Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Мұса қағанның исламды мемлекеттік дін деп жариялауына себеп болған жағдайлар



бет28/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Мұса қағанның исламды мемлекеттік дін деп жариялауына себеп болған жағдайлар:

  • Ислам дінінің көмегімен өз билігін нығайтуға ұмтылыс;

  • Мұсылман елдерімен байланыстарды кеңейту;

  • Мұсылмандар қоныстанған аумақтарды қосып алу.



Қарахан мемлекетінің құлауы. Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің әлсіреуін көшпелі қарақытай (қидан) тайпалары пайдаланды.
XII ғасырдың бас кезінен бастап Жетісу үнемі қидандардың шапқыншылығына ұшырай бастады. 1141 жылы Жетісудың негізгі аумағындағы саяси билік қарақытайлар қолына өтіп, олар қарахандық билеушілерді өздеріне тәуелді етті. Алайда қарақытайлар тек салық алумен ғана шектелді. Олар өз бодандарының мемлекеттік құрылымына, дініне, мәдениетіне тиіспей, мұрагерлік қаған билігін де сақтады. Соған қарамастан қарақытай үстемдігі қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы болды.
1210 жылы наймандармен күресте Шығыс Қарахан әулеті талқандалды. 1212 жылы Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды.
Бір кездегі аса қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталды.
Қарахандық кезең мына тұрғыда сипатталады:
- түркі тайпаларының экономикалық және мәдени өмірінде оңды өзгерістер орнықты;

  • көшпелі түркілердің отырықшылануы белсенді түрде жүргізілді;

  • қалалар мен қала мәдениеті дамыды;

  • иқталық жүйе қалыптасты;

  • ислам мемлекеттік дін болып жарияланды;

  • араб жазуы қабылданып, біртіндеп көне түркі жазуын ығыстырып шығарды;

  • қарахан дәуірінде тілі мен мөдениеті ортақ этностардың қалыптасу үрдісі жүрді.



§ 12. Қарақытай мемлекеті (1128-1212 жылдар)


Мемлекеттің құрылуы. IX ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. Олар жайлы жазба деректерде Қытайдан солтүстікке қарай өмір сүрген монғол тілдес тайпалар ретінде атап өтіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет