Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет94/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   177
Басқару ғылымының мазмұны
Өндірісті басқару үрдісінде адамдардың мақсатты қызметінің 
формалары мен әдістерін, міндетті істерін (функцияларын), 
қағидаларын әзірлеу, заңдар мен заңдылықтарды анықтау басқару 
ғылымының мазмұны болып табылады.
Өндірісті басқару ғылымының міндеті – өндірісті басқару 


155
қатынастарының тетіктерін түсіндіру және нақты міндетті тиімді 
шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу.
Өндірісті басқару теориясы
– кешенді білім жүйесі. Ол мына 
бөлімдерге бөлінеді:

Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда 
басқарудың мәні, оның мазмұны, басқарудың заңдылықтары мен 
қағидалары ашып көрсетіледі.

Өндірістің басқару жүйесі туралы ілім. Бұл бөлімде басқару 
жүйесінің ұйымдастыру формалары, басқару функциясы мен 
құрылымы, басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұштастыру сөз болады.

Ықпал етудің тұтқалары мен құралдарының жиынтығы 
ретінде басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім. Мұнда 
басқарудың әлеуметтік-психологиялық, ұйымдастырушылық-
басқарушылық экономикалық тетіктері, олардың жиынтығы және 
ықпалдасуы қарастырылады.

Басқару үрдістері, олардың ерекшеліктері, басқару үрдісінің 
қарқыны, әдістері туралы ілім, басқару үрдісінің синтезі секілді 
ақпаратпен қамтамасыз ету және шешім.

Басқарудың сапасы мен тиімділігі туралы ілім. Мұнда 
басқарудың стилі мен мәдениеті, басқару өнері, сондай-ақ тиімділікті 
бағалау мен оны арттырудың жолдары сөз болады.
Өндірісті басқару ғылымы теориясының даму негізін құрайтын 
іс-тәжірибенің талап етуі арқылы пайда болады.
Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілер арқылы 
анықталады.
Басқару – бұл ғылым мен өнер, онда объективтілік пен жеке 
даралық ұштастырылады.
Тұтастай алғанда ХХ ғасырдағы басқару туралы ғылымның 
дамуын шартты түрде мына кезеңдерге бөлуге болады:
- 50-ші жылдар – таза басқарушылық шешімдер кезеңі;
- 60-ші жылдар – фирма ішіндегі ұзақ мерзімді жоспарлау кезеңі;
- 70-ші жылдар – стратегиялық жоспарлау кезеңі;
- 80-ші жылдар – стратегиялық менеджмент кезеңі;
- 90-ші жылдар – стратегиялық үрдістерді зерттеуге көшкен 
басқару ғылымы дамуының жаңа кезеңі.


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет