Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§ 43. Қасым ханның (1511-1518 жылдар) ішкі және сыртқы саясаты



бет75/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
§ 43. Қасым ханның (1511-1518 жылдар) ішкі және сыртқы саясаты


Қасым - Жәнібек ханның ұлы. XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығы өмірінде Қасымның орны ерекше. Қасым Қазақ мемлекетін нығайту кезеңінде билік етті.
«Даланың нағыз ұлы ретінде үлкенді сыйлау дәстүрін ұстанған Қасым сұлтан бастапқыда Бұрындық ханға барлық жағынан бағынды», - деп жазады Мұхаммед Хайдар. Қасым сұлтан деректерде алғашында Бұрындық ханның «белгілі сұлтаны, атты әскер басшысының бірі» ретінде айтылады.
Бұрындық хандық құрған соңғы жылдары Мұхаммед Хайдардың айтуынша, Қасым өзін Бұрындықтан алысырақ ұстауға тырысты. Себебі «жақын болып тиісті құрмет көрсету дәстүрін сақтамаса, бұл ханға қарсылық білдіргендік еді, ал ол бағынуды қаламады». XVI ғасырдың басына қарай Қасым «әлі хан лауазымын қабылдаған жоқ, бірақ оның билігінің зор болғандығы соншалықты, ешкім Бұрындық ханды есіне алмады».
1511 жылы қартайған Бұрындықты Самарқанға шығарып салғаннан кейін ғана Қасым мемлекетті басқару міндетін және хан лауазымын қолына алады. «Тарих-и-Рашидиде» айтылғандай, «Қасым хан Жошы ханнан кейін ешкім жете алмаған бүкіл Дешті Қыпшақтағы қуатты әміршіге айналып, даңқы мен құдіреті артты».
Сол уақыттан бастап XIX ғасырда хандық билік жойылғанға дейін Қазақ даласындағы билік Жәнібек ұрпақтарының қолында болды.
Сыртқы саясаты. Қасым хан Сырдария бойындағы жерлерге жорық жасады. 1513 жылы қазақ әскерлері Сайрамға келді. Қала билеушісі қаланы ұрыссыз берді. Сәтті соғыс қимылдары мен көрші ел билеушілерінің өзара қырқыстарын тиімді пайдалану нәтижесінде қазақ ханының қол астына Сырдария бойындағы бірқатар қалалар өтті.
Қасым Қазақ хандығының Батыс Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалын күшейтті. Ол өзінің сыртқы саясатында Ноғай Ордасына зор мән берді.
Маңғыт жұрты ол кезде ауыр дағдарысты бастан кешті. Мырзалар, рубасылары билік үшін өзара күресті. Қасымның белсенді әрекеттері ноғай мырзаларын Жайықтан ары Еділге қарай алысқа көшіп кетуге мәжбүр етті. Маңғыт жүрты ру-тайпаларының бір бөлігі қазақ хандарының қол астына өтті. Қасым Қазақ хандығының аумағын батысында Жайықтың арғы бетіне дейін жеткізді.
Қасым ханның моғол билеушілерімен қарым-қатынастары сәтті жүрді. Моғолстанның негізгі бөлігі Жетісу Қазақ хандығының құрамына қосылды. Моғол хандары қазақ ханымен одақ құруға ұмтылды.



Қасым хан кең-байтақ дала кеңістігіне өз үстемдігін орнатты. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста хандықтың шегаралары Сырдарияның сол жағалауы мен Жетісудың біраз бөлігін қамтыды, солтүстік-шығысында Ертіске дейін жетті.

Деректерге сәйкес Қазақ хандығы аумағын кеңейту мәселесін Қасым хан қарулы күреспен де, саяси жолмен де шешті. Бұған III Василий билік еткен кезеңдегі Ресей мұрағаттарынан алынған дипломатиялық құжаттар дәлел бола алады. Қазақ хандығы біртіндеп сол кездегі халықаралық қатынастарға тартылды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет