Оқулық-әдістемелік бағдарлама. Семей, 2007ж



бет10/14
Дата04.10.2019
өлшемі1,16 Mb.
#49196
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
казирги кезен

Елімізде болып жатқан іргелі-іргелі өзгерістер мен қайта жаңғырулар оның білім мен тәрбие беру жүйесіне де түбірлі өзгерістер мен мақсаттар әкелді. Ұлттық білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін құруда айтулы жаңарулар жүріп жатыр. Білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың дүниеге келуі, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. 2000 жылғы сәуір айында Декара, Сенегада өткен бүкіл әлемдік форумда шығармашылық жеке тұлға қалыптастыру, әр баланың дарынын, талантын ашу, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың өз өмірлерін жақсартуы мен олардың қоғамда өз орнын табуына ықпал ету мәселелері сөз болды. Бұл маңызды талаптар мен міндеттерден Егеменді еліміздің білім беру жүйесі, мектептері мен мұғалімдері тыс қалмақ емес. "Ұлттық курикулизм" деп аталатын жаңа мазмұнды құжаттың басты бағыты бүкіл әлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат еткен, мектеп-ұстаз-шәкірт-оқулық мәселелерін тұтас жүйе ретінде қарастырған. Президент Н.Ә.Назарбаев Білім, ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот-азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы», - деген болатын [3].


Елімізде білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда болашақтағы білім берудің мақсаттары мен міндеттері төмендегідей тұжырымдалған:

«Внедрение новых педагогических, информационных и здоровье сберегающих технологий обучения;

Создание системы внешней текущей и итоговой оценки учебных достижений обучающихся;

Изменение принципов организации обучения и роли ученика в нем от пассивного "получателя" знаний, умений, навыков к активному субьекту познавательного процесса;

Учебный процесс будет направлен на:

Формирование потребности и умения самостоятельно добывать и применять знания на практике, целенаправленное и систематическое приобщение к научным способам познания;

Развитие ученика как личности и субьекта деятельности, формирование ценностных жизненных ориентиров;

Воспитание уважения к национальной культуре и формирование открытости по отношению к другим культурным истоком» [4, 7-8].

Мемлекеттік бағдарлама тұжырымдары тікелей қазақ тілін оқыту, ондағы тіл дамыту үрдісіндегі жаңа мақсаттарды да айқындайды. Дәстүрлі оқытудағыдай өнімсіз әдіс-тәсілдер орнына оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыра отырып, олардың білімді өз ізденістері арқылы алуын, өзін-өзі оқытуын ұйымдастыруды алдыға қояды.

«Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында»: ...жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту; [5, 8].

-Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»,- [5, 12] дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды.

Мемлекеттік құжаттар, ғалымдар еңбегіне сүйене отырып, бүгінгі білім беру үрдісінің алдындағы басты мақсаттар мен міндеттерді төмендегідей тұжырымдауға болады:

-білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беру;

- дарын көзін ашу. Оқушылардың дарыны, қабілеттерін дамыту;

- оқушыға субъект ретінде қарым-қатынас жасай отырып, оны жан-жақты жетілдіру;

- оның «Мен» менталитетін қалыптастыру;

- оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін тани білу, сыртқа шығуына түрткі жасау;

- оқушының өзін-өзі тануы мен өзін-өзі танытуына ықпал ету, жағдай туғызу;

- барлық жағынан олардың когнитивтік іс-әрекетін белсендіре отырып, білімді өз ізденісі, өз еңбектері арқылы алуды ұйымдастыру;

- терең білімді, тәрбиелі, рухани бай, ұлтжанды, халқының үлгі әдет-салтын құрметтеуші жеке тұлға қалыптастыру;

- туған тілін терең меңгерген, тілі дамыған, сондай-ақ шет ел тілдерін де игерген жан-жақты білімді өнерпаз тәрбиелейді.

Жеке тұлғаға қарай білім мен тәрбие үрдістерін жүргізу әлемдік педагогика алдында да тұрған мақсат екенін Г.Н. Селевконың зерттеулерінен айқын көруге болады. Ғалым жеке тұлға туралы төмендегідей анықтама береді: «Личность - это психическая духовная сущность человека, выступающая в разнобразных обобщенных системах качеств» [6].

Білім беру жүйесіндегі осындай түбірлі жаңғырулар ескірген әдіс-тәсілдер емес, жаңа инновациялық технологияны меңгеру, содан іздену арқылы жүзеге асады.

Білім беру ж‰йесіндегі осы т‰бірлі жањѓырулар тыњ жолдарды іздеу маќсатын алдыѓа єкелді. Инновациялыќ технологиядан іздену – ќазіргі оќыту ‰рдісініњ басты маќсаты. Инновациялыќ технология туралы В.Н.Кан-Калик, Ф.Н.Гоноболин,М.В.Кларин, Л.М.Фридман, Л.С.Выготский, П.И.Пидкасистый, В.Монахов, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Ю.К.Бабанский, М.М.Поташник, В.П.Беспалько, С.А.Смирнов, К.Ангеловский, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, С.Н.Данакин, Ќ.Ќ.Ќабдыќайыров, Ш.Т.Таубаева, Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Єбішов, К.С.Ќ±дайбергенева, Б.Єбдікєрім±лы, Ж. А. Қараев сынды ѓалымдардың ізденістері баршылыќ. Латын тілінен аударѓанда «жањадан бастау», «жањарту», «µзгерту» деген маѓынаны білдіретін педагогикалыќ инновацияныњ басты белгілерін былай т±жырымдауѓа болады:

- оќыту ‰рдісінде ж‰зеге асатын келелі педагогикалыќ мєселені шешуге баѓытталады;

- педагогикалыќ жањаландыру б±л мєселелердіњ жања шешімін ±станады;

- педагогикалыќ жањаландыру – жања нєтижелерге, педагогикалыќ ‰рдістердіњ жањѓыруына ќол жеткізеді.

Инновация туралы Отандық, әлемдік ғалымдар пікірі қазақ тілін оқыту, тіл дамыту үрдісінде жинақталған әдіс-тәсілдерді жаңалауды, оның тың жолдарынан ізденуді, білім беруді мүлде жаңаландыру, жандандырудың негізгі жолдарына бағыт береді.

«Технология» грек сөзі. Техно – өнерпаздық, шеберлік, logos – ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымға келіп саяды. Ғалымдар оның өндірістен келген сөз екенін айтады. «Технология» туралы қазір 300-дей анықтама бар. Мұның өзі, яғни, ғалымдардың бір пікірге келе алмауы, ұстаздар қауымына кейбір түсінбеушілікті әкеліп, оның тәжірибеде кеңінен қанат жаюына ықпалын тигізуде.

Технология тарихы туралы Б.Єбдікєрім±лы, М.Мєлібековалар былай дейді: «Алѓаш рет «педагогикалыќ технология» 20 жылдары И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, А.А.Ухтомский, С.Г.Шацкий ењбектерінде кезікті. 40-50жылдары оќыту процесіне техникалыќ ќ±ралдарды енгізе бастаѓанда, «білім технологиясы» термині пайда болды да, кейінірек єр т‰рлі техникалыќ оќыту ќ±ралдары, соныњ ішінде кино, радио, баќылау ќ±ралдары енгізіле бастаѓаннан кейін «педагогикалыќ технология» т‰сінігіне ауысты» [7, 200]

Ғалым-педагог, психологтардың пайымдауына жүгінсек, В.П.Беспалько өзінің "Слагаемые педагогической технологий" деген еңбегінде оны "Оқу-тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы" деп қарастырады [8,3]. В.П.Беспалько педагогикалық жүйені педагогикалық технология негізі деп тұжырымдайды. Педагогикалық жүйеде берілетін білім балалардың таңдайтын мамандығына бағытталынуы тиіс. Кәсіпке дайындық - тұлға дамуын жүзеге асырады. Мақсатты білім беру-технологияның басты белгілері. Ғалым диагностикалық методикаға арқа сүйейді. Оны мақсатты білім берудің көзі деп тұжырымдайды. Ол оқу-тәрбие мақсатын, бүкіл іс-әрекетті диогностикалық талаппен қоюға ерекше көңіл бөледі. Педагогикалық жүйе ретінде бір-бірімен байланысқан әдістер мен тәсілдерді, іс-әрекеттердің жеке тұлғаға бағытталуын, мақсатты, бағытты педагогикалық әсерді алады. Орыс ғалымы С.А.Смирнов өзінің «Технология как средство обучения второго поколения» еңбегінде ол сөздің өндірістен келгенін, яғни шикізатты өңдеу, жасаудың амалдары екеніне тоқталады да, оған мынадай анықтама береді:» Технология әдістер жиынтығы ғана емес, әдістер кездейсоқ таңдалынып алынған жоқ, олардың барлығы нақты өнім алудағы белгілі бір мақсатқа бағытталған» [9].

В.Шепель: «...это искусство, мастерство, умение, савокупность методов обработки, изменения состояния обьекта",-десе, С.Н.Данакин: "способ осуществления деятельности на основе ее рационального расчленения на процедуры и операции с их последующей координацией и выбором оптимальных средств и методов их выполнения»,-деп т‰сіндіреді [10, 7].

Ал ЮНЕСКО-ның анықтамасы төмендегі сипатта: «Педагогическая технология – это системный метод создания, приложения и определений всего процесса препадования и усвоения знаний с учетом технических и человеческих ресурсов и их взоимодействий, ставящий своей задачей оптимизацию форм образования» [10, 8].

Ғалымдар еңбегіне шолу жасай отырып, технология туралы олардың пікірлерін былай жинақтауға болады:


көздеген нәтиженің орындалу кепілі.

нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу

үрдісінің жобасы.

сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі.

Технология мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы,

жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік

берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы.

Білім беру стандартының негізгі талаптарына

жетудің нақты жолы.

Технология оқытуды ізгілендіруге, жеке тұлғаның еркіндігі мен таңдауы, қалауына жол ашады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім-оқушы, яғни алдыңғы орында мұғалім іс-әрекеті жетекшілік етсе, технологияда оқушы-мұғалім, яғни оқушының білімді өз іс-әрекетімен, белсенділігімен алу жүзеге асады.

Ғалымдар пікірін саралай келе, дәстүрлі оқытудағы өнімсіз іс-әрекеттер, технология талаптарына жауап бере алмайтынына көз жеткізуге болады.

Мектеп тәжірибесінде кеңінен өріс алып отырған академик В.Монаховтың технология айналасындағы ізденісі, жүйесі өзінің практикалық жағымен маңызды [11, 4]. Ғалымның оқу үрдісін ақпараттау үлгісі 5 параметрлік жолмен жасалған.



  1. Шағын мақсаттар жүйесін қоя білу;

  2. Оқушылардың іс-әрекетін диагностиканы негізге ала отырып болжау, мөлшерлеу;

  3. Үй тапсырмасын, сыныптан тыс іс-әрекеттерін мөлшерлеу;

  4. Жеке тұлғаның даму ерекшелігіне мән беру;

  5. Өңдеу, түзету, коррекциялық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру.

В.Монахов технологиясы тәжірибеде «Технологиялық карта»деп аталады [12, 4].

1 кесте — Технологиялық карта


Тақырып: Сыныбы:



Шағын мақсаттар

мерзімі

Диагностикаға негізделген талаптар

Бақылау түрлері

күні

Коррекция, түзету.

М1

М2

М3

















Үй тапсырмасы


Б1 стандарт Б2 күрделі

Б2 талабындағы Б3 тапсырмалар

тапсырмалар
Ғалымның технологиялық картасының мәні мен маңызын, тиімділігін былай түсіндіруге болады:

Біріншіден, оқу тақырыбын шағын мақсаттарға бөледі (№1, №2, №3, №4 т.с.с). Мысалы, 6-сыныптағы "Зат есім" тақырыбын меңгертуде төмендегідей үш шағын мақсат қоюға болады:

№1. Зат есім, сұрақтары, түрлері.

№2. Жасалу жолдары.

№3. Зат есімнің жалғаулары.

Тақырыпты шағын мақсаттарға бөлгенде оның оқушы міндетті түрде меңгеруі тиіс негізгі түйіні сараланып алынады. Мұғалім бір тақырыпты 2,3 не одан да көп шағын мақсаттарға бөледі. Ол тақырыптың ауыр, жеңілдігіне байланысты болып келеді.

Екіншіден, диагностиканы негізге алған шағын мақсаттар санына сай тапсырмалар мен өзіндік бақылау тексеру жұмыстары жүйеленеді (Б1, Б2, Б3 т.б).

Үшіншіден, мақсаттардың нәтижеге жетуіне кепілдік-өзіндік оқу-таным әркеттері мөлшерленеді.

Төртіншіден, үй тапсырмасы жеке тұлға мүмкіндігіне сай сараланып беріледі.

Бесіншіден, түзету, коррекция жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру көзделеді. Бұл технологиялық картаның соңғы бөлімі болып табылады. Бұл бөлікте мұғалім мынадай екі мәселеге назар аударады:



  1. Оқушыларға кездесуі мүмкін қиындықтарды болжайды, белгілейді.

2. Сол қиындықтардан шыға білудің нақты шаралары, іс-әрекеттері жасалынып, ұсынылады. Мысалы, көмек-нұсқау, әр түрлі үлгілер, сызбалар, кестелер, модельдер т.б

3. Шағын мақсаттарды белгілеуде жеке тұлға біліміндегі кемшіліктер есепке алынады, оны қайталамаудың амалдары ойластырылады. Коррекциялық іс әрекетте де оқушы-мұғалім бір-бірімен тығыз байланыстағы деңгейде жұмыс жасайды.

4. Ең негізгісі оқушы білімін стандарт талабының деңгейіне жеткізудің амалдары мен тәсілдерін жасай отырып, енді оны шығармашылық деңгей сатыларына көтерудің жолдарын іздеу, оны нақты көрсету болып табылады.

В.Монахов технологиясының оқыту, үрдісіндегі ұтымдылығының басты мақсаты білім беру іс-әрекеті диагностика мен болжамға негізделеді. Мұғалім оқушылардың тіл байлығын кемшіліктері мен жетістіктерін саралай отырып, алдына нақты мақсат қойып, оны жүйелі түрде жүзеге асырудың ұтымды әдіс-тәсілінен ізденеді. Сонымен бірге, шағын мақсаттарды жүзеге асыратын тапсырмалар жүйесін диагностиканы басшылыққа ала отырып, мөлшерлеп беруді шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамытудың басты ұстанымы етеді.



Тіл дамыту ‰рдісі ењ алдымен, шыѓармашылыќ баѓыттаѓы єр т‰рлі ж±мыстар арќылы ж‰зеге асады. В. Монахов технологиясыныњ басты маќсаты – оќушыныњ білім дењгейін шыѓармашылыќ дењгейге кµтеру болып табылады.. Білімді толық меңгерту технологиясы оқушының білім деңгейлерін шығармашылық дейіңгейге көтерілуімен түсіндіріледі. Орыс ғалымы В.П.Беспалько зерттеулерінен білім деңгейлері төмендегіше сатылана көрсетілген [8, 55].
Білімді толық меңгерту деңгейлерін төмендегі сызбадан көруге болады.

Деңгейлерді жеке-жеке қарастырып, басты белгілеріне түсінік беруге болады.

І. Оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Алдындағы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады.

ІІ. Алгоритмдік деңгейде мақсат пен шешілуге тиісті ситуация анық, оқушы бұрынғы жинақталған білімін пайдалана отырып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

ІІІ. Эвристикалық деңгейде мақсат анық болғанымен, ситуация түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұнда да бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей – өнімді деңгей деп есептеленеді.

ІV. Шығармашылық деңгейде мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны өзі анықтайды, өз бетінше жаңа дүние әкеледі.

Американдыќ ѓалымдар Дж Кэролл мен Б. Блумныњ білімді толыќ мењгерту технологиясыныњ да мањызы зор. Педагогикада бұл технологияны «Блум токсономиясы» деп те атап жүр. [13, 61] Блум токсономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Оның кестесі төмендегідей:

2-кесте — Блум токсономиясы



Маќсаттар жүйесі

Оқушылардың когнитивтік іс-әрекеті

Білім

Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері.

Түсінік

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.

Қолдану

Алған білімді қолданады

Анализ

Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады.

Синтез

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

Баға (сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды.

Блум токсономиясыныњ басты белгісі осындай жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді. Оқушы білімін шығармашылық дењгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады.

Ѓалым әдіс-тәсілдерді оқушының когнитивтік іс-әрекетіне байланысты өнімді-өнімсіз деңгей деп бөледі. Оны жоғарыдағы кескіннен де көруге болады:


  • Білім Оқушылар мұғалім жетегіне

  • Түсінік өнімсіз деңгей сүйенеді. Өздерініњ белсенділігі

  • Қолдану төмен.




  • Анализ өнімді деңгей, Білім алу оқушыныњ өз

  • Синтез яғни шығарма- іс-әрекеті, белсенділігімен

  • Баға шылық деңгей жүзеге асады.

Блум токсономиясының ұтымдылыѓы да сол, ол оқушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді. Білім мен тєрбие беру дәстүрлі оқытуда да, технологиялық оқытуда да сабақта жүзеге асады. Технологиялық сабақтардың дәстүрлі әдіс-тәсілдерімен жүретін сабаќтардан айырмашылығы мен ерекшелігін былай саралауға болады.



  1. Технологияның ең негізі – мақсаттар жүйесі, оның қорытынды нәтижесі. Маќсат – ең негізгі компонент. Ол нєтижеге жетуді айқындайды.

  2. Диагностикаға негізделген болжамды мақсаттар нақты түрде белгіленеді. Сол арқылы әдіс-тәсілдер сұрыпталынып алынады, бақылау жүргізіледі.

  3. Жоспар емес, оқу үрдісінің жобасы талап етіледі. Жоба дегеніміз – технологиялыќ карта, баѓдарлама...

  4. Мұғалім іс-єрекеті емес, оқушы іс-әрекеті алдыңғы қатарда тұрады, сол арқылы нәтижеге жету жобаланады.

  5. Оқушымен субъект ретінде қарым-қатынас жасайды.

Оның моделін төменгі кескіннен көруге болады:

Дәстүрлі оќытуда Технологиялық оқытуда




мұғалім оқу құралдары оқушы оқушы оқу құралы мұғалім

6. Технологиялық сабақтарда сабақ құрылымы, оның негізгі элементтері оқушы мен мұғалім іс-әрекетін алгоритмдеуге құрылады, сабақтың кезеңдерінде негізгі мақсаттар жүзеге асуы тиіс.

7. Сабақ – мұғалімнің жеке педагогикалық шығармашылығы. Оны жобалауда мұғалім сабаққа қойылатын талапты ескереді, басшылыққа алады, сондай-ақ өз ізденісі, мүмкіндігін пайдаланады. Сабақтарда мына негізгі талаптар ескеріледі:

- мақсаттар жиынтығы;

- дидактикалық міндет, мақсаттарды түгел орындау, жүзеге асыру;

- сабақтың ғылымилығы;

- пәнаралық байланыс;

- проблема қоя білу, оны шешу (сабақта туатын проблема);

- оқушылардың танымы, ойлау белсенділігі, қабілеті, дарынын дамыту;

- оқушылардың жеке бас ерекшелігін ескеру, сол арқылы дербес қарым-қатынас жасау;

- оқу жабдықтарын кешенді түрде пайдалану;

- өз беттерімен орындайтын шығармашылық тапсырмаларды ұйымдастыру;

- білімді бағалау, жинақтау, коррекция жасау.

8. Технологияда сабақ мақсаты диагностикаға негізделеді.

Ал диагностикалық мақсат төмендегідей мәселелер негізінде айқындалады:



  1. Мемлекеттік стандарттағы белгіленген білім, біліктілік, іскерлік, дағды ескеріледі;

  2. Баланың әлеуметтік жағдайына диагностика жасалынады;

  3. Дарынды балалармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді;

  4. Тереңдетіліп берілетін білімдер басшылыққа алынады.

Кез келген технология жоқ жерден пайда болған, мүлде тың жаңалықтардан тұрмайды. Технологиялық жүйе, педагогика, психология ғылымының тарихындағы ізденістерді, оқыту түрлерін, жаңашыл әдіс-тәсілдерді саралай, зерделей келе жасалған.

Педагогикалық технология мектептерде, оқу орындарында жинақталған тәжірибелер, жаңашыл ұстаздардың ізденісін де өз бағытына ұстаным еткен. Оқытуда технологияландыру онымен айланысып жүрген ғалымдар ізденісімен шектелуді жоқтамайды. Оны да жетілдіріп тың зерттеулер, тәжірибелермен байытып отыруды және дамытуды қолдайды.


Оқыту технологиялары:

Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу, жетелеу мұғалімге де жаңаша ізденісті талап етеді. Инновациялық технология талаптарын терең меңгерген, зерттеуші, ізденуші, жаңашыл мұғалім ғана алдындағы шәкіртіне терең білім беріп, қабілетін, дарынын дамыта алмақ. Мұғалімдерге, әсіресе, жас мұғалімдерге көмек ретінде жоғарыдағы технология талаптары туралы сөз қозғасақ, енді оның түрлеріне түсінік беріп отырмыз. Әдебиетті құзырлылық тұрғысында оқытуда олардың тиімділігі ерекше болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет