Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет27/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

X ғасырдың соңына қарай қағанаттың жер аумағы қалыптасты. Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы солтүстік шегара Балқаш және Алакөл көлдерінің бойымен өтті. Қарахандықтар иеліктері батысында Мауараннахрды (Әмудария мен Сырдария аралығы), Жетісу жерін және шығысында Қашғарды қамтыды.



Саяси-әлеуметтік құрылымы. Қарахан мемлекетіндегі билік екі тайпалық топ - жігіл және яғма ақсүйектері арасында бөлінді. Елді шығыс және батыс бөліктерге бөлінген өз қағандары басқарды. Шығыс бөлігінің қағаны жоғары билеуші саналды. Оның ордасы Баласағұн қаласында орналасты. Батыс кіші қағанның ордасы Бұхарада, кейін Самарқанда болды. Осылайша, Қарахан мемлекетінде биліктің қосарлы немесе тең құқықты қосарлы жүйесі қалыптасты.
Қарахан мемлекетінде жер иеленудің иқталық жүйесі орнықты. Қағандар өз маңайындағыларға қызметтері үшін жер үлестерін бөліп берді. Олар аймақ немесе қала тұрғындарынан салық алу құқығына ие болды. Мұндай жер үлестері иқта, ал иқтаны ұстаушылар иқтадар деп аталды.



Қарахандықтарда иқтадан басқа мынадай жер иелену түрлері болды: дінбасыларының меншігі - вақф, жекеменшік - мүлік, яғни мемлекеттік салық түріндегі жерлер.

Иқта және иқталық жүйе Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өмірінде маңызды рөл атқарды. Феодалдық қатынастардың дамуына ықпал етті. Иқталық жүйе жаңа ақсүйек қауымын қалыптастырды. Олар байып алып, қағандарға бағынбады. Кейбір жеке жер иелері өз теңгесін шығарып, көрші елдермен дипломатиялық қатынас жүргізді. Мұның бәрі келіспеушілікке, өзара қырқысқа алып келді.


XI ғасырдың 30-жылдарының соңында мемлекет екіге бөлінді: Мауараннахрдағы батыс бөлігі және құрамына Жетісу мен Қашғар енген шығыс бөлігі. Екі қағанаттың арасындағы шегара Сырдария өзені бойымен өтті.
Исламның қабылдануы. Исламды қабылдау қарахандықтар дәуіріндегі ірі оқиға болды. Шығыстанушы В.В. Бартольд: «X ғасырдағы араб географтары түркілерді исламға мүлдем жат халық ретінде сипаттайды», - деп жазды. Алайда X ғасырда түбегейлі өзгерістер болды.



Исламның таралуы Қарахан қағаны Сатұқ Боғра хан есімімен байланыстырылады. Ол түркілердің исламға өтуіне дейін-ақ жаңа дінді қабылдаған болатын. Оның ұлы тақ мұрагері Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.

Қарахандық түркілерді ислам дініне енгізу біртіндеп жүзеге асырылды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет