Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет168/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   177
Маслоу Абрахам 
(1908-1970) 
американдық психолог, гуманитарлық- 
психологияның жетекшілерінің бірі. 
Иерархиялық қажеттілік теориясының 
авторы ретінде белгілі.
Мезодеңгей
бұл деңгейге өндіріс ұйымның, 
технологияның әр түрлігімен 
байланысты өзіндік ерекшелігі бар 
салалар, аймақтар жатады.
Мемлекет басқарудың 
субъектісі ретінде
бірге қызметтес және қатынастағы 
адамдардың, қоғамдық топтардың, 
ұлттардың және қауымдастықтардың 
қосылып жасайтын қызметін реттейтін 
мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.
Мемлекеттік басқару 
мемлекет функциясының түрі. Оның 
шеңберінде орындаушылық билік 
тәжірибе түрінде іске асады.
Менеджердің іскерлік 
этикасы
этика – жақсылық пен жамандық, 
қоғамдағы адамның өмір мақсаты 
деген ұғымдарға байланысты ілім және 
оның тәртібі (мінез-құлқы). Қойылған 
мақсатқа жету үшін кәсіпкер, менеджер, 
әр іскер адам идеалдар жүйесіне 
сүйенулері қажет.


303
Менеджмент
нарық экономикасының жағдайына 
және қажеттілігіне жоғары 
дәрежеде сәйкес келетін басқару 
үлгісі. Менеджменттің пайда 
болуы мен қалыптасуы еркін 
кәсіпкерлік, бәсекелік, экономикалық 
мотивацияларға байланысты. 
Менеджмент – басқарудың ең жақсы 
үлгісі, барынша тиімді.
Микродеңгей
басқаруда ең шешуші рөл атқарады. Ең 
төменгі деңгейдегі процестерді басқару 
(кәсіпорын, ұйым, мекеме, технология 
және т.б.). Түбінде қоғамның 
экономикалық бет-бейнесін жасайтын, 
заттай-материалдық құндылықтарды 
өндіретін өндірісті басқарту.
Миссия
ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің 
не үшін құрылғанын анықтау үшін 
пайдаланылатын ұғым. Неге құрылғаны 
туралы философия, стратегиялық 
мақсат, ұйымның тағайындалу 
қағидалары. Атқарылатын міндетті іс, 
тапсырма.
Мотивация
адам қызметін басқару 
тәжірибесінде моти-вацияларын 
пайдалану. Мотивацияның әртүрлі 
тұжырымдамалары бар.
Номенклатура
ғылымның, өндірістің белгілі 
бір саласындағы қолданылатын 
атаулардың, терминдердің, өнімдердің 
тізбесі.
Ноу-хау
әртүрлі өндірістерді ұйымдастыруға 
қажет техникалық, коммерциялық және 
басқа білімдердің жиынтығы ретінде 
құжат түрінде дайындау.


304
Өкілеттіліктер
басқару шешімдерді қабылдау құқығы, 
менеджердің әрекетінде билікті іске 
асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет