Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет89/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
ХV-ХVІІ ғасырларда киіз үймен бірге арба үстіне тігілген киіз үйлер де болды. Ағылшын саяхатшысы А. Дженкинсон көші-қон көрінісін сипаттай отырып, былай деп жазады: «Біз баспаналары бар арбаларға жегілген сансыз көп түйелерді көрдік, олар алыстан қала сияқты елестеді».
Ортағасырлық авторлар Дешті Қыпшақ тұрғындарының «арба үстіндегі киіз үйлері», жабық арбалары туралы жазды. «Қандай ғажап шатырлар! - деп таңданады Рузбихан. - Даладағы қамалдар, әуе кеңістігіндегі үйлер». «Олар жолда аялдап, тоқтағысы келген кезде, - деп жазады И. Барбаро, - көшпелілер бұл үйлерді арбалардан түсіріп, соларда тұрады».
Арбаға бірнеше түйе немесе өгіз жегілді. Дала тұрғындары өздерінің арбаларымен «еркін және ештеңеден жасқанбай» көшіп жүрді. Арба үстінде негізінен әйелдер мен балалар орналасты. Әдетте арба жанында салт аттылар болды, олар өрге шыққанда және төмен түскенде киіз үй ішіндегілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
XVIII ғасырда арба үстіндегі киіз үйлерден жиналмалы киіз үйлерге жаппай көшу басталды. Көшпелілер барлық мүлкі мен киіз үйін түйе мен аттарға артып көшіп жүрді. Бұл Дешті Қыпшақтың көшпелі тұрғындары тұрмысындағы өзгеріс болатын. Бұл өзгерістер жаугершілік заман мен жайылымдық шаруашылықтың тарылуынан туындады.
Аңшылық. Дешті Қыпшақтың түрлі аң-құсқа толы кең-байтақ даласы көшпелілерге аң аулауға мүмкіндік берді. Ортағасырлық авторлар қазақтардың киікті қаумалап аулауы туралы жазды. «Аңды көбінесе садақпен аулайды» деп атап көрсетеді. «Егер ет керек болса, үй иесі бірнеше жебесі бар мықты садағын иығына салып, аң аулауға шығады да, күйлі құланды өзінің сұр жебесінің нысанасына алады» дейді. Аң аулауда қыран құстар (бүркіт, лашын, сұңқар т.б.) мен тазы пайдаланылды.
Қолөнер және отбасылық кәсіп. Қазақ шаруашылығында қолөнершілік пен отбасылық кәсіп түрлері маңызды орын алды. Олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты болды, Қазақтардың отбасылық кәсібі, мәселен, тері өңдеу жоғары деңгейде дамыған.
Киіз басу, тері өңдеу, киім тігу т.б. жұмыстарды әйелдер атқарды. Көшпелі қоғам ер-азаматтары қару-жарақ түрлерін, ер-тоқым, ат әбзелдерін жасады, аяқкиім тікті, мал табындарын қорғады, аң аулады. Ер-азаматтардың ең басты міндеті елді, отбасы мен дүние-мүлікті қорғау болды.
Көшпелілер артық өнімді қала тұрғындары мен егіншілер өндіретін өнімге айырбастады. Дала өңірі мен отырықшы-егіншілік аудан тұрғындарының өзара тұрақты байланысы қазақ қоғамы өмірінің ажырамас бөлігі болды.
Міндеткерліктер. Көшпелілердің ежелгі және басты міндеткерлігі әскери міндет еді. Әр ер адам хан мен батыр, қолбасшылардың шақыруымен жасақ қатарына енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет