Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Мұхаммед Хайдар аса көрнекті тарихшы



бет95/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Мұхаммед Хайдар аса көрнекті тарихшы, «Тарих-и Рашиди» атты ғажайып тарихи ғылыми еңбектің авторы. Бұл еңбек парсы тілінде жазылған.

«Тарих-и-Рашидидің» негізгі мазмұны - ХІV-ХVІ ғасырлардағы Моғолстанның тарихы. Кітапта сондай-ақ қазақтар мен Орталық Азияның басқа түркі халықтарының тарихы туралы деректер бар.


Мұхаммед Хайдардың еңбегі Қазақ хандығының тарихы бойынша нақты деректердің молдығымен маңызды орын алады. Оның жазбалары Қазақ хандығы құрылуының бұрынғы және кейінгі тарихын жүйелі де қисынды баяндаған бірден-бір құнды еңбек.
«Жәмиғ-ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») авторы - Тәуекел хан тұсындағы ықпалды би, жалайыр руынан шыққан Қадырғали (тарихи әдебиетте Қадырғали Жалаири есімімен белгілі). 1587 жылы ол Оразмұхаммед сұлтанмен бірге орыстарға тұтқынға түсіп, ұзақ уақыт орыс патшалығында тұрды.
Кітап ХV-ХVІ ғасырлардағы қазақ тарихына арналған. Қадырғалидың қазақ хандары мен сұлтандарының шежіресі туралы деректері ерекше құнды. Бұл еңбекте Қазақ хандығы, оның билеушілері мен батырлары туралы материалдар келтірілген. Кітап араб әрпімен, қазақ тілінде жазылған маңызды тарихи дереккөз ғана емес, XVI ғасырдағы қазақ тілінің ескерткіші де болып табылады.



Қадырғали туындысы - қазақ тайпаларының өкілі жазған алғашқы тарихи еңбек.



«Шыңғыснама» тарихи еңбегін XVI ғасырда Өтеміс қажы жазған. Кітапта Жошы әулетінің тарихы баяндалады. Бұл шығармада XIII-XV ғасырлардағы саяси тарих, Алтын Орданы басқарған хандар, сол кезеңдегі Батыс және Оңтүстік Қазақстан туралы көптеген деректер бар.
«Тарих-и Әбілқайыр хани» шығармасы XVI ғасырға жатады. Кітап авторы - Масуд бин Осман Кухистани. Кітапта Әбілқайыр хан билік еткен кезеңдегі «көшпелі өзбектер» тарихы баяндалады.
«Шежре-и түрк» («Түрік шежіресі») кітабының авторы - Хиуа қаласының ханы, тарихшы, Әбілғазы Баһадүр (1603-1664 жылдар). «Шежре-и түрк» Шыңғысхан әулетінің тарихына арналған. Онда қазақ халқының құрамына енген түркі тайпалары туралы құнды деректер бар. Әбілғазы Баһадүр тарихи еңбектердің ғана емес, әскери іс пен ақындық өнер туралы еңбектер де жазған.
Ортағасырлық шығыс қоғамында ғылым мен білім жоғары бағаланды. Билеушілер әскери жетістіктерді ғана емес, өз астанасына ғалымдарды тартуды да ойластырды. Әр билеуші мен ықпалды сұлтан өз жанында сарай тарихшылары мен ақындарын ұстады. Бұл билеушілердің құдіреті мен беделін арттырды. Тарихшы, ақындар кез келген сарайда өздерінің қабілеттері мен білімдерін кеңінен танытуға мүмкіндік алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет