Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет85/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Әйтеке би 30 жасында Кіші жүздің аға биі атанған. Әйтеке шешендігі, әділдігімен бірге жоңғарлармен ұрыста қол бастаған батыр да болған. Әйтеке би жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысты. Қазақ, қарақалпақ пен қырғыздардың жоңғар шапқыншылығына қарсы бірігіп соғысуына ықпал етті. Төле, Қазыбек билермен бірге «Жеті жарғы» заңдарын жетілдіруге үлес қосты. Тәуке хан саясатына оңды ықпал етіп, бірсыпыра мәселенің бейбіт шешілуіне ұйытқы болды. Біртұтас Қазақ хандығын нығайтуға зор еңбек сіңірді.


ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ


XV-XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ


§ 50. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы


Дала көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы. Дәстүрлі қазақ қоғамы ақсүйек, қалған басқа халық қарасүйек болып бөлінді.
Ақсүйек қауымын Шыңғысхан ұрпақтары немесе төрелер құрады. Шыңғысхан ұрпақтары шыққан тегіне қарай сұлтан лауазымын алды.
Хандық таққа қатысты құқық Шыңғысхан ұрпақтарында ғана сақталды. Олардың бұл құқығы өзге мемлекеттерге де жүрді. Шыңғысхан ұрпақтары қазақ ұлыстарында ғана емес, қарақалпақтар мен қырғыздардың билеушісі немесе Хиуа, Бұхара ханы бола алды.
Қазақ ұлыстарын билеген барлық Шыңғысхан ұрпақтарының ортақ таңбасы мен ерекше ұраны болды. Өздерінің құқықтары мен артықшылықтарын XIX ғасырдың ортасына дейін сақтады және ешқандай міндеткерліктер (әскериден басқа) атқарған жоқ. Олар тән жазасынан құтқарылып, билер сотына тартылмады. Қарапайым адамдар есімдерін атамай, «тақсыр» (әмірші, мырза) сөзін қолдануы тиіс болды. Сұлтандар рулар мен тайпалардың ешқайсысына жатпады, жүздер жүйесіне кірмеді, қоғамнан жоғары тұрды. Сұлтандар билеуші әулеттің өкілдері ретінде ерекше топты құрады.
Қожалар Ұлы Далаға ислам дінін таратушылар болды. Шыңғысхан ұрпақтары Жошы және Шағатай ұлыстарында сонау XIV ғасырда-ақ артықшылығы бар топ деп есептеді.



Халықтың барлық қалған бөлігі қарасүйек деп аталды. Бұл қазақ қоғамының негізгі және ең көп санды бөлігі саналды. Қарасүйек өкілдерінде жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну сақталды.

Еркін адамдардың жекебасы мен құқығын қорғау, ру мүшелерінің ынтымағы арқылы да қамтамасыз етілді. Өз руынан шеттелген адам қорғансыз, заңнан тыс қалды.


Қарасүйек қауымы билер мен батырлардан тұрды. Билер - рулар мен тайпа басшылары, әкімшілік және сот істерін атқарды. Әдет құқығын жақсы білген, халық арасында беделді адамдар ғана би бола алды. Сол себепті би қызметі мұрагерлік сипат алған жоқ. Билерді қазақтар даналығы, әділдігі және әдет-ғұрыпты жетік білгендігі үшін құрметтеген.
Шайқастағы жеке ерлігі мен қолбасшылығы үшін жекелеген адамдарға батыр атағы берілді.
«Батыр» сөзі атақ ретінде қаһарманның есіміне қосып айтылды. Қатардағы жауынгер немесе ақсүйек ханзада болсын, өзінің ерлік істерімен көшпелі қоғамның кез келген мүшесі бұл құрметті атақты ала алды.
Батырлардың ерлігін жыршылар, суырып-салма ақындар мен жыраулар жырға қосып, бүкіл елге танытты.
Көшпелілер қоғамында адамдарды тұрмыс жағдайына байланысты бай, кедей деп бөлді. Дала өңірінде малы көп кез келген адам бай деп есептелді. Асқан байлардың ондаған киіз үйі, жүздеген түйесі, мыңдаған қойы, меншігінде 15 мыңнан 30 мыңға тарта жылқысы болды. Байлар сұлтандар мен қатардағы көшпелілер арасынан да шықты. Байлық ерекше құқық берген жоқ. Қоғамдағы әрбір адамның орны руының атақ деңгейімен айқындалды. Мәселен, қандай да бір сұлтан кедей болғанымен, өзіне тиесілі барлық құқықтар мен артықшылықтарды пайдаланды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет