Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Мұхаммед Шайбани XV ғасырдың 70-жылдарының басында



бет74/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Мұхаммед Шайбани XV ғасырдың 70-жылдарының басында өз жақтастарын жинап, Сырдарияға жорықты бастады. Бастапқы кезде Мұхаммед Шайбани үшін бәрі сәтті болды, ол Сығанақты басып алды, бірақ оның жетістігі осымен аяқталды. Әскери іс-қимылдардың нәтижесін Керейдің ұлы - Бұрындық сұлтан қолбасшылық еткен әскер шешті. Мұхаммед Шайбани әскері толық талқандады.
Әбілқайыр хан әулетінің билігін қалпына келтіруден үміті үзілген Мұхаммед Шайбани 1500 жылы өз әскерімен оңтүстікке жылжыды. Әмір Темір ұрпақтарының әлсірегендігін пайдаланып, Самарқанды, Бұхараны және бірнеше маңызды қалаларды басып алды.
Әмір Темір ұрпақтарынан билікті тартып алған Мауараннахрдың жаңа иелері Қазақ хандығының күшеюіне жол бермеуге тырысты. XVI ғасырдың бірінші он жылдығы қазақтардың Мұхаммед Шайбаниға қарсы күресімен сипатталады.
1509-1510 жылдары Мұхаммед Шайбани Керей мен Жәнібектің мұрагерлеріне қарсы үш жеңісті жорық жасады. 1510 жылдың басында болған соңғы жорық ол үшін сәтсіз аяқталды. Сығанақ түбінде Қасым сұлтанның әскерінен жеңіліс тапты. Мұхаммед Шайбани бұдан кейін Иран шахы Исмаилмен соғысады. 1510 жылы Мерв түбіндегі шайқаста Мұхаммед Шайбани әскері жеңіліп, оның өзі өлтіріледі. Шайбанилықтардың иеліктері екі мемлекетке бөлінеді. Аймақтағы осылайша өзгерген жағдай Қазақ хандығының күшейіп, оның билігінің оңтүстікте таралуына қолайлы мүмкіндік туғызды.



XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан халықтары өмірінде маңызды оқиғалар орын алды. Осы бетбұрысты кезеңде Қазақ хандығын басқару Бұрындық хан (шамамен 1474-1511 жылдар) мен Қасым ханның (1511-1518 жылдар) үлесіне тиді.

Бұрындық хан мазасыз әрі үздіксіз күреске толы кезеңде ел басқарды. Ол Керей мен Жәнібектің өсиеттеріне адал болды. Олар негізін салған мемлекетті сақтап, нығайтуға тырысты. Әскери жорықтарды өзі бастап, шайқаста бірнеше рет жараланды. Тарихшылар Бұрындық ханды Қазақ хандығы қалыптасу кезеңіндегі ең мықты мемлекет басшысы ретінде сипаттайды. «Кез келген уақытта, - деп жазды Ибн Рузбихан, - Бұрындық хан қазақ ұлысына: «аттарыңа мініңдер, жауға аттанамыз» деп бүйрық берген мезетте жер қайысқан қол жиналған». Бұрындық хан Жетісудың, Орталық Қазақстанның көшпелі тайпаларын біріктіре алды.





Бұрындық 30 жылдан астам уақыт бойы хан болды, бірақ жоғары билікті өмірінің соңына дейін ұстап тұра алмады. Тарихи деректерде оның тағдыры туралы қайғылы әңгіме сақталған. Мұхаммед Хайдардың айтуынша, 1509-1510 жылдарға қарай Бұрындық хан саналса да Жәнібектің ұлы Қасымның ықпалы зор болды, бүкіл билік Қасым сұлтанның қолында еді. Хандықтың ең беделді екі адамы арасындағы бәсекелестік қүдіретті де жігерлі сұлтанның жеңісімен аяқталды. «Тарих-и- Рашиди» еңбегінде Бұрындық өзіне жақын топпен бірге Самарқанға кеткендігі айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет