Монотеизм- бір құдайлық, бір жаратушы құдайды танитын дін (мысалы, ислам, христиандық).
Некрополь - атақты адамдар жерленген орын; ол міндетті түрде сәулет құрылысымен ерекшеленеді.
Ноян - монғолдарда және монғол кезеңінен кейінгі барлық мемлекеттерде жоғары ақсүйек лауазымы; әскербасы.
Номиналды - тек қана аталатын, бірақ өз міндетін орындамайтындар (мысалы, Алтын Орданың Берке тұсындағы ұлы ханға тәуелділігі номиналды болды).
Нумизматика- теңгелердің, ақшалардың, медальдардың тарихын зерттейтін ғылым (сондай-ақ ескі теңгелер мен медальдарды жинау). Әдетте соғылған орындары мен билеушілер есімдері көрсетілген теңгелерді зерттеудің арқасында тарихшылар хандардың билік еткен мерзімін, олардың иеліктерінің шегараларын, сауда байланыстарының таралуын және т.б. анықтайды.
Он оқ бұдун- «он жебе халқы», Батыс Түрік қағанатындағы 10 жетекші тайпа, тайпалық ұйымының негізі.
Орда - монғолдарда хан ордасы.
Өркениет - 1) қоғам қол жеткізген материалдық және рухани мәдениеттің белгілі бір деңгейі; 2) ірі әлеуметтік-мәдени ортақтық (мысалы, ислам өркениеті, түркі өркениеті).
Патриархалды-феодалдық қатынастар- рулық-тайпалық ұйым негіздерін сақтайтын феодалдық қатынастар.
Портал - ғимарат қасбетіне салтанатты сипат беру үшін қолданылатын сәулет тәсілі; ол еңселі әрі әсемдігімен көз тартып тұрады.
Протекторат- күшті мемлекеттің әлсіз елді ресми түрде құрамына алуы. Бұл жағдайда әлсіз ел өзінің мемлекеттік құрылымы мен дербестігін жай ғана сақтай отырып, шын мәнінде күшті елге бағынышты болады.
Рабад- ортағасырлық қалалардың қолөнер мен сауда орындары шоғырланған бөлігі. Рабадтар шахристан маңында орналасқан.
Реформа - жаңа жағдайларға бейімделіп, өз қызметін жақсарту мақсатында экономикада, мемлекеттік басқаруда және басқа салаларда билік жүргізген жаңарту үрдісі.
Руна жазуы- көне түріктер жазуы.
Сабақтастық - бір құбылыстың өзінің алдындағыдан келесісіне маңызды белгілерін жоғалтпай өтуі (мысалы, дәстүрлер сабақтастығы, билік сабақтастығы).
Саманилер - Мауараннахр билеушілерінің әулеті (мөлшермен 840-999 жылдар). Әулет негізін салушы - Саман. Қарахандықтар ғазнауилермен одақтаса отырып, бұл билікті жойды.