Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Салжұқтар - Салжұқ бастаған түрік-оғыз тайпаларының оғыз тайпалық одағынан бөлініп кеткен тармағы. Сепаратизм



бет101/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Салжұқтар - Салжұқ бастаған түрік-оғыз тайпаларының оғыз тайпалық одағынан бөлініп кеткен тармағы.
Сепаратизм - мемлекеттің бір бөлігінің жекешеленуге, оқшалануға үмтылуы.
Соғдылар - Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағын мекендеген көне шығыс ирандық халық, VI ғасырдан бастап Жетісуды қоныс етті. Саудамен, қолөнермен және егіншілікпен айналысты.
Соғым - көшпелі малшылардан алынған салық (қысқы ет дайындау).
Сойырғал - көшпелі ақсүйек қауымының отырықшы-егінші тұрғындарға үстемдік етуінің түрі. Ханға адал қызмет еткен әскерилерге тарту етілген жерлер мұрагерлікпен берілмеді, бұл жердің иесі өз пайдасына салық жинады.
Сопылық - исламдағы ағым.
Сословие - әдет пен заң бекіткен өзінің құқықтық ережесі бойынша ерекшеленетін адамдардың қоғамдағы үлкен тобы.
Стандарттау - бұйымдардың бірыңғай өлшемдері мен үлгілерін белгілеу; дамыған қолөнер және өнеркәсіп өндірісіне тән.
Стела - тастан қашалған немесе тұтас қабырға түріндегі ескерткіш-белгі, құлпытас.
Сюбашы - оғыз әскерінің бас қолбасшысы.
Сұлтан - жасы мен қоғамдағы жағдайына қарамастан, Шыңғысхан әулетінің әр мүшесінің лауазымы (қазақтарда сұлтандарды төре деп атаған).
Тархан - 1) Батыс Түрік қағанатында сот қызметін атқарған шенеуніктер; 2) монғол кезеңінен кейінгі мемлекеттерде тархандық құқық алған ақсүйек өкілдері.
Тархандық - ру-тайпа билеушілері мен ақсүйектерінің жерге ерекше және дербес құқықтығы.
Тауыс (павлин) - қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс.
Тат - түріктер қол астындағы салық төлеуге міндетті отырықшы тұрғындар.
Тегін - түріктерде билік етуші әулет мүшелерінің, ханзадалардың мансабы (мысалы, Күлтегін Білге қағанның кіші інісі).
Тенденция - жеке тұлғаның бойындағы немесе қоғамдағы мәдени, саяси және әлеуметтік-идеологиялық көзқарастар мен түсініктердің негізгі бағыттары (мысалы, көшпелілердің қалалық өңірде отырықшылыққа бейімделу тенденциясы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет