31
Қазіргі компьютерлік вирустарды негізгі екі топқа бөліп қарауға
болады. Олар:
• резиденттік
(компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирус-
тар;
• резиденттік емес
(компьютер жадында тұрақты сақталмай-
тын) вирустар.
Вирус жұққан программа іске қосылғанда, резиденттік вирустар
да іске қосылады. Алғашқыда әсері сезілмейді, алайда біраз уақыт
өткеннен кейін, өз жұмысын іске асыруға кіріседі. Бұл вирустарды
аз уақыт ішінде анықтау қиын. Ал резиденттік емес вирус жедел
жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген
программа іске қосылғанда, белсенділігі арта түседі. Вирустар
файлдардың ішіне жасырынады. Файл жұмысы басталғанда, ол
да өз әрекетіне кіріседі.
«Логикалық бомбалар»
(баяу әсер ететін
«бомбалар») қарапайым программаларға кіріп,
жасырынып жатады. Тек белгілі бір шарттар
(көрсетілген күн, ай мерзімінде немесе уақытта,
программа орындалуының белгілі кезеңінде)
орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Шарт
орындалғанға дейін барынша көп программа-
ны «бүлдіруге» тырысады.
Компьютерлік вирустардың жіктелуі
«Вирус-қақпан»
программалық құралдар-
дағы қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдала-
нады. Бұл – көлемді программаларды түзету
кезінде белсенділік көрсетіп, программаға жа-
бысатын, түрлі зиянды әрекеттерді орындай-
тын вирустар.
Қазіргі кезде сан мыңдаған компьютерлік вирус бар. Оларды
әдетте мақсатына, жұмыс логикасына, көлеміне және жұмыс істеу
аумағына қарай жіктейді. Оларды төмендегідей жіктеуге болады.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
|