Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет21/166
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#87114
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   166
Байланысты:
жобаааааа

«парасатты экономика»
негізінде жүзеге асыру идеясы ұсынылып, отандық білім 
беру жүйесінің алдына 
«ол үшін, ең алдымен ӛзіміздің адами 
капиталымызды дамыту»
міндеті нақты қойылған болатын.
 
Осы міндеттерге сай, педагогикалық жүйедегі адам 
ресурстары- 
басқарушылар, 
педагогтар 
мен 
білім 
алушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастыру білім 
беру ұйымдары алдындағы ӛзекті мәселеге айналып отыр.
Жүйедегі басқа ресурстардан оның ерекшелігі тӛмендегідей 
белгіленеді: 
ең бастысы, бұл-тұлғалық және интеллектуалдық 
ресурс, сондықтан, оның ӛндірістік қызметі механикалық 
емес, 
эмоциялық, саналылық және ойлылыққа
негізделеді; 
екіншіден, адамның шын мәніндегі әлеуеті басқа 
ресурстардай емес, бірден ашылмауы мүмкін, сондықтан, әр 
адамның жалпы ұйымның табыстылығын арттыруға үлес 
қосатын 
шығармашылық, кәсібилік қасиеттерінің мол
екені 
сӛзсіз; 


52 
үшіншіден, 
бүгінгі 
даму 
жағдайларында 
адам 
ресурстарының да моральдық түрде үнемі жаңғыртып 
отыруды қажет ететіні белгілі. Сонымен қатар, олар ӛзіндік 
мотивациялары негізінде ӛзін дамытуды, ӛз біліктілігін 
кӛтеруді, жаңа құзыреттілік сапаларын қалыптастыруға назар 
аударып, ӛздері қызмет ететін ұйымдардың оған 
жағдай 
туғызуын, кәсіби шеберлігін дамытуға
қолдау
кӛрсетуін 
күтеді;
 
тӛртіншіден, адамдардың қабілеттері, кәсіби білімі мен 
біліктіліктері әртүрлі болатындықтан оларды үнемі 
оқыту, 
үйрету, қайта даярлау
қажет болады;
 
бесіншіден, адам тұлға ретінде ішкі қажеттіктеріне 
қарай ӛздігінен шешім қабылдауымен қатар, қоршаған 
ортамен де санасып отырады. Сондықтан, басқарудың басты 
міндеттерінің бірі- 
оның мотивациясын басқару
болып 
табылады;
 
Тағы бір назар аударарлық фактор-тек адам ресурстары 
ғана басқа ресурстардың барлығының ӛзара байланысын, 
тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.
 
Осылайша,
педагогикалық 
жүйенің 
алдындағы 
мақсаттарын орындауға ӛз үлесін қосатын ең құнды 
активтері-педагогикалық ұжымды дамыта отырып басқаруды 
жүйенің оң ӛзгерістеріне ықпал ететін фактор дей аламыз.
Білім берудің жаңа талаптары тұрғысынан қарастыру 
бүгінгі педагогикалық жүйелерді басқарудағы адам 
ресурстарын-педагогикалық ұжымды дамытуға шын 
мәнінде қалыптасқан стратегиялық кӛзқарас қажеттігін
айқындап отыр. Ӛндірістік салаларда ұзақ уақыттар бойы 
стратегиялық бағдар ретінде ӛндіріс нәтижелері, қаржы 
мәселелері, инновацияларды ендіру, т.б. нысандар алынып 
келгені сияқты, білім беру саласын басқаруда да адам 
ресурстарын дамыту стратегиясы басты назарда болуы тиіс.
Ұжымды дамыту стратегиясын құрастыру күрделігі 
жағынан кәсіпорындардың бизнес стратегиясын жобалаумен 
бірдей деуге болатын маңызды кезеңдерден тұрады. Олар: 
1.
Жүйенің, ұйымның мақсатына сәйкес даму 
стратегиясын нақтылау
2.
Жүйенің, 
ұйымның 
мықты 
және 
әлсіз, 
мүмкіндіктері мен «қауіпті» жақтарын анықтау 


53 
үшін ішкі-сыртқы жағдайларына талдау жасау 
(SWOT –талдау); 
3.
Педагогикалық ұжымды дамыту стратегиясын 
жасау; 
4.
Педагогикалық ұжымды дамыту стратегиясын
мақсаттық-бағдарлы жобалар негізінде жүзеге 
асыру; 
5.
Бақылау, бағалау, қажет болған жағдайларда 
түзету енгізу.
Осылайша, білім беру ұйымдарын басқарушылардың 
адам ресурстарын дамыту құзыреттіліктерін педагогикалық 
ұжымды дамыту жолдарын анықтай білуі, қажетті әдіс– 
тәсілдер мен технологияларды меңгеруі деуге болады.
Ұжымда адам расурстарын дамыту жолдары: 

адамдарды нәтижелі еңбек етуге мотивациялау

олардың кәсіби дамуына ықпал ету; 

ұжымда шығармашылық жұмыс жасауға қолайлы 
жағдай туғызу; 

ұжым мүшелерінің ынталары мен мүмкіндіктерін 
дұрыс бағалай білу; 

ұжымда адамдардың ӛзара қарым-қатынасын 
тиімді ұйымдастыру; 

ұжымдағы келіспеушіліктерді байқай алу және 
дұрыс шеше білу; 

адаммен 
қарым-қатынаста 
әркімнің 
ерекшеліктерін ескеру. 
Жобалау мәселелеріне соңғы кездері отандық 
зерттеушілердің назары аударыла бастады. Шетел 
ғалымдарымен бірлесе отырып, «Project Management: 
Kazakhstan» атты халықаралық симпозиумдар ӛткізіліп, 
«Жобалау менеджменті академиясы» қоғамдық қоры қызмет 
істейді. Оны ұйымдастырушылар әлеуметтік-экономикалық 
жүйелерді басқаруда дәстүрлі әдістерінің жеткіліксіз екеніне 
тоқталып, басқарудағы жобалау қызметін қалыптастыру 
арқылы адам әрекеттерінің әлеуметтік және саяси жақтарын 
қамту қажеттігіне кӛпшілік назарын аударуда. Олар, 
Қазақстанда бүгінгі жаңа инновациялық экономикалық 
жағдайлардың қалыптасуына сәйкес қоғамдық және 
ӛндірістік 
салаларды 
басқару 
қазіргі 
заманға 
сай 


54 
әдіснамаларға негізделген болуы қажет. Соған байланысты 
жобалау немесе басқаруға жобалық-бағдарлық тұрғыдан 
келу мәселелері еліміздің 2015 жылға дейінгі
индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы талаптарын 
орындауға мүмкіндік береді деп есептейді.
Жобалау-қазіргі 
заманғы 
ғылыми-техникалық, 
әлеуметтік-ӛндірістік және басқа да қызметтер саласының 
жетекші проблемасына айналып, оның ӛзектілігі ӛркениеттің 
постиндустриалдық қоғам дамуымен қатар жоғарылап 
отырған құбылыс. Бүгінгі ӛркениетке тән сипаттамалардың 
бірі-еліміздегі 
ақпараттық 
және 
коммуникативтік 
технологиялардың қарыштап дамуы мен оның қоғамның 
барлық салаларының түбегейлі ӛзгеруіне ықпал етуі. Соңғы 
жылдары жобалау қызметін ендіруге, оны тиімді 
пайдалануға 
деген 
сұраныстың 
барлық 
жүйелік 
құрылымдарда да артып отыр. Сондықтан, бүгінде 
әлеуметтік және ӛндірістік салаларды стратегиялық дамыту 
мен 
жүйелік 
тұрғыдан 
басқарудағы 
жобалаудың 
ерекшеліктері мен тиімділігі туралы менеджерлерді арнайы 
даярлау қажеттігі бар.
Бүгінгі ӛркениеттің ерекшелігіне сай әлеуметтік мәдени 
дамудың қайнар кӛзі білімді игерушіде емес, білімді 
тудырушыда болып отыр. Ол білімділік пен біліктілікке, 
кәсібилік пен құзыреттілікке ие адам капиталын құрайды. 
Адам 
капиталының 
шын 
мәніндегі 
бағасын 
қалыптастыратын оның игерген білімі емес, оны тәжірибелік 
әрекетте пайдалана білуі деген түсінік білімнің іс-әрекетке 
негізделетінін анықтайды, осылайша 
интеллектуалдық 
капитал теориясы
пайда болады. Білімді жүзеге асыру оны 
басқару технологиясына тікелей байланысты, атап айтқанда, 
білім алуды басқару арқылы білім ұйымдастырушылық 
жобалауға айналады. Ұйымдастырушылық жобалаудың мәні 
білімді пайдалана отырып жоба жасау, жоспарлық бағдар 
құру, ресурстарды тиімді белгілеу мен орналастыруда болып 
табылады. Бұл жерде адам білімнің ӛзін игеруге күш 
салмайды, оны пайдалану арқылы ресурстар кӛзін мақсатқа 
сай 
ұйымдастыру 
әрекетін 
басқарады. 
Басқаруда 
стратегиялық әрекеттерді алдын ала ойластыру және оны 
ретімен жүзеге асыру ӛте күрделі қызмет болғандықтан, оны 


55 
жобалауға негіз болатын тұжырымдамасын құрастыру, 
басқару жүйесін ӛзгермелі жағдайларға сай дамытып, 
ӛзгертіп отыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, адамдарды 
басқару жүйелі тұрғыдан, әдіснамалық негізде жүзеге 
асырғанда ғана тиімді болары сӛзсіз. 
Осылайша, техникалық салада пайда болып, әлеуметтік 
жүйелерде дамытылған «жобалау» феномены дәстүрлі түрде 
гуманитарлық деп есептеліп келе жатқан салаларда, соның 
ішінде, әлеуметттік, мәдени, білім беруде кеңінен таратыла 
бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет