Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Сонымен, хандық кезеңдегі қазақ қоғамы



бет86/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Сонымен, хандық кезеңдегі қазақ қоғамы:

  1. Негізгі екі әлеуметтік ақсүйек және қарасүйек топтарына бөлінді. Бұл бөлініс экономикалық емес, құқықтық белгілермен сипатталынды.

  2. Рулар мен тайпалар Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деп аталған үш бірлестікке енді. Қарасүйек өкілінің жағдайы, мейлі ол би немесе қатардағы көшпелі болсын, оның руы мен тайпасының атақ-дәрежесі, беделімен анықталды.

  3. Қазақ қоғамы негізінен әлеуметтік жағынан біртекті келді (ақсүйектер тұрғындардың шағын бөлігін құрады). Таптық күрес болған жоқ, мұның өзі қазақ қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етті.



§ 51-52. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандығының саяси және құқықтық құрылымы


Қазақ қоғамының билік орындары. Жоғары билік хан қолында болды. Ол соғыс жариялап, бітім жасай алды.
Хандықтың бүкіл аумағына өз билігін жүргізді, ұлыстар мен қарамағындағы қалалардың билеушілерін тағайындады. Адамдарды қылмыстары үшін жазалады. Шағымдарды тексеріп, барлығына міндетті жарлықтарды шығарды, сонымен бірге салық жинау тәртібін белгіледі. Алайда хан өзінің барлық іс-әрекетін әдет-ғұрып құқығы негізінде жүргізуі тиіс болды. Ол хандық билікті сұлтандармен және билермен бөлісті.



Ханның жанында кеңес жұмыс істеді. Оған ең ықпалды сұлтандар мен тайпалардың көсемдері, билер енді.



Хан, сұлтандар мен билер «халық қамы» үшін жыл сайын құрылтайға жиналды. Оған барлығы қаруларымен келулері тиіс еді. Құрылтайға қарусыз келгеннің дауыс беру құқығы болмады.
Құрылтайда бітім жасау, соғыс жариялау, жайылымдарды қайта бөлу, көші-қон бағыттарын анықтау сияқты маңызды мемлекеттік мәселелер шешілді. Ханды таққа ақ киізге отырғызып көтеру салтымен ұлықтады.
Көшпелі қоғамда хан көңілінен шықпаса, онда халық оның қол астынан көшіп кете алды. Қазақ ханының нақты билігі оның жеке қасиеттеріне байланысты болды. Билеушінің беделі оның халыққа жасаған пайдасы, жақсылығымен өлшенді.
Хан әскері хан мен сұлтандардың тұрақты сарбаздарынан және ру жасақтарынан құралды. Бейбіт уақытта хан мен сұлтан жасақтары күзет қызметін атқарды. Олар ішкі тәртіпті сақтап, ханның салық жинау, елшілік жұмыстар т.б. тапсырмаларын орындады.
Билер әскери жорықтар кезінде өз руы немесе тайпа жасақтарына басшылық етті. Би - әскербасы, әкімшілік тұлға, сот сияқты үш міндетті атқарды.
Көшпелілер қоғамында ақсақалдардың да рөлі зор еді. Көшпелілер өмірінде жауынгерлік ерлік жоғары бағаланды. Шайқастарда басқалардан көбірек «жауын жойған» адам үлкен құрметке бөленді. Батырлар ру мен тайпа жасақтарын басқарды.
Әкімшілік құрылым. Қоғамның негізін отбасы құрады. Қан жағынан туыс отбасыларының бөлігінен ауыл құралды. Ал жеті атаға дейін туыстық байланыстармен біріккен ауылдардың біраз бөлігі аталас аймаққа енді. Аталас аймақтардан ру немесе тайпа құралды. Рулар мен тайпалардың бірлестігі ұлыс халқын құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет