132
■
Бастапқы қалып — аяқтар тұрысы бөлек. «Бір» санына» — тізені бүгіп
тірелу, «екіге» — бастапқы қалыпқа оралу. «Үшке» — алдыға еңкею,
қолдар алдыда. «Төртке» — бастапқы қалыпқа оралу. Алты реттен кем
емес қайталау. Жаттығу орташа қарқынмен орындалады.
■
Бастапқы қалып — аяқтар тұрысы бөлек, қолдар бастың артында. «Бір-
екі-үш» санына — бөксені бір жаққа қарай айналдыру қимылдары.
«Төрт, бес, алтыға» — екінші жаққа қарай қимылдар жасау. «Жеті,
сегізге» — босаңсу, қолдарды төмен түсіріп, саусақтарды сілкілеу. Төрт
реттен кем емес қайталау. Жаттығу орташа қарқынмен орындалады.
VІІ ТАРАУ
1.
Жабдық профилактикасы үшін
арнайы құралдарды пайдалана
отырып, келесі құрылғылар үшін профилактикалық шаралар
жүргізіңіз:
■
монитор — экранды арнайы салфеткамен тазалауды орындаңыз, бүйір
беттерін шаңнан тазартыңыз. Қажет
болған жағдайда монитордың
жөнге салынуын дұрыс реттеңіз;
■
жүйелік блок — электр қорегін өшіріңіз, жүйелік блоктың коорпусын
ашыңыз, сөйтіп тұрмыстық шаңсорғышты пайдаланып, шаңды алып
тастаңыз. Арнайы салфеткамен жүйелік блоктың сырт жағындағы кір
мен шаңды сүртіңіз;
■
цифрлық камералар мен фотоаппараттар —
арнайы құралдарды
пайдалана отырып, линзаларды кірден тазартуды жүргізіңіз. Арнайы
құралдарды пайдаланып, камераның сырт жағындағы кір мен шаңды
сүртіңіз;
■
сканер, принтер және басқа құрылғылар — осы үшін арналған арнайы
құралдарды пайдалана отырып, құрылғыларды шаңнан тазартыңыз.
2.
Плакаттарды (немесе бюллетеньдерді) жасаңыз және ресімдеңіз
■
«Жүйелік блокты орнату және пайдалану ережелері»;
■
«Мониторларды орнату және пайдалану ережелері»;
■
«Цифрлық камераларды пайдалану ережелері»;
■
«Түрлі ақпарат тасымалдаушыларды пайдалану және
сақтау ережелері
VІІІ ТАРАУ
1.
Сіздің қызметкеріңіз талып қалғанын елестетіңіз. Өз әрекеттеріңізді
сипаттаңыз.
2.
Сіздің досыңыздың мұрынынан қан кетіп жатқанын елестетіңіз. Сіз
оған қандай көмек көрсете аласыз?
3.
Сіз қоғамдық орындамын және өтіп бара жатқан адамның құлап
қалғанына куә болдым деп елестетіңіз. Сіз оған қандай көмек көрсете
аласыз?