157
ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген:
жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің
объективті ерекшелігін білдірмек.
Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің
әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-
ақ «Жүйенің жалпы теориясын» алға шығарды.
Жүйені біріктіруші қасиеттерге ие,
өзара ықпалдасушы
компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал, біріктіруші
қасиет жеке алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне
бірдей тән емес. (Берталанфи анықтамасы).
Кез келген жүйенің ерекшеліктеріне жататындар:
•
біртұтастық (оның элементтерін құрайтын ерекшеліктер
жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері);
•
құрылымдығы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу
арқылы сипаттау мүмкіндігі);
•
иерархиялылығы (жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде өз
сапасы болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді).
Жүйе,
ең алдымен, тұтас білім ретінде қарастырылады.
Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ
объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты
және өзара ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап
қататын тұтас организм секілді.
Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтердің
құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға
ие болмақ.
Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп
иландыратын үлгісіне еңбек үрдісіндегі жай кооперацияны жатқызуға
болады. Жүйенің мүмкіндіктері, оның құраушы элементтерінің жай
жиынтықты мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кең.
Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:
-
техникалық;
- биологиялық;
- әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін
құрайтын жақтары бар.
Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы аса зор. Кез
келген әлеуметтік жүйе әркелкі жүйелер болып табылады, оған
белгісіздік тән.
158
Әсіресе, үлкен айырмашылықты
әлеуметтік-экономикалық
жүйеден кездестіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық
кешендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, тұтас экономика)
қатысты. Бұлай болатын себебі (яғни, жүйелердің әркелкі болуы),
адам оның (жүйенің) ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам
осы жүйелердің белсенді қалыптастырушысы, жүйелердегі
байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс
істетеді әрі дамытады.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің басты ерекшелігі – оның
басты
компоненті адам болғандықтан, бұл жүйенің негізінде
адамдардың мүддесі жатады.
Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оның
жүйе тармақтары немесе кіші жүйе мен қосалқы жүйе (субсистема)
ретіндегі жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша,
жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элементтердің тобы болып
табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы
жүйе-жүйенің тармағы бола алады.
Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан, дербес жүйені білдіретін
болса,
екінші жағынан, оны салалардың кіші жүйесі ретінде
қарастыруға болады. Бұдан шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе
тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде де,
абсолюттік сипатта да бола береді.
Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы
мүмкін болмайтынын белгілейді.
Бұл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:
1. Жүйелер арасында, ең алдымен,
басқарушы және
басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы
керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісі жүйе мен басқарылатын
объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкін
болады, яғни кері байланыс орнайды.
2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан
екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек, яғни бір сапалы
жағдайдан екіншісіне өту барасында да, өтуден кейін де ол жүйе
ретінде қалуы керек.
3. Жүйеде үрдіс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте
алатындай параметрдің бар болуы.
4. Жүйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілеті, яғни
осы ықпалға жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке
159
ие болуы керек.
5.
Басқару ақпаратын табыстау, жинақтау және жаңғырту
мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару
мүмкін емес.
Жүйеде басқару барлық басқару жүйелеріне ортақ аты аталған
шарттар орындалғанда ғана мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: