Эмпедокл (490-430 б.ғ.д.) жан-жақты дамыған ірі тұлға болған: ол философиямен қатар өлең жазған, саясатқа араласқан, адамдарды емдеген. Эмпедоклдың айтуынша, Дүниенің негізінде 4 стихия - от, су, жер мен ауа жатыр. Оларды бір-бірімен біріктіретін Сүйіспеншілік, ал ажырататын - Жаугершілік.
Бірақ Эмпедокл Парменидтің бейболмыс жоқ деген қағидасын ұстайды. Олай болса, калай Дүниеде қозғалыс болады деген заңды сұрақ туады. Қозғалыс заттардың қүрамындағы 4 стихияның бір-біреуінің араласқандағы көлемге байланысты болады екен.
Сонымен 4 стихия Дүниенің алғашқы негіздерін құрайды. Олар мәңгілік және түрақты, бірақ бір-бірімен қосылып, мәңгілік қозғалыста.
Ал Сүйіспеншілік пен Жаугершілікке келер болсақ, Эмпедоклдың ойынша, олар рухани күштер емес, олардың табиғи қасиеттері бар. Сүйіспеншіліктің ұзындығы мен ені бүкіл Дүниеге бірдей тарап кеткен, оның касиеті ылғалдығында. Ал Жаугершілікке келетін болсақ, ол отқа жақын.
Кейбір уақытта Дүниеде Сүйіспеншілік билеген кезде 4 стихия толығынан бір-бірімен араласып, шар сияқты болып көрінеді (Сфайрос - шар). Ол кезде Жаугершілік шардың шетінде.
Ал Жаугершілік шардың ішіне кіре бастағаннан-ақ, әрбір стихия өзінше жиналып, бір-бірінен бөліне бастайды.
Келесі сатыда бірінші процесс тағы да басталады...
Дүниеде 4 стихиядан басқа тіршілік - өсімдіктер, жануарлар, адамдар бар. Олар 4 стихия арқылы қалай пайда болады? Әрине, бұл сұраққа Эмпедокл тұрпайы жауап қайтарады. Оның айтуынша, ең алдымен 4 стихияның әртүрлі бір-бірімен қосындысынан бөлек-бөлек жануарлардың денелерінің бөлшектері пайда болды. Жер бетінде бір жерде қол, екінші жерде аяқ, үшінші жерде көз т.с.с. жатады.
Екінші сатысында олар бір-бірімен ретсіз қосылып, басы адамға, денесі бұқаға ұқсаған т.с.с. құбыжықтардың пайда болуына әкеледі. Бірақ олардың өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан олар өмірден кетеді.
Үшінші сатысында пайда болған жануарлардың екі жыныстық қасиеттері бар, сондықтан олар өсіп-өне алмайды. Ең соңғы төртіншісі сатысында ғана бір жыныстық жануарлар дүниеге келіп, тіршілік әлемі өмір сүре бастайды.
Эмпедоклдың берген жауабы тұрпайы болғанымен, оның астарында тіршіліктің «мақсатқа лайықтылық» табиғаты бар екені жатыр. Ал бұл мәселе діннің Құдайды мойындаудағы негізгі дәлелдемелерінің бірі болып, мыңдаған жылдар бойы ғылымда әртүрлі дау-дамай тудырды. Тек XX ғ. ғана бұл «мақсатқа лайықтылық» барлық тіршіліктің миллиондаған жылдардың ішін-дегі күн мен түннің, жылдың маусымдарының т.с.с. ауысуына бейімделуінің арқасында табиғаттағы үрдістерді «алдын ала бейнелеудің» негізінде келгені дәлелденді.
Эмпедокл көптік пен қозғалыс Дүниеде бар екенін көрсеткенімен, бірақ қалайша бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі дүниеден кетіп жатыр деген сұраққа қанағаттанарлық жауап берген жоқ.
Сондықтан Анаксагор бұл сұраққа жауап іздейді.
Анаксагор (500-428 б.ғ.д-) бай және кең танымал ақсүйектер отбасында дүниеге келеді. Бірақ ол өсе келе, байлықтан бас тартып, өзінің өмірін толығынан ғылым мен өнерге арнайды. Ол кісінің ойынша, Күн - ол Құдай емес, орасан зор жанып жатқан от, Ай жер сияқты және онда тіршілік бар, күннің күркіреуі, найзағайдың жарқылдауы - бұлттардың бір-бірімен соқтығысуында т.с.с.
Афина қаласында Анаксагор ең бірінші болып, философиядан сабақ бере бастады. Бірақ ол қудаланып (гректердің Құдайларын мойындамағаны үшін), Афинадан қашуға мәжбүр болады. Өзінің философиялық еңбектерінде Анаксагор қалайша шаш еместен шаш, ет еместен ет пайда болады деген нақты сұрақтар қояды. Эмпедоклдың стихияларының ішінде ет, сүйек, шаш, қан сияқты элементтер жоқ еді ғой.
Анаксагор бүл сұраққа: «Әр нәрсе өзіне өте ұқсас бөлшектерден -- «тұқымдардан», гомеомериялардан пайда болады». -деген жауап қайтарады. Ол түқымдар стихиялардың ішінде қалқып жүріп, бір-бірімен қосылып заттарды тудырады. Ал барлық заттардың пайда болуына түрткі болған, оларды ретке келтіріп отыратын ол НУС (nоus - грек сөзі, ақыл-ой) - дүниежүзілік ақыл-ой.
Қорыта келе, Анаксагор Афинадағы ғылымның, философияның дамуына өзінің зор әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |