Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет98/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Дуальдық жүйе - бір-бірімен өзара әрекеттестіктегі екі тең құқылы жүйе (мысалы, түргештердегі сияқты тайпалардың екі негізгі тобы).
Ел - ежелгі түркі халықтарындағы мемлекет атауы. Кейін қарахандықтар қағанатындағы иеліктер басқарған дербес иеліктер осылай атала бастады.
Елтебер - Батыс Түрік қағанатындағы жоғары лауазымның бірі, қаған әулетінің бір мүшесі.
Ер - жауынгер, еркек, түріктерде тең құқылы еркін қауым мүшесі.
Жабғу - 1) Оғыз мемлекеті басшысының лауазымы; 2) Кейбір түрік мемлекеттерінде «қаған» атағын қабылдағанға дейінгі жоғары қызмет иесі, жоғары билеуші.
Жарлық - монғол мемлекеттерінде ханның заң немесе басқару мәселелері бойынша жарлығы. Бұл жарлық халыққа жария етілуі тиіс болды. Жарлыққа ханның таңбасы басылды.
«Жасақ» («Яса») - заң, жарғы; монғолдың әдет-құқығы, екі бөлімнен: Шыңғысханның нақыл сөздерінен (оның ойлары мен нақыл-өсиеттері) және заңдарды орындамағаны үшін тиісті жазалар белгіленген әскери және азаматтық заңдар жиынтығынан тұрады.
Жатақ - көшпелі шаруашылықты жүргізу мүмкіндігі болмағандықтан отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысқан, яғни жеткілікті мал санынан айырылған көшпелі.
Жәм - Монғол империясындағы пошта бекеті, жаушылар бекетте аттарын ауыстыра алды. Кейін барлық мемлекеттерде тарады («жәмшік» сөзі осыдан шыққан).
Жошы ұрпақтары - Жошы ұрпақтарының әулеті.
Жырау - ХІV-ХVІІІ ғасырлар дала өңірінде эпикалық шығармалар мен толғаулар шығарған жыршы. Көшпелілер арасында ерекше үлкен беделге ие болды. Әдетте тұрғындардың арман-тілегін білдірді, кейде хандар мен сұлтандардың кеңесшісі, әскербасы, би болды (мысалы, Жиембет жырау).
Зекет - көшпелі малшыдан алынған салық (әдетте малдың 1/20 бөлігі).
Зороастризм - ежелгі халықтар діні, Заратуштра (Зороастра) «пайғамбардың» есімімен аталған.
Иерархия - әлеуметтік топтардың немесе басқару жүйесіндегі қызметкердің әлеуметтік біркелкілігі, онда әр топ жағдайына қарай өзінің алдындағыдан төмен тұрады (мысалы, Қазақ хандығын басқару жүйесіндегі иерархия. Ханнан бастап, ауыл басшысына дейінгі жүйе).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет