке тұлғаның психикалық жағдайының іс-әрекетін түсіну; өзінің
қарым-қатынасын не вервальдық әңгімелесу құралдары арқылы
педагогикалық мақсатты жеткізе алу.
Жоспар 1) Теориялық білімді тексеру. 2) Не вербальдық
әңгімелесу құралдары арқылы педагогикалық мақсатты берілген
жаттығулар арқылы білімділігін арттыру. 3) Модельдеу. Ішкі
монолог.
1. Теориялық білімді тексеру.
1) К. Станиславский ішкі, сыртқы актерлық шеберлік және шын
сезім мен сезімнің көлемі.
223
2) Не вербальды қарым-қатынас рөлі.
3) Педагогтардың мимикасы мен пантомимикасына үлкен талап.
2. Өзінің не вербальдық іс-әрекетін анықтау үшін жаттығу.
Жаттығу мақсаты– ақырыппен жұмыс барысында мотивациялық
жеке жұмысты күшейту.
1-жаттығу. Сәлемдесу. Жеке қарым-қатынасты жеткізе отырып,
жолдастарымен не вербальды амандасу. Сараптама іс-әрекеті ойлау
және қабылдау сәйкістігіне байланысты құралады.
2-жаттығу. Пәнді жеткізу. Бұл кімге ұсынылса, сол сәйкесінше
әрі қарай жалғастыра беру керек.
3-жаттығу. Ойластырылған сөздер. Топ 2 тармаққа бөлінеді.
Әр топ абстрактылы немесе белгілі бір затты бейнелейтін сөздер
ойластырады. Бұл ойын не вербальдық іс-әрекет құралын анықтауға
көмектеседі.
4-жаттығу. Терезелер. Бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Бірақ,
сіздің оған аса бір маңызды сөзді жеткізуіңіз керек. Бірақ, серіктеспен
әңгіме мазмұны туралы келіспей отырып, шыны арқылы жеткізіп
қана қоймай, жауап алуға тырысу керек. Сонымен қатар, ақпаратты
жеке жеткізу үшін жеке қарым-қатынасты білуге эмоционалдық іс-
әрекеттің әсеріне назар аудару маңызды.
5-жаттығу. Телетакт. Белгілі ойларға өзінің қарым-қатынасын
жеткізу үшін өзінің ішкі сезіміңді телефон, теледидар, телеграф
т.б. арқылы жеткізуге болады. Студенттер қол ұстасып, шеңбер
құрады. Жүргізуші бір ақпаратты жеткізуге тырысады. Берілетін
ақпарат жөнінде ойлай отырып, қол алысу арқылы жеткізуді талап
етеді. Жүргізуші берілетін ақпаратты ойластырады, содан кейін
сол ақпаратты қол алысу арқылы жеткізуге тырысады. Ақпаратты
алған адам асықпай, қол алысу көршісіне жеткізеді, содан кейін
сол ақпараттың берілуі жүргізушіге жеткенге дейін жалғасады.
Жүргізуші ақпараттың түсінігінің қабылдануына келіседі немесе
қарсылық білдіреді. Содан кейін әркәм кезекпен қабылданған
және берілген ақпараттарын айтады. Берілген ақпараттың алынған,
өзгертілген жерлері білініп, сарапқа түседі.
6-жаттығу. вербальдық емес іс-әрекет арқылы адамның
эмоциялық іс-қимылын анықтау. В. А. Лабунский кітабында
ұсынылған адамның қуаныш, қорқыныш эталондарын анықтауға
болады. Оңай болуы үшін белгілі бір жағдайды елестету керек.
7-жаттығу. Эмпатия арқылы эмоциялық жағдайын анықтау.
Суреттер беріледі. Берілген жағдайда өзіңді қоя отырып, адамның
224
жағдайын түсіне білу. Якопсон кітабында берілген суреттерді
пайдалануға болады.
8-жаттығу. Бұл кім? Топтағы бір студенттің алдын-ала не
вербальдық мінез-құлқын жазу. Сабақ барысында кім екенін айтпай
отырып, оқып беру. Топ өз арасында талқылап, кімге қатысты екенін
білуге тырысады. Тапсырманы мұғалім мен оқушыны салыстыра
отырып, қиындатуға болады.
9-жаттығу. Айналар. Студенттер жұптасып жұмыс істейді. Оның
ішінде біреуі жүргізуші. Оның міндеті – берілген жағдай жөнінде
құрастыру. Екіншісі оның бейнесі болып табылады. Айна тек қана
аяқ-қолдың дененің қимылының өзгеруін көрсетіп қана қоймай,
адамның көңіл-күйінің өзгеруін де көрсетеді. Мимикалық және
пантомимикалық негіздерінің дамуының жаттығулары. Әуел баста
жаттығу үшін азғантай тапсырмалар беріледі.
10-жаттығу. Сабақ барысында берілген тапсырманы сезім
ретінде қабылдауға болады.
11-жаттығу. Жалпы мимикалық әсер ету. Жаттығу барлығына
бір уақытта жүргізіледі. Берілген жағдайлар мұғалімдермен бірге
отырып шешіледі: Сабақ басталды. Сіз стол басында отырсыз. Есік
ашылды. Кіріп келген адамға назар аударады: – талапты түрде:
«жылдам отыр»; – таң қалып: «күткен жоқпын»; – ызаланып:
«басқаға назарыңды аудартып отырсың»; – сұрап: «бір нәрсе болды
ма?»; – сынай отырып: «кедергі жасайсың»; – қуанышпен: «бітті-
ау» т.б.
12-жаттығу. Жеке реакцияны көрсету. Алдыңғы жаттығуларға
қарағанда бұл жаттығу аудиторияда орындалады. Ситуация
жағдайы оңайтылған творчествалық қарым–қатынасты талап
етеді. Студенттер кезекпен мұғалім рөлін ойнайды. Барлық топтың
ішінде мақсатты топ таңдалып, аудиторияға таныстырылады.
Тақтаға жазыңыз: – таң қалу: «Не болды?»; – сын айту: «Кім тағы
жұмыс істей бастады?»; – үнсіз: «Мен тыныштық күтемін»; – ашу:
«Бізде осындай маңызды шаруа болып жатқанда қалай шулауға
болады?». Студенттер әсері тек сырттай болмас үшін ішкі сезімнің
органикалық қарым-қатынасы ретінде студенттерге мұндай әсерді
түсіндіруді ұсыну пайдалы. Таңдалған әсер ету нұсқасын, ойша
сынып бейнесін толықтыру, өзінің ішкі сезімін монолог ретінде
жеткізе біледі.
13-жаттығу. Ақпаратта жеке жеткізу. Студенттер жиі есептерді
225
үлестірмелер арқылы жеке орындайды. Үлестірмедегі берілген
жұмыс: 1) Сіз сабақ басталуымен қанағаттаныңыз. 2) Сіз сыныпқа
кіресіз. Бұл айқай-шу. Сіз мұны күтпегендіктен таң қалып тұрсыз.
3) Сіз сыныпқа кіресіз. Бұл сіздің сүйікті ұжымыңыз. Сіз сабақты
жақсы өтесіз. 4) Сіз сыныпқа кіресіз. Бұл сыныппен жұмыс істеу
әзірге қиын түсіп отыр. Сіздің бірінші мақсатыңыз оқушылардың
басын біріктіру.
14-жаттығу. Невербальдық іс-қимылдың түсіндірмесі – бұл
творчествалық деңгейінің бекітілуі. Студенттерге белгілі бір
мектептерде әртүрлі жағдайлар туындағанда, өз ойымен шеше білу,
жұптасып жұмыс істеу содан кейін аудитория қосылады. Мысалы,
жағдай: «білімді тексеру».
3. Модульдеу. Ішкі монолог. Пән материалынан басқа бағытта
кету жағдайына мұғалімнің көзқарасы. Бұл таң қалу және түсініксіз
көзқарас, алынған жауаптарға қызығушылықпен қарау және болжау.
Эмоциялық сезімнің негізгі механизмін анықтау болып – эмпатия
сезімталдық болады. Монологты құрастырып, оны аудиторияға
ұсыну. Оған дайындауға М. О. Кисбельдің әдебиеті көмектеседі.
Студенттің қарым-қатынасы қоршаған ортаны тұрақты толыққанды
түсіндіруді көрсетеді. Студенттің жұмысы олардың ішкі сезімдерін
толыққанды жеткізе білу мен анықталады, ойша және сыртай
кейіпкердің сезімін жеткізе біледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Синица И. Е. Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік. –
Алматы, 1987.
2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. –М., 1989.
3. Шыныбекова Э. И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика.
Алматы, 1987.
Әдістемелік нұсқау:
№5 Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде
Тәжірибелік тапсырма: Сөйлеу техникасы және педагогтың
іс-әрекетіндегі оның рөлі. Фонационды дем алу ұғымына түсінік
беріңіз. Дем алу түрлері. В. А. Сухомлинскийдің мұғалім сөзі мен
оның тиімділігіне деген талаптары туралы.
226
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Синица И. Е. Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік. –
Алматы, 1987.
2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. –М., 1989.
3. Шыныбекова Э. И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика.
Алматы, 1987.
Әдістемелік нұсқау: әр бір сұраққа жазбаша жауап беріңіз.
№6 Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы
Тәжірибелік тапсырма: Сөз мәдениеті, оның әлементтерін
анықтаңыз. Сөздің лексикалық мәдениеті. Сөйлеу техникалары:
дем алу, дауыс, дикция, ырғақ ұғымдарының мәнін ашыңыз. Педагог
сөзін ары қарай жетілдіру жолдарын анықтаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Синица И. Е. Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік. –
Алматы, 1987.
2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. –М., 1989.
3. Шыныбекова Э. И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика.
Алматы,
Әдістемелік нұсқау: Бірнеше әдебиеттер бойынша бірнеше
көзқарастарды салыстырыңыз. өзіндік қорытынды жасаңыз.
№7 «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық
қарым-қатынас
Тәжірибелік тапсырма: Педагогикалық қарым-қатынас мәнін
ашыңыз. Мұғалім мен оқушы арасындағы кәсіби қарым-қатынастың
маңыздылығына сипаттама беріңіз. Мұғалімнің оқушылармен
педагогикалық қарым-қатынас стилін орнатудағы педагогикалық
тактың рөлі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Макаренко А. С. Ұстаздық дастан.-М., 1989.
2. Рубинский Л. И. Мамандыққа кіріспе. Аударған Т. Айнабекова.
Алматы, 1991
3. Абдуллина О. А. Мұғалімнің кәсіптік білім беру жүйесіндегі
жалпы педагогиканың дайындығы. – М., 1990
Әдістемелік нұсқау: Педагог пен оқушы арасындағы қарым-
қатынастың маңыздылығын нақты дәйектеме, педагогикалық
идеялармен дәлелдей білуге тырысыңыз. «Мұғалім-оқушы»
227
жүйесіндегі басқарушы және басқарылатын қосымша жүйелерге
сипаттама беріңіз. «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі мұғалімнің
басқарушылық ролі немен анықталады?
№8 «Мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық
қарым-қатынас
Тәжірибелік тапсырма: Мұғалім мен ата-ана арасындағы кәсіби
қарым-қатынастың маңыздылығына сипаттама беріңіз. Ата-анамен
мұғалімнің тіл табыса білу жолдарын анықтаңыз. Ата-ана бала ,
ата-ана мұғалім арасындағы қарым қатынас мәселелері бойынша
педагогикалық жағдаяттар табу, құрастыру, шешу жолын табу
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Макаренко А. С. Ұстаздық дастан.-М., 1989.
2. Рубинский Л. И. Мамандыққа кіріспе. Аударған Т. Айнабекова.
Алматы, 1991
3.Абдуллина О. А. Мұғалімнің кәсіптік білім беру жүйесіндегі
жалпы педагогиканың дайындығы. –М., 1990
Әдістемелік нұсқау: : Педагог пен ата-ана арасындағы қарым-
қатынастың маңыздылығын нақты дәйектеме, педагогикалық
идеялармен дәлелдей білуге тырысыңыз. Теориялық материалдарды
ашу барысында өз өмірінен, жақындарының өміріне немесе практика
барысындағы бақылаулары бойынша нағыз мысалдар келтіру. А. С.
Макаренко В. А. Сухомлинский еңбектерінен үзінділер пайдалану
Практикалық тапсырмаларды топқа бөлініп орындап өзара пікір
алысу арқылы ашуға болады.
№9 Мұғалімнің педагогикалық әдептілігі
Тәжірибелік тапсырма: Әдеп, педагогикалық әдеп ұғымдарына
анықтама беріңіз.Педагогикалық әдептің құрамды бөліктері:
байқағыштық, ілтипаттылық, сенім, төзім және сабыр сақтау т.б
сипаттама беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әдістемелік нұсқау: Теориялық материалдарды ашу барысында
әдеп, әдептің компоненттерін кестеге түсіріңіз. Қолданылған
еңбектің авторы, авторын, шыққан жылын жазуды ұмытпаңыз.
Күнбе-күнгі оқыту процесі барысында педагогтік әдепке мысал
келтіріңіз.
228
№10 Байқағыштық мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті
Практикалық тапсырма: Байқағыштық қасиеті мұғалім үшін
неге қажет. Дәлелдеңіз. Байқағыштық ұғымының мәнін ашыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
Әдістемелік нұсқау: Берілген сұраққа тұжырымды, мазмұнды
жауап жазуға дайындалыңыз. Байқағыштық ұғымының анықтамасын
кестеге түсіріңіз. Қолданылған еңбектің авторы, авторын, шыққан
жылы жазуды ұмытпаңыз
Зертханалық сабақтар:
1. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері
Тапсырма:
«А. С. Макаренконың өмірі және педагогикалық қызметімен
танысқаннан кейінгі менің ойларым» атты ауызша әңгіме құрыңыз.
Қашан және қайда Макаренко есімін естідіңіз? Ол туралы әңгімені
кімнен естідіңіз. Макаренконың өмірбаянынан сізге ерекше есіңізде
қалғаны және неге? Не туралы ойлануға қадам жасатты?
Көрсетілген әдебиеттерді талдай отырып, А. С. Макаренконың
педагогикалық қызметінің хронологиялық таблицасын дайындаңыз.
А. С. Макаренконың
педагогикалық
қызметінің
кезеңдері
А. С. Макаренконың
педагогикалық қызметі
Кезеңдердегі негізгі
оқиғалар
1905-1911жж.
Крюковадағы екі класстық
теміржол училищесіндегі
халық мұғалімі
1905ж. Бірінші орыс
революциясы.
1905ж. Бірінші
Люботинский съезді
1911-1914жж.
А. С. Макаренконың педагогикалық қызметіндегі оның ішінде
(«Педагогикалық поэма» еңбегіндегі) педагогикалық шеберлік
элементтерін анализдеу.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді талдай отырып
бірінші сұраққа өз ойыңызды білдіріңіз. Екінші сұрақ бойынша
кестені толтыруға тырысыңыз. Үшінші сұрақ бойынша әрбір
педагогикалық қызметіндегі педагогикалық шеберлік элементтерін
көрсетуге тырысыңыз.Төртінші сұрақ бойынша педагогтың
229
педагогикалық техниканы нақты тәрбие міндеттерін шешуде
қолданған шеберлігіне қорытынды жасаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Макаренко А. С. О моем опыте // Там же .-Т. 4.-С. 260-266
2. Макаренко А. С. Ұстаздық дастан.
3. Е. З. Балабанович, А. С. Макаренко. Человек и писатель.-М.,
1963
2. Педагог техникасы. Өзіндік реттеу техникасының негіздері
Тапсырма:
1. Неге педагогқа өзін ұстай білу қажет?
2. Педагогикалық қызметте аутогендік жаттығудың рөлі және
оның мәні.
3. Релаксация, өзін сендіру техникалары
Әдістемелік нұсқау: И. А. Зязюннің «Педагогикалық шеберлік
негіздері» еңбегінің 93-95 беттеріндегі жаттығуларды орындаңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Водейко Р. И., Мазо Г. Е. Как управлять собой. – Минск, 1983.
Леви В. Искусство быть собой. – М., 1977.
Чарный Б.М. Учитесь властвовать собой. – Пермь, 1984.
3. Мұғалімнің кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар
Тапсырма:
1. «Педагогикалық қарым-қатынас» тақырыбы бойынша сызба-
конспект құрастырыңыз. Оны түсіндіріңіз.
2. Әдебиеттерден 5-7 педагогикалық өзара қарым-қатынастың
түрлерін келтіріңіз, оның мәнін ашыңыз.
3. Педагогтың коммуниктивтік тәсілдері және оны дамыту
жолдары
4. Педагог-шеберлер А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Ш.
Амонашвили, Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенковалардың тәжірибелерінен
педагогикалық өзара әрекеттің бір тәсілін таңдаңыз.
Әдістемелік нұсқау: Екінші сұрақ бойынша бір ситуацияның
көрсетуге дайындалыңыз. Төртінші сұрақ бойынша қалаған
педагогтың еңбегінен бір тәсілді көрсетіңіз.
230
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.:
В5т. –Т.2.-Советы 53, 94-96.
2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении.-М.,
1987.-С.122-137.
3. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. –М.,
1972.
4. Педагог этикасы педагог қарым-қатынасының негізін
салушы элементтердің бірі
Тапсырма:
1. В. А. Сухомлинскийдің «Письмо о педагогической этике»
еңбегін оқып сұрақтарға жауап беріңіз. Тыңдаушыңыздың негізгі
себебін анықтаңыз? Вера Андреевнамен келісесіз бе? Оның орнында
сіз не істер едіңіз?
2. Педагог эткисы туралы педагогикалық жағдаяттардан үзінді
келтіріңіз.
Әдістемелік нұсқау: бірінші сұрақ бойынша өз пікіріңізді
білдіріңіз. Екінші сұрақ бойынша педагогикалық жағдаяттарды
жинақтап, альбом жасаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Поташник М. М., Вульфов Б. З. Педагогические ситуации.-М.,
1983-С.76-94.
2. Сухомлинский В. А. Письмо о педагогической этике // Избр.
Произв.: В5 т. –Т.5. –С.623-628.
5. Педагогтің өзара қызметтестігінің тәсілдері
Тапсырма:
Мақсаты, құралдары, нәтижесі бойынша педагогтік қарым-
қатынастың стильдерін салыстырыңыз.
«Егер педагог бізден көмек сұрайтын болса, онда қандай
ақыл-кеңес берген болар едік» тақырыбындағы пікір-таласқа
дайындалыңыз. Қандай тәсілдерді қолданған болар едіңіз?
Әдістемелік нұсқау: Барлық сұрақтарға жүйелі дайындалыңыз.
Қарым-қатынас стильдерін жан-жақты талдаңыз. Оны
категориялары бойынша топтарға бөліңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю //Избр. Произв.:
В5т. –Т.2.-Советы 53, 94-96.
231
2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении. - М.,
1987.-С.122-137.
3. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. –М.,
1972.
4. Добрович А. Б. Воспитателю о психологии и психогигиене
общения.-М., 1987. – С. 169-178.
Достарыңызбен бөлісу: |