Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет87/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

ХV-ХVІ ғасырларда қазақ мемлекеті бірқатар ірі және ұсақ иеліктер ұлыстардан тұрды. Әр ұлыстың өз аумағы болды. Сұлтандардың жергілікті рулар мен тайпаларға билігі ұлыстарға біршама дербестік берді.
Адам саны аз ұлыстардың өз бетінше өмір сүруі мүмкін емес еді. Сол себепті ұсақтары ірі ұлыстарға бірікті. Ондай ұлыстардағы жауынгерлердің саны ондаған мыңға жетті. Барлық қазақ рулары мен тайпалары үш жүзге біріктірілді.
Жүздер. Жүз - бұл қазақ қоғамының тарихи-шаруашылық тұрғыдан қалыптасқан этноаумақтық бірлестігі.
«Жүз» сөзі - бөлік, жүздік дегенді білдіреді. «Жүз» және «алаш» атауының шығу тегі жайлы халық арасында көптеген аңыздар бар.
Алаша хан туралы түрлі деректерді Қадырғали Жалайри, Рашид-ад-Дин және Әбілғазының қолжазбаларынан кездестіреміз. Қазақ жүздерінің құрылу уақыты туралы ортақ пікір жоқ.
Жүздердің қалыптасуы күрделі, ғалымдар әлі соңына дейін зерттеп болмаған үрдіс. Жетісуды мекендеген тайпалар Ұлы жүз атауын алды. Орта жүз Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аумағын алып жатты. Кіші жүз қазіргі Батыс Қазақстан аумағында қоныстанды. Барлық жүздің шегаралары Сырдария өңірінде түйісті.
«Жеті жарғы». Аңызға сәйкес, Тәуке хан Күлтөбе жайлауына (Сырдария аймағы) әйгілі билермен бірге Қасым мен Есім хандардың тұсындағы ескі әдет-ғұрыптарға жаңа жарғылар енгізеді». Ғылыми әдебиетте «Жеті жарғы» «Тәуке ханның заңы» деп аталады. «Жеті жарғы» XVII ғасырдың соңына қарай жасалды.
«Жеті жарғының» жасалу себептері:

  • қазақ қоғамының қажеттіліктеріне байланысты әдет құқығының ескірген қағидаларын жаңа ережелермен толықтыру;

  • жоңғар шапқыншылығы мен өзара қырқыстар күшейе түскен кезде бүкіл халықты біріктіру.

«Тәуке ханның заңында» сол кездегі өмір шындығы көрініс тапты.
«Жеті жарғыда» салық ісі заңдастырылды. «Сұлтандардан басқа кез келген қару алып жүре алатындар хан мен ел билеушілеріне жыл сайын өз мүлкінің бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруы тиіс» екендігі айтылған.
Әр рудың өзіндік таңбасы болды. Бұл таңбалар бүкіл мал мен мүлікке, олардың кімге тиесілі екендігін ажырату үшін салынды.
Орта ғасырлар дәуіріндегі басқа құқық ескерткіштері сияқты «Жеті жарғыда» қылмыстық-құқықтық қағидаларға ерекше мән берілді. Онда жекетұлғаға, мүлікке, отбасына, т.б. қатысты жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік қарастырылды.
Қылмыстық жауапкершілік. Кісі өлтіргені үшін құн төлеу жазасы енгізілді. Құнның көлемі жәбірленушінің әлеуметтік жағдайына байланысты еді. Мәселен, кісі өлтіруші жәбірленуші тарапқа ер адам үшін 1000, әйел адам үшін 500 қой төледі. Ал сұлтанды немесе қожаны өлтіргені үшін жеті кісінің құны төленді. Егер жауапкер құнды төлей алмаса, онда құн ақысы оның туыстарынан немесе ауылынан өндіріліп алынды.
Ұрланған зат иесіне құнынан бірнеше есе артық етіп қайтарылды. «Жеті жарғыда» мүлікті тәркілеу мен бүкіл жұрт алдында масқара ету жазасы да қарастырылды. Жазаның бұл түрі жат дінге өткен адамдарға, ата-анасын жәбірлегендерге қолданылды. Әйелге зорлық-зомбылық жасау кісі өлтірумен теңестіріліп, өлім жазасына кесілді.
Отбасылық-неке қатынастарында бала өміріне ата-ананың құқығы бекітілді. Күйеуінің немеее әкесінің қылмысы туралы білген және бұл туралы хабарламаған әйелі мен балалары жазаға тартылмаған. Өйткені отбасындағы жасы үлкеннің үстінен сөз тасуға рұқсат етілмеген. Қылмыскерді айыптау үшін куә талап етілді. Сот жүргізу көпшілік алдында өтті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет