52
Менің ойыным
14
• Еліміздегі сәулет өнерінің туындылары
туралы не білесің
(
1-сурет
)? Әңгімеле.
• «Ойын сценарийі» дегеніміз не? Есіңе түсір.
• Қандай ойын сценарийлерін жоспарлауды үйрендің?
•
1-сурет
негізінде қандай ойын идеясын ұсынар едің?
Ойыңды ортаға сал.
Программалау ойын алаңында цикл, костюм, көріністі пай-
даланып, ойын құруды үйренеcің.
1-сурет.
Сәулет өнерінің туындылары
Компьютерлік ойындарды көбіміз ұнатамыз.
Мұндай
ойындарды өздері құруға әрекет жасайтындар көп. Бұл
үшін компьютерлік ойынның ішкі құрылы мын, қалай жа-
салғанын білуіміз керек. Компьютерде ойналатын кез кел-
ген ойын программаның көмегімен жасалады.
Scratch про-
граммалау ортасы – компьютерде ойын құруды үйренетін
алғашқы баспалдақ.
Өткен тақырыптарда ойын түрлерімен, ойын сцена-
рийін құру жолдарымен танысқанбыз.
Қарапайым гра-
фикалық суреттер, сандар мен
мәтіндерден ойын сюжетін
ойлап тауып, құрастыруға болады. Мысалы,
1-сурет
негізінде әртүрлі ойын идеясын ұсына аламыз. Осы су-
реттер негізінде танымдық
ойынның сценарийін жазып,
программасын құруды үйренейік. Ол үшін өткен тақырып-
та танысқан «Ойын сценарийі»
кестесін
пайдаланамыз.
Достарыңызбен бөлісу: