Джозеф Пристли (1733-1804 жж.) - ағылшын философы, Девентри деген жердегі Рухани академияда білім алған, жаратылыстану ғылымдарын зерттеген. Фотосинтезді ашқан, аммиакты жасап, оттегін ашқан адам. Негізгі философиялык еңбегі «Материя мен рухты зерттеу жөнінде».
Бұл еңбегінде Д.Пристли: «Материя дегеніміз - ол созылатын қасиеті, тарту мен итеру күштері бар субстанция», - деген анықтама береді. Материя енжар (inert) емес, ол - нешетүрлі күштерге толы субстанция. Егер сіз материяның тарту және итеру күштерін алып тастасаңыз, онда материя да жоғалады. Д.Пристли ғылымда ұстаған материяның өткізбейтін қасиеті бар зат деген пікірге қарсы шығып, заттар бірін-бірі өзара өткізеді деген пікірге келеді. Ол осы тұжырым арқылы материяның сезімі мен ойлау қасиеттерінің бар екенін дәлелдегісі келді.
«Менің ойымша, - дейді Д.Пристли, - адам құрамы жағынан біртекті, ал оның қабылдау қасиеті мен баска да қабілеттері мидың құрылымымен тығыз байланысты». Яғни адамның табиғатында екі бір-біріне тәуелсіз карсы жатқан нәрсе жоқ - адам толығынан материалдық дене. «Адамнын мүшелерінсіз, жүйке мен миынсыз бізде сезім де, идеялар да пайда болмас еді», - деп корытады Д.Пристли.
Ойшының әлеуметтік-саяси көзқарастарына келер болсақ, ол адамдардың саяси және азаматтық бостандықтарын қорғайды. Оның ойынша, «ең жетілген саяси бостандықтар болған жерде, барлық қоғам мүшелерінің саяси құқтары тең болады». Ал мемлекеттің лауазымды қызметтеріне адамның тегі мен байлығына қарай қойған қоғамда ешқандай саяси бостандық жок. Барлык азаматтык биліктің кайнар көзі халықта болуы керек.
Ал енді азаматтық құктарға келер болсак, ол әр адамның өзінің калауынша іс-әрекет жасау кұкы, оған мемлекеттің лауазымды иелері ешқандай кол сұқпауы керек. Мемлекет билігіне келер болсақ, оның негізгі мақсаты - әрбір адамның меншікке, өзінің қауіпсіздігіне, бақытты өмір сүруіне деген құқтарын қамтамасыз ету.
Саяси бостандық пен азаматтық бостандық өте тығыз байланысты. Бүл диалектикалық өзара байланыста саяси бостандық шешуші рөл атқарады. Егер саяси бостандық болмаса, онда халық өзінің азаматтық бостандығын дұрыс қорғай алмайды. Саяси бостандық көбірек болса, онда азаматтық бостандық та күштірек болады.
Адамдардың өмірге, еріктікке, меншікке деген табиғи қүқта-рын сақтау үшін олар мемлекет қүруға келіседі. Ал бірақ жасалған шарттың қағидалары бұзылса, «халық ол шарттан бас тартып, жаңа тәртіп орнатуға құқы бар», - деген Д.Пристлидің ойы оның демократияшыл қайраткер екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |