Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§ 13. Наймандар, Керейіттер, Жалайырлар (ХІІ-ХІІІ ғасырдың басы)



бет31/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

§ 13. Наймандар, Керейіттер, Жалайырлар (ХІІ-ХІІІ ғасырдың басы)


Наймандар мен керейіттердің ерте тарихы. Монғол кезеңіне дейін Батыс Монғолияда наймандар мен керейіттердің ірі тайпалары қоныстанды.
Наймандар VIII ғасырдың ортасында Ертіс пен Орхон өзендері аралығында қалыптасқан. Қазіргі ғалымдардың пікірі бойынша наймандар шығу тегі жағынан түркі тілдес тайпа және олардың аты «сегіз тудың иесі» ұғымын білдіреді.



840 жылы Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азия көшпелі тайпалық одақтарының, соның ішінде керейіттер мен наймандардың қалыптасу үрдісі басталады.

Наймандар мен керейіттердің билеушілері XI ғасырдың басында орталық билікті нығайту мақсатында христианның несториандық тармағын қабылдайды.


Наймандар мен керейіттер қидандар құрған Ляо мемлекетінің күшті қарсыласына айналды.
Олардың арасындағы билік үшін күрес бірде жеңіспен, бірде жеңіліспен өтті. Алайда XI ғасыр соңында керейіттер мен наймандар Ляо империясының құрамына енді. 1125 жылы Ляо империясы құлағаннан кейін наймандар мен керейіттер тәуелсіздігін алды.
Найман мемлекеті. Найман мемлекеті Батыс Монғолия мен Шығыс Қазақстан жерін иеленіп, XII ғасырдың екінші жартысында өзінің гүлденген кезеңіне жетті. Наймандарда қала мәдениеті, егіншілік дамып, көрші мемлекеттермен сауда қатынастары кеңейді. Дәл осы кезеңде барлық сегіз тайпа біртұтас мемлекетке бірікті. Мемлекеттің ордасы Орхон өзені жағасындағы Балықты қаласы болды.



Наймандардың батыстағы көршісі Ертістің бас жағын мекендеген қыпшақтар, солтүстікте Енисей қырғыздары, шығыста керейіттер еді.

Керейіттермен бейбіт қатынастар жаугершілік кезеңдермен алмасты. Наймандар Орталық Азиядағы көшпелілерге билік жүргізу үшін керейіттермен бақталас болды. Наймандар Керейіт мемлекетінің тағына өзінің адамдарын бірнеше рет отырғыза алды. Алайда XII ғасырдың соңы - XIII ғасырдың басында Найман хандығының өзі екі бөлікке ыдырап кетті.


Осы кезеңде монғол көсемі Темучин (Шыңғысхан) нығая бастады. 1201 жылы наймандар монғолдардың күшеюін тоқтату мақсатында түркі тілдес тайпа өкілдері қатысқан құрылтай ұйымдастырды. Алайда сол жылы наймандар мен олардың одақтастары монғолдардан жеңіліске ұшырады. 1204 жылы монғолдар наймандарды толықтай жеңді. Найманның соңғы билеушісінің ұлы Күшлік қалған әскерді жинап, Жетісуға қоныстанды.
Керейіт мемлекеті. XII ғасырда керейіттер солтүстігінде Орхон өзенінен, оңтүстігінде Хуанхэ өзеніне дейінгі жерді иеленді. Бас ордасы Битөбе деген жерде орналасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет