Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Құртты қыста әл беру үшін ыстық сорпаға езіп ішті



бет93/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Құртты қыста әл беру үшін ыстық сорпаға езіп ішті. Ірімшіктің ешкі және қой сүтінен бірнеше түрі дайындалды.
Дәнді дақылдардан негізгі тамақ түрі тары, кей кезде бидай болды. Тарыдан тары көже, талқан, жент дайындалды. Бидай ұнынан нан, бауырсақ және бидай көже әзірленді.
Ет қазақтардың негізгі тағамы болды. Жылқы еті ең жұғымды саналды, одан қазы-қарта, жал-жая, шұжық дайындалды. Асып пісірілген ет - қазақтардың негізгі тағамы.
Салт-дәстүрлер халықтың материалдық және рухани өмірін қамтиды. Қазақтар ата-бабаларын құрмет тұтты, ұлттық әдет-ғұрыптарын сақтады.
ХV-ХVІІ ғасырларда ислам қазақтың отбасылық өміріне дендеп ене қоймады. Үйлену тойлары ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді сақтай отырып өткізілді. Болашақ күйеу қалыңдық үшін қалыңмал төлеуі тиіс болды. Қалыңмалдан басқа күйеу жағынан түрлі жоралғылар: әулетіне мал, анасына сүтақы, қалыңдықтың ағаларына түрлі тарту-таралғылар (ер-тоқым, белдік т.б.), жақын туыстарына кәде (шағын сыйлық) әзірленді.
Қазақтың ғұрыптық жырының бірі - «Беташар». Беташарда келіннің беті ашылып, жаңа жұрты таныстырылды. Инабатты, ибалы, жақсы келін болуға үндейтін өсиеттер айтылды.
Халықтық мерекелер қазақ өмірінде үлкен рөл атқарды. Мерекелерде түрлі ұлттық ойындар: күрес, сайыс, көкпар, атжарысы т.б. ұйымдастырылды. Ойынға қатысушыларға бағалы жүлделер тағайындалды.
Әскери дәстүрлер көшпелілер өмірінде маңызды орын алды. Ұлы Дала тұрғындары, шын мәнінде, мықты жауынгерлер ретінде белгілі болды.
Көшпелі қазақтарда тұрақты әскер болған жоқ, оның есесіне қажеттілікке қарай жиналатын ру-тайпалық жасақ құрылды. Ру-тайпалық жасақ басында рубасы тұрды. Әр жасақтың өз әскери туы мен жауынгерлік ұраны болды. Мұндай жасақтардың кейбір бөлігін ұлыстық әскер құрады. Ұлыс билеушісі ұлыс әскеріне басшылық етті және өзінің жеке туы болды. Хан біріккен әскерлердің жоғарғы қолбасшысы саналды. Ол жауынгерлерді шайқаста өзі басқарды, әскермен бірге барлық қиындық пен қауіп-қатерді бөлісті. Бұрындық пен Қасым хандар шайқас кезінде жараланды. Мамаш хан ұрыста шейіт болып, Тәуекел хан соғыс кезінде алған жарадан қайтыс болды.
Бұл кезеңде қазақтардың негізгі қаруы қылыш пен садақ еді. Басқа қару-жарақ түрлерінен ұрыста айбалта, шоқпар, қарсыласты ер-тоқымнан жұлып алу үшін ілгекті найза қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет